Ертегілердің өзіндік ерекшелігі, жиналуы мен зерттелуі

Ертегілер. Ертегі – ауыз әдебиетінің көне жанры. Онда еңбекші халықтың тұрмыс- тіршілігі , әдет – ғұрпы , тарихы, мұң шері, арман — қиялы бенеленеді. Қазақ ертегілерінің жиналу зерттелу, жариялану тарихына келсек, 20 – 40 жылдары қазақ ертегілерін әсіресе, көп жинағанӘ. Диваев, С. Сейфуллин, Ө. Тұрманжановтар болды. Осылар жинаған ертегі, аңыздардың көпшілігі кейінгі шыққан ертегі жинақтарында пайдаланылады. Кейіннен ертегілерді жаңадан қарап, өздері де ертегі құрастыған С. Бегелин, С. Омаров, М. Тиесов секілді ақындар мен жазушыларды атауға болады. Сондай – ақ қазақ ертегілерін орыс тіліне Л. Мокеев, Н. Себерин, Л. Омелина, Е. Малюгин секілді орыс ғалымдары аударды. В. Сидельниковтың қазақ ертегілерін жинап бастыруда еңбегі зор. Ол үш томдық қазақ ертегілерін бастыруда еңбек сіңірді. 1956 ж. Берлинде «Алтын киіз үй » атты қазақ ертегілері жинағы неміс тілінде басылды. Осындай жинақтар болгар және чех тілдерінде де шықты. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда ертегілер жан – жақты зерттеледі. Мысалы, М. Әуезов терең зерттеді. Академик М. Ғабдуллин ертегілерге терең анықтама берді, Ысмайлов Е, Б. Кенжебаев , Смирнова, 50-60 ж ертегілерді жан – жақты талдаса , Е. Тұрсынов., Қасқабасов, Е. Костюхиндер кандидаттық диссертация қорғап, монографиялық еңбектер жазады. Қиял – ғажайып ертегілері ауыз әдебиетінің ең көне түрі болып есептеледі. Олар адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Олардағы негізгі кейіпкерлер : Ер Төстік , Ер Қосай, Кендебай , Құламерген, Аламан, Желім батыр секілді болып келеді. Олар суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін, алып күш иелері. Олар елдің қамын ойлапнеше түрлі бай бек, мола, саудагерлермен айқасып, Жалмауыз кемпір, жезтырнақ , дию , пері секілді мифологиялық образдарды жеңеді. Сондай – ақ , бұл топтағы ертегілерде Таусоғар, Көлтаусар , Желаяқ, Көріпкел , Саққұлақ секілді адамға дос кейіпкерлер мен ұшқыш кілем, ыстатас, самұрық құстар ертегінің кейіпкерлеріне қысылған шақта қол ұшын беретін бейнелербар Қиял – ғажайып ертегілеріндегі оқиғалар жақсылық пен жамандық әділдік пен зұлымдық, адалдық пен арамдық секілді қарама – қарсы күштер арасына өрбейді. Қиял – ғажайып ертегілерінің кейбіреулерінде әдеттегі өмір мен қиял дүниесі араласып жатады. Мұндағы кейіпкер қарапайым еңбек адамы болғанымен, ол айдаһар немесе самұрық құсқа кездесіп, фантазиялық істер жасайды. Қиял — ғажайып ертегілері адамзаттың ой – арманын, ізденгіш қиялын білдірген, халық сонау сәбилікдәуірде қиялмен болашаққа болжам жасаған. Хайуанаттар туралы ертегілерде елдің бақташылық тұрмыс – тіршілігі көрінеді. Оларда қойшы – малшылардың өмірі суреттеліп, өмірде болуы болуы мүмкін жайттарға қиял – ғажайып оқиғалар аралас көрсетіледі. Бұл топтағы ертегілерді : мал шаруашылығына байланысты туған ертегілер (Бозінген); хайуанаттарға байланысты туған ертегілер (сырттандар, арыстан мен түлкі , Түлкі мен ешкі , Аю қасқыр, түлкі , бөдене) деп екі топқа жіктеміз. Хайуанаттари ертегілерінде сатира сарыны да бар. Таптық қоғамда үстем тап өкілдерін әр түрлі жан- жануарлар арқылы бейнелеу болған. Бұл ертегілерде халықтың меңзеп отырған аңдар арасындағы жайлар емес,әлеуметтік теңсіздіктер деуге болады. Халық өзінің дүниетану , қоғам тіршілігіндегі , үй – тұрмысындағы іс — әрекетін , мұң – мүддесін , күрес – тартысын , талап – тілегін шыншыл ертегілерде көрсеткен. Мұндағы кейіпкерлер — күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Олардың мекені де – жер. Ал олар тартысқа түсетін жауыздық иелері хан, бай , молдалар.

Шыншыл ертегілерде «Аяз би», «Тоғыз тоқылдақ , бір шіңкілдек», «Атымтай Жомарт», «Ұр , тоқпақ» ертегілерін жатқызуға болады. Ертегілердің құрлысы : Ертегі ауызша айтуға лайықты құрылады, сөз сөйлем құрлыстары да ауызша айтуға бейім. Ертегілердің бастамасы және аяқталуы болады. Ертегі міндетті түрде жақсылықпен аяқталады. Ертегінің түп төркіні – миф болып табылады. Сондай – ақ оның негізінде аңшылар туралы әңгіме , әр түрлі кәде – ырымдар, аңыздар болады. Ертегі жанры — аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі. Оның мақсаты – тыңдаушысына үлгі — өсиет беру, эстетикалық жақтан тәрбелеу. Ертегілер шындыққа бағытталмайды, оларда әсірелеу күшті болады.

Ал ертегіні айтушы ертекші айтып отырған оқиғасын өмірде шын болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Өмірдегі бар шын нәрсені әдейі өзгертіп көрсету — ертегі жанрының өзіндік қасиеті.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *