Есту және көру рецепторлары

Көру рецепторлары — таяқшалар мен құтышалар. Олар көздің торлы қабығында орналасқан. Басқа да рецепторлар сияқты олар да белгілі бір тітіркендіргіштерді қабылдайды. Таяқшалар мен құтышаларда затқа түскен сәуленің сынуынан жүйке импульсі, яғни әлсіз электр тоғы пайда болады. Жүйке импульсінің әсерінен пайда болған биохимиялық мехнизм өте күрделі болады. Бұл биохимиялық өзгеріс, жалпы алғанда, кейбір заттардың жүйке жасушаларындағы өзгерісі болып табылады. Құтышалар тәрізді таяқшаларда да арнайы зат-тар — көру пигменттері болады. Пигменттер дегенде біз белгілі бір затқа түс беретін заттар деп түсінеміз. Рецептор пигменттерінің де түсі болады, мысалы, көз қарашығының қоңыр, қара, жасыл түсті болуы. Рецептор пигментінің мәні мынада: кванттармен әсерлескеннен кейін қызыл сары түстен олар биохимиялық түске айналған. Нәтижесінде жасушаларда жүйке импульсін түзетін механизмдер пайда болды.

Таяқшалардың саны көп, олар торлы қабықшаның шет жағына орналасқан. Онда родопсин пигменті болады. Ол ақ пен қара түсті ажыратады. Сондықтан адам ымыртта немесе таңсәріде жақсы көреді. Құтышалардың саны аз. Олар торлы қабықшаның ортасында орналасқан, сары дақты түзеді. Сары дақта таяқшалар болмайды, тек құтышалар болады. Онда йодопсин пигменті болады және ол түрлі түсті ажыратады. Құтышалар тек қана жарықты жақсы қабылдайды. Родопсин биохимиялық қасиеті бойынша А дәруменіне (ретинолға) ұқсас. Сондықтан тамаққа А дәруменін көп мөлшерде пайдаланса, ымыртта жақсы көруге әсер етеді (бірақ та ұзақ мерзімді емес).

Торлы қабықшада сары дақпен қоса соқыр дақ та кездеседі. Бұл жерден көздің көру жүйкесі өтеді. Мұнда көру рецепторлары — таяқша да, құтыша да болмайды. Сондықтан осы жерге түскен бейнені көру рецепторлары қабылдамайды, яғни біз көрмейміз. Көру рецепторлары үлкен ми сыңарларының шүйде бөлігінде шоғырланып орналасқан. Дәл осы жерде көру рецепторлары талдау жасап, түстерді қабылдайды. Сол кезде біздің көзіміз заттың бейнесін көре алады.

Мида заттың бейнесі «төңкеріліп» қабылданады. Көз бұршағы арқылы заттың бейнесі «төңкеріліп», ал торлы қабықшада заттың бейнесі дұрыс қабылданады. Адам баласы туғаннан бастап және тепе-теңдік мүшесі қалыптасқанға дейін заттың бейнесін төңкерілген қалпында қабылдайды. Нәресте басын дұрыс ұстай бастаған кезден шамамен 3 айдан бастап оларда «жоғары», «төмен» деген ұғым қалыптасады. Сол кезде ми торлы қабықшада заттың бейнесін «қайта төңкеріп», әлемді дұрыс қабылдай бастайды.

Ішкі құлақтағы үлуденеде орналасқан кірпікшелі жасушаларды есту рецепторлары деп атайды. Бұл жасушаларда естумен қатар, тепе-теңдік мүшесі — вестибула аппараты да қалыптасады. Есту рецепторларындағы жүйке импульсі үлуденедегі сұйықтықтағы тербелістен пайда болады. Есімізге түсірейік, дыбыс дабыл жарғағын тітіркендіреді, ол ортанғы құлақтағы дыбыс сүйекшелерін тербелтеді, дыбыс сүйекшелері үлуденедегі доғаның мембранасын және ондағы сұйықтыққа әсер етеді. Кірпікшелі жасушалар кәдімгі механикалық рецепторлар болып табылады. Онда қысымның әсерінен емес, механикалық әсерден жүйке импульсі пайда болады. Адамның есту рецепторлары өте сезімталдығымен ерекшеленеді.

Иттердің есту қабілеті 5 еседей жоғары. Ғалымдардың айтуы бойынша иттер жаздыгүні ыстық лептің салқынға ауысуын да естиді екен. Егер де кірпікшелі жасушаларды Эйфель мұнарасы деп алатын болсақ, оның жоғары басының 12 см ауытқуы жүйке импульсін тудырар еді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *