Ежелгі дәуірдегі заңдар және сот үкімі

Мемлекеттік маңызды билік саласы — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынын төл тарихын жазу кезек күттірмейтін аса келелі мәселе, еліміздің абыройлы міндеті. Әрісі дүние жүзі, берісі өз республикамыздың заңгерлері үшін қазақ елінің әлімсақтан келе жатқан сот істері мен билер үкімін тарихи тұрғыдан танып білу — аса қажет нәрсе. Егер заң қоғамдық категорияның маңызды бір саласы ретінде заман тыныштығын, қоғам тәртібін, адам құқығын көздің қарашығындай әділ сақтайтындығын ескерсек, сот билігі мемлекетіміздің алтын арқауы екені одан сайын айшықтана түседі.

Сонау тас дәуірінен бері келе жатқан адамзаттың тіршілік түйткілдерін, қоғамдық формациялардың болмыс-бітімін сараптай қарасақ, қазақ елінің өзіне тән әдет-ғұрыптары, заң жобалары қоғам сипатына қарай дамып, өркенден отырған. Біздің дәуірге дейінгі жыл санауда және одан кейінгі дәуірлердегі, жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-бірімен етене аралас өркен жайғанын тарих теріске шығармайды. Ендеше мемлекетіміздегі үшінші билік орны, әділ сот ісінің төралқасы — Жоғарғы Соттың тарихнамасын қандай да бір тарихи датамен шектей салуға болмайды. Тарихтың тереңіне бой тартсак, қазіргі қазақ мемлекетінің ел болып еңсе котерғеи дәуірден бері қарайғы табиғи болмыс-бітімімен біте қайнасып бойына сіңгеи әдет-ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыккан зандар үлгісі халқымыздың билер үкімін биік парасатқа жеткізгенін айғақтай түседі. Бұны республикамыздағы белгілі заңгер ғалымдар да айтып келеді.

Қазақ соты тарихындағы билер үкімінің алар орны ерекше, тарихы тым тереңде. Өкінішке қарай, ол жөнінде жазылған зерттеу еңбектердің көбісі тереңге бара алмай, казақ зандарының көшбасы Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» әрі аса алмай келгені мәлім. Оның бірден бір себебі — кеңестік идеология заң орнына жүрген көне әдет-ғұрыптарды кең зерттеп, терең талдауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да, тамырын тереңнен тартатын қазақ сотының тарихы өзге жұрт үшін көмескі тартқан әдет-ғұрыптың өлшемінен өріге аса алмады. Шындығында солай ма еді? Енді осы сауалдың төңірегінде ой өрбітіп көрейік.

Өзге жұрттар секілді мыңдаған жылдар бойы қалыптаскан қазақ ұлтының мемлекеттік жүйесіндегі қоғамдық құбылыстардан туындаған заңдар өз дәуірінде халық үшін кажетінше қызмет атқарғаны күмәнсіз.

XVII ғасырдағы бірден-бір заңдар жүйесіне айналған «Жеті жарғы» — сот билігінің айнымас кодексі екені даусыз. Бірақ, бізгс жазбаша емес, ауызша жеткендіктен өзге өркениетті елдердің заңгерлері бұл маңызды құжатты кодекс ретінде қабылдай коймады. Өкінішке қарай, оны негіздеп, тайға таңба басқандай дәлелдеген кезінде ғылыми еңбек те жазылмады. Әйтпесе Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада бірнеше мәрте мемлекет құрып, бірде күшейіп, бірде әлсіреп сан ғасырға ұласқан Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлық, Қарахан, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді мемлекеттердің жүйелі заңы болмаса, Еуразияны уысында ұстап, елінің тұтастығын сақтап, даңқы әлемге жайылып, тарихта қалмас еді.

Аталған мемлекеттер туралы тарихи деректерді, жазба мұраларды ақтарып қарасаңыз үзік-үзік, там-тұмдап кезігетін заң-жарғылардың нұсқалары Қазақ елінің де өз заңы, соған бейімделген сот билігі, билер ережесі (кодекс) болғанын дәлелдей түседі.

Қытайдың «Таңнама», «Ханнама» деген тарихи жылнамасында қазак сотының ереже үлгітеріне катысты мынандай деректер бар: «… Сақ, үйсін елдерінде күннің құны бір түйе, немесе 11-12 кез мата; құлдың құны бір атан немесе бір ат болады екен… Ол елдің заңында бағып алған баланы құл етуге, сатып жіберуге, кепілге коюға болмайды. Әрі оны ауыстыратын зат құн емес, сүтақы деп аталады», — деп түсінік берілген.

Пекиндегі Ұлттык университеттің түлегі, ғалым Дүкен Мәсімхан өзінің «Ежелгі заңдар ережесі» деген мақаласында осы дерекке коса аталған тарихи жылнамадан мынандай заңдар үлгісін келтіреді: «…һүндер мен үйсіндерде ағасы өлсе оның әйелін інісі, інісі өлсе жесіріне ағасы әмеңгерлік ететін заңдары бар еді. Бұл олардың тұқым-жұрағатының құрып жоғалудың алдын алуды, сомдай-ақ, рулық түзімді қорғауды көздеген әлеуметтік заң-жарғы еді. Олардың табиғатқа табынған, жазбаша іс-қағазға бой ұрмаған бейресми заңдары болатын. Мәселен, кісі өлтіргенге тиісінше үкім шығару, айыбы үшін мал-мүлкін алу, тәнін кесу сияқты жазалары бар еді…», — деген нақты деректер келтіреді. Бұл екі мысалды автор бұдан 2 мың 200 жыл бұрын жазылған «Таңнама» мен «Ханнама» жылнамаларынан алып отыр.

Көшпелі ғұмыр кешсе де өздерінің қоғамдық өлшеміне сай жасалған заң-жарғыларын еш өзгеріссіз ұрпаққа үзбей жеткізіп отырған арғы ата-баба бекзаттығы қайран қалдырады. Жоғарыдағы келтірілген зандар үлгісінің XIX ғасырдағы билер ережесінен айнымай орын алуы, ұлтымызға тән заңдардың халық жадында мықты сақталғанын дәлелдейді. Біз қазақ сотының тарихына тән ежелгі құқықтық заңдар үлгісін екшеу үшін, мындаған жылдардың желісіндегі ұлтымыз құрамына енген мемлекстгер мен ұлыстардың үстемдік құрған кезеңдеріне шолу жасағанды жөн көрдік. Өйткені халық санасындағы «Хан болсын, ханға лайық заң болсын; би болсын, би түсетін үй болсын» дейтін сөздердің қалай болса солай айтыла салмағаны мәлім және де бұлжымас заңға, мақалға айналған бұл ойдың мағынасы теренде жатқандығы күмәнсіз. Себебі мемлекет атынан шығатын түрлі заң-жарғылар, үкімдер билер шешімімен қабылданып, хан алдында бекітілген. Сондықтан да ел билігін ұстаған билер мәртебесі халық алдында үстем болған, ғасырдан ғасырға өнеге ретінде үзілмей жалғасып отырған.

Бастау көзі сонау Ғұн, Үйсіндерден тікелей тартылатын осындай ғажап дәстүр-салтты жыл санауымыздың V ғасырындағы тарих сахнасына шыққан Түркілер өз заманында жаңаша жаңғыртып, дәуір тынысына сай қолдана білді.

Түркілердің мемлекеттік тарихы, тегі, дәстур-салты, мәдениеті туралы толымды ойлар айтқан Еуразияға даңқы жайылған Лев Гумилев «Көне Түріктер» деген көлемді еңбегінде заң орнына жүрген ережелер туралы мынандай деректерді: «…Түркілерде өте қатал, тіпті қатыгез құқық заңының өзі әйелді қолдап, қорғаған. Күйеуі бар әйелді зорлаған кісі өлім жазасына кесілген. Қыздың арына дақ салған еркек, оған дереу үйленген. Әйелді зорлау ең ауыр қылмыс — көтеріліс жасау, опасыздықпен кісі өлтіру, тұсаулы атты ұрлау сияқты жазалармен тең қаралған…» деген ереже-баптардың сорабын кемел оймен мысалға келтіріп, көне түркілер дәуіріндегі зандардың қоғамдық рөлін жоғары бағалаған. Жоғарыдағы сөзімізге арқау болып отырған екі деректі ғасырлар тоғысына салып қарасақ, қазақ зандарының әміршеңдігі жыл санаудан бұрынғы дәуірден-ақ мемлекет кажетіне жарап, әр заманда өз сипатына қарай өркендеп, молығып отырған. Бұған дәлел — осы аталған зандар ережесінің XVIII ғасырдағы Әз Тәуке ханнын Ұлы үш кеменгер -Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бимен ынтымақтаса отырып жазған «Жеті жарғыдағы» құқықтық өлшемдермен мағыналас, мәндес келуі — халқымыздың өз ұлтына тән заң Жарғылары әлімсақтан үзілмей келе жатканын танытады.

Көне түркі мемлекеті ыдырағаннан кейінгі қазіргі қазақ жерінде құрылып, ірілі-ұсақты мемлекеттер құрамына енген халқымыз барынша өзінің ата-дәстүр, әдет-ғұрып, заң-жарғыларын сақтай отырып, өзге елдің құқықтық заңдарын да қоғамдық мүддеге жарата білді. Мәселен, Түргеш, Қарлық, Қарахан мемлекеттері билік жүргізген VII, IX, X ғасырларда ислам дінінен енген шариғат заңдары қазақ әдет-ғұрыптарындағы құқықтық заңдардың құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Соның айқын дәлелі ретінде сол кездсгі халқымызға тән салттық жарғылардың кемелденуше өз заманында айтарлықтай үлес қосқан Қорқыт Қарақожаұлының мемлекет атынан шығарған заң жобаларының орны ерекше.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *