Ерте Дүниедегі Шығыс өркениетінің экономикалық ойларының жазба түрінде бізге жеткен ескерткіштеріне «Гераклеопль патшасының өзінің ұлына үйретуі» жатады. Онда мемлекеттік басқару және шаруашылықпен айналысу өнерінің «ережелері» туралы әңгіме етіледі. (Ерте Дүниедегі Египет, б.э.д. ХХІІ ғасыр). Борышқорлық құлдық пен өсімқорлық әлемінің шектен тыс өсуі, соның кесірінен тіпті «қара халықтың да» бай болғаны, ал елде азамат соғысының басталғаны  экономикалық   ойлардың тағы бір ескерткіші «Ипусердің шешендігі» (Ерте Дүниедегі Египет, б.э.д. ХVIII ғасырдың басы) атты еңбекте сын тұрғыдан бағаланады.

Хаммурапи заңдары

 Б.э.д. ХVIII ғасырда Хаммурапи патшамен қабылданған Мессопотамия мемлекетінің Вавилония заңдар кодексі Ерте Дүниедегі Шығыстың ең елеулі экономикалық ойлар ескерткішіне жатады. Заңдар кодексінің шарттары 1902-1903 ж.ж. табылған базальтті бағананың екі жағына сына жазулы мәтінде жазылған.

… Егер бір адам біреуден жеткіншек баланы немесе құлды, немесе күмісті, немесе алтынды, немесе өгізді, немесе қойды, немесе есекті, немесе не болса соны куәларсыз немесе келісім-шартсыз сатып алса… ол адам – ұрлықшы, ол өлтірілуге тиісті.

… Егер адам өңдеу үшін жерді жалға алса және онда егін өсірмесе, оның жерде қажетті жұмыстарды орындамаған айыбын мойнына салу керек, кейін ол егін егілетін жерді қожайынына, оның көршілерінің егініне сәйкес қайтып беруге міндетті.

… Егер адам диқанға өзінің жерін жалгерлік төлем есебінен берсе және өзінің жері үшін жалгерлік төлем алса, ал кейін адам жерді бүлдірсе немесе егісті су тасқыны алып кетсе, шығын – диқанда.

… Егер адам диқанды жалдаса, ол оған 1 жылға 8 гур астық төлеуге міндетті.

… Егер адам өгізді астық тарту үшін жалдаса, оның жалдау төлемі 20 ка астық.

… Егер ол астық тарту үшін есекті жалдаса, оның жалдау құны – 10 ка астық.

… Егер адам астықты тарату үшін өгізді, арбаны және айдаушыны жалдаса, ол бір күн үшін 180 ка астық төлеуге тиісті.

… Егер адам тек ғана арбаны жалдаса, ол бір күн үшін 40 ка астық төлеуге тиісті.

… Егер адам жалдамалыны жалдаса, жылдың басынан бастап бесінші айдың аяғына дейін ол, оған әрбір күн үшін алты шеум күміс төлеуге тиісті, алтыншы айдан бастап жылдың аяғына дейін әрбір күн үшін бес шеум күміс төлеуге тиіс.

… Өсімқорлық көлемі тәртіпке келтірілуге тиісті, алғашқы сомадан ақшалай қарыздың өсім шегі 20%, ал натуралды қарыздікі – 33% аспауы керек.

Ерте Дүниедегі Қытай

 Ертедүниелік Қытайдың экономикалық және философиялық ойларының ірі тҧлғасы Конфуций (Кун Фу – Цзы, б.э.д. 551 – 479ж.ж.), оның оқушыларымен жазылып алынған «Лунь Юй» (Сҧхбаттасу және пікір алысу) болып табылады.

 Ол өзінің экономикалық көзқарастарында төмендегі мәселелерге назар аударады: ру ақсүйектерінің, барлық «жоғары тұрғандардың» экономикалық әл-ауқатын мемлекеттік қорғаудың қажеттілігін негіздеу; еңбек халықтың да және билеушінің де байлығын арттырады және «ұлы қоғамдастықтың» (шаруалар қауымының ұжымдық меншігі) және ақсүйектер әулетінің және әулетсіз құл иеленушілердің жеке меншігінің қатар өмір сүруі толығымен дәлелді; — білімді билеуші – бұл «халықтың әкесі», «дұрыс іс-әрекеттің» және байлықтың біршама тепе- тең бөлінуінің кепілі, сонымен бірге өзінің «тұтынудағы ұстамдылығына қарай да».

Ұжымдық экономикалық трактат «Гуань-Цзы» (б.э.д., V-III ғасыр)

Олардың қазіргі кезде де назар аударуға тұратын негізгі қағидалары:

  • алтын мен маржан ерекше байлық болып табылмайды, бірінші кезекте оған барлық материалдық игіліктер (тауарлар) жатады;
  • бір жағынан алтынға ақшаның рөлі беріледі, ал басқа жағынан – мемлекеттің ресурсын есептеп шығаратын шама ретінде алтын – тауар деп жарияланады;
  • экономиканың тұрақты даму қажеттілігі туралы ой толғай отырып, нанға баға реттелетін жерде, тек қана сонда «селода тыныштық орнығады» деген тұжырым жасалады;
  • экономиканы реттеп отыру үшін нанның мемлекеттік қорын жасау диқандарға жеңілдетілгенкредитті енгізу, темір мен тұзға салынатын тікелей салықтарды жанама салықтармен алмастыру, яғни салықтарды сондай тауарларды қолданумен шығарылатын өнімдерге тарату керек деп есептейді;
  • — ақсүйектер болмаса, ел табыссыз қалар еді, бірақ бәрі бірдей ақсүйек болуы мүмкін емес, онсыз «еңбек ететін ешкім болмас еді»…

    Мэн-Цзы ( Ұстаз Мэн) – ертедүниедегі Қытай философы (шамамен б.э.д., 372 – 289ж.ж.)

     Мэн-Цзы айтты: Астықты жараққа және аспапқа айырбастағанда, бұл көзешілер мен құюшыларға шығын келтірмейді. Сондай-ақ көзеші мен ұсталар жарақ пен аспапты астыққа алмастырса, бұл диқандарға шығын келтірер ме еді? Неге ұстаз Сюй көзеші және құюшы болмады, онда ол барлық қажетті заттарды өз үйінен алған болар еді? Неге ол жиі-жиі әртүрлі қолөнершілер мен айырбасқа түседі? Оны осымен байланысты әуре-сарсаң мазаламай ма?

     «Гю Юй» («Патшалық сӛздері») – б.э.д., оныншы ғасырдан бесінші ғасырға дейінгі Ертедегі Қытайдың сегіз патшалығындағы оқиғаларды айғақтайтын тарихи ескерткіш. Хуань-Гун сұрады: «Оқымысты, диқан, қолөнерші және саудагер адамдарды қалай орналастыру керек?» Гуань-Цзы жауап берді: «Ертеде ақылды билеушілер оқымысты адамдарды жырақ, қолөнершілерді – қазынаға, саудагерлерді – базарға, диқандарды – жерге жақын орналастырды». … Егер саудагерлер бәрі бірге өмір сүретін болса, онда, жылдың уақытын есепке ала отырып, нарықта сауданы қамтамасыз ету үшін, олар өздерінің тауарларын тексереді. Олар тауарларды өздеріне салып тасиды немесе бұл тауарлардың барлық жаққа таралуы үшін өгіздер мен аттарды сүйретпеге жегеді. Олар өздерінде бар заттарды, өздерінде жоқ заттарға айырбастайды, ертеңнен кешке дейін төмен баға бойынша сатып алумен, жоғары бағамен сатумен айналысады. Өздерінің балаларын және інілерін үйрете отырып, олар пайда туралы айтады және сауда да тәжірибелі болу үшін бір-біріне табыстарын көрсетеді. Олардың жүректері тыныш болады, себебі одан басқа ештеңені көрмей, олар оған ұмтылмайды да. Сондықтан әкелері мен ағаларының үйретуі табиғи болады, ал ұлдары мен інілерінің еңбексіз ілімге ұмтылысы жемісін береді. Осы себепке байланысты саудагерлердің балалары да барлық уақытта саудагер болады. Сюнь-Цзы (б.э.д., 313 – 238ж.ж.) – қытайдың аса кӛрнекті философы. Оның ілімі ертедегі Қытай философиясының алғашқы «классикалық» кезеңін аяқтайды.

  • Ван заңдары: ол салық салу ережесін қояды, істі дұрыс жүргізеді, заттарды жетілдіреді және сонымен халықты асырайды. Жер салығы жердің оннан бір бөлік астық өнімін құрайды; шекара бекеттері мен базарларда тауарларға тексеру ғана жүргізіледі, бірақ алым алынбайды; …аң аулауға тыйым салынады немесе рұқсат беріледі… және балық аулауға да… бірақ бұл кәсіптерге салық салынбайды… Жүрілген жолдың мөлшеріне қарай әртүрлі баж салығы қойылған; тауарлар мен өнімдер, нан мен күріш шектеусіз айналыста жүреді, нәтижесінде өнімдер, бір жанұяны құрай, төрт теңіздің арасында өмір сүретін адамдар сияқты әртүрлі орындардан еркін қозғала алатын болады…

Адамдардың үстінен үлкендік жасау, Ван заңдары деген осы болады. Қазірде жағдай олай болмай тұр: көбірек ақша жинақтауға ұмтыла отырып халықты мүлкінен айырады, жерден алынатын салықты көбейте отырып халықты тамақтан айырады; шекара бекеттері мен базарлардан ақылға сыйымсыз алым-салық алады және сонымен айырбасты төлейді. Ертедегі Индия 6 Ертедегі Қытай философы. Текстер жиынтығы 2 томдық, М., 1972. Т.І., 1973.Т.2. Ертедегі Индияның экономикалық ойларының лайықты ескерткіші «Артхашастра немесе саясат ғылымы» болып табылады.

Оның авторы Чандрагупт І-ші патшаның кеңесшісі, дана – брахман Каутилья. Б Ұл еңбек екі сӛзден т Ұрады: – ғылым, ілім, ғылыми туынды деген мағынаны білдіреді. Мұнда «дұрыс» экономикалық саясатты жасау және жүзеге асырудағы патшаның айрықша рөлі көрсетілген. Мемлекеттің байлығы тұрғындардың еңбегінің нәтижесінде жасалады, сондықтан оларға төленетін ақы жалпы мемлекеттік мұқтаждықтармен сәйкес келетін ирригациялық құрылыстарды қорғау, жеңілдікпен жерді пайдалану, кен көздерін игеру, кәсіпшілікті дамыту, саудагер алыпсатарлармен күрес т.с.с. мәселелерге жұмсалуға тиісті7. Сонымен бірге апат немесе тауардың сапасы нашар болған жағдайдан басқа, егер сатылған тауар сатып алған адамға берілмесе, тауардың бүлінуі ол үшін 12 пана айыппұл төленуі керек. …

Егер сатып алушы тауарды сатып алып, оны алмаса, онда ол 12 пана айыппұл төлейді (тауардың 7 Артхашастра, или наука политики – М – Л., Изд. Акад.наук СССР, 1959. бүлінуі, апат немесе тауардың сапасы нашар болған жағдайдан басқа)8. …Қозғалмайтын мүлікті сатып алуда басымдық мынадай ретпен беріледі. (1) туысқандарына, (2) көршілеріне, (3) кредиторларына. Олардан кейін сатып алу құқы басқаларына беріледі. Сыйлы отбасылар болып табылатын 40 көршісі үйдің алдында тұрып, оның сатылатыны туралы мәлімдеулері керек. Көршілердің және село басшысының қатысуымен берілген жер танабы, бақша, суландыру құрылысы, тоған немесе бассейннің қандай шегі бар екенін көрсете отырып 3 рет жариялайды: «Кім осындай бағамен сатып алғысы келеді?».

Егер ешкім қарсы болмаса, сатып алушы сатып алу құқына ие болады. Егер де сатып алушылардың бәсекелесуі нәтижесінде баға өссе, онда артығы, сатудан алынатын салықпен бірге қазынаға түседі. Бағаны көтерген тұлға да, салық төлеуге тиісті. … Егер жұмысшы ақысын алып, бірақ жұмысты орындамаса, ол 12 пана мөлшерінде айыппұл төлейді. Одан сондай айыппұл алынады, егер ол, себепсіз жұмысқа бөгет жасайтын болса; … Егер жұмыс аяқталмаған болса, онда оны орындаушы ол үшін ақысын алса, жұмыс берушінің келісімінсіз басқа жұмысқа кетуге құқы болмайды. 8 Сонда 67 бөлім, 15 тарау. 9 Сонда, 61 бөлім. 9 тарау. … Егер жұмыс, келісілген шамадан артық орындалса, онда мұны бекер жұмсалған еңбек деп есептеуге болмайды. Үйде, түнде, орманда құпия, жасырын қиянат жасауды көздейтін және құпия келісіммен жасалған келісім-шартқа тиым салынады. Осындай келісім- шартқа отыратын және мұндай іс-әрекетке түрткі болатындарға айыппұлдың төменгі түрі сахаса (96 панаға дейін) салынады.

Мұндай келісім-шарттың куәгерлерінің әрқайсысына жартылай мөлшерде айыппұл салынады. Сауданы қадағалаушының, құрылықтың немесе теңіздің өнімдері болып табылатын, құрылық немесе су жолымен жеткізілетін әртүрлі тауарлар туралы нақты мәліметі болуы керек; ол азды-көпті құнды тауарлардың бағасының айырмашылықтарын, сонымен бірге олардың үлкен немесе кішігірім өтімділігін де білуі керек. Сонымен бірге ол, тауарларды қандай мезгілде айналысқа жіберу, жинақтау, сатып алу және сатылуы туралы білуге тиісті.

Артылып қалған тауарларды сауданы қадағалаушы бір жерде ұстай тұруы және бағаны көтеруі керек. Егер бұл көтерілген баға кейін қалыпты болған жағдайда, сауданы қадағалаушы басқа бағаны қоюға тиісті. 10 Сонда, 66 бөлім. 14 тарау. 11 Сонда, 57 бөлім, 1 тарау. … Шетжерлік тауарларды көмектесу жолымен тарту керек. Теңізші-көпестерге және керуен қожайындарына олардың болашақта тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктер берілуі, алым-салықтардан босатылуы керек. Сонымен бірге шетжерлік көпестер үшін ақша істері бойынша сотқа тартуды алып тастау қажет.

Бұл тәртіп көпестерге қызмет жасайтындарға таралмайды12. Сауда орындарының қадағалаушысы алдауға жол бермес үшін салмақты өлшеу құралдарын тексеруге міндетті. … Егер біреу-міреу шамадан тыс және салмақтың өсімімен сатып алса және тап сондай азайтумен сатса, онда айыппұл екі есе мөлшерде белгіленеді (яғни 6 пана) . …

Егер біреу-міреу бір нәрсені сатуға жіберсе немесе кепілге берсе және оларды сапасының нашарлығына қарамастан сапасы жақсы деп сатса, онда бұл үшін тауардың құнының 8 есесіне тең айыппұл төлейді. … Егер саудагерлер өзара келісіп базарға шығарылатын тауарды шығаруға кедергі жасаса немесе оны тиісті бағасына сәйкес келмейтін бағамен сатса, онда ол үшін 1000 пана айыппұл төлеуге тиісті. 12 Сонда, 34 бөлім, 16 тарау. … Жергілікті жерге қарайтын тауарлардан белгіленген бағаның 5%, ал шетелдік тауарлардан 10% мөлшерінде саудагерлерге тиісті пайда қойылады.

Аристотель (б.з.д. 384-322) Антикалық кезеңнің ірі т Ұлғасы, ертедегі Грекияның философы. Ӛзінің «Никомаховой этике», «Политика» атты еңбектерінде адамзат қоғамы туралы ғылым – социологияның негізін салды. Экономикалық мазм Ұндағы кӛзқарастарында, ол бірінші рет саяси экономияның бірсыпыра категорияларын негіздей отырып, олардың арасындағы ӛзара байланысты кӛрсетті. … Шындығында қоғам екі дәрігерден құрылмайды, дегенмен дәрігерден және диқаннан, жалпы бірдей емес және тең емес адамдардан. Бірақ осындай адамдарды теңестіру қажет. Сондықтан айырбасқа түсетіннің бәрі де, қалай болса да теңесуге тиісті. Сонымен бәрі де бір ғана нәрсемен өлшенуі керек. Сонымен диқанның етікшіге қатысты болуы сияқты, етікшінің өнімі диқанның өніміне қатысты болуы үшін теңдеу табылған кезде ғана есеп айырысу орын алады. Сонымен бәрі де бір ғана нәрсемен өлшенуі керек. Бұл біреу, іс жүзінде, барлығы үшін байланыстыратын негіз болып табылатын қажеттілік. 13 Сонда, 77 бөлім, 2 тарау. Адамдардың келісімімен қажеттілікті алмастыратын құрал ретінде монета пайда болады14.

Хрематистика – бұл байлықты жинау өнері, ол саудагершілікте көрінетін болғандықтан, ешқашан да мақсатқа жетудің шегі болмайды, өйткені бұл жердегі мақсаттың өзі шегі жоқ байлық және ақшаға иелік ету. Ақша айналысымен айналысатындардың бәрі өзінің байлығын шексіз көбейтуге тырысады15. Ибн Хальдун аль Хадрами (1332-1406) Араб Шығысының кӛрнекті қайраткері, Магрибтің солтүстік африка елдерінде ӛмір сүрген және орасан қ Ұнды ғылыми м Ұралар қалдырған. Экономикалық ғылымдар үшін маңыздысы – оның «Мукаддима», яғни, «Кіріспе» атты тарихи- әлеуметтік трактаты болып табылады. Испания жерінде орасан үлкен жер телімі болған ауқатты ортадан шыққан, м Ұсылмандық Испания – Аль- Андалузияда Тунистің елшісі қызметін атқарған. Жануарлар әлемін, сонымен бірге адамзат тарихын (қоғамның алғашқы жағдайы, селолық өмір, қалалық өмір) ғылыми тұрғыдан кезең-кезеңмен дамуын дәлелдей отырып, ол бірінші рет адамзат қоғамының, прогрессивті даму заңдылығының 14 Античный способ производства в источниках. Л., 1933. Стр. 554 15 Аристотель. Политика. СПб., 1991. Стр. 25-26. теориясын негіздеді.

Ең бастысы – оның негізінде адамдардың өнімді еңбек қызметі және өндірістің дамуы, бірінші кезекте – қолөнер және диқаншылық жатыр. «Біл, адамдар өмір сүретін орта, адамдардың тіршілік ету құралдарын қалай табуынан тәуелді айырықшаланатынын». «Өмір сүру құралдары бірінші кезекте қаралады, себебі өмір сүру үшін қажетті құралдар – бұл әлдебір қажетті және табиғи, ал ғылымға ұмтылыс – өзекті немесе онша қажетті емес; шындығында табиғи өзекті еместің алдында болады».

Ол бірінші рет тауарлы өндіріс теориясының негізін салды. «Адам, күш алып және сәбилік дәрменсіздік кезеңінен өткен кезде тең бағалы айырбасты іске асыру, табыс табу үшін еңбек ете бастайды, ал кез келген табыс еңбектің құны». Ол бірінші рет құнның еңбек теориясын негіздеді. «Егер еңбектің саны өссе, онда тұрғындардың еңбегінің құнының саны да көбейеді. Біл, байлық түрінде адам пайдаланатын және сатып алатынның бәрінде, егер бұл қолөнер болса, еңбектің құнына тең бағалы».

Кейін ол тіпті сұраныс және ұсыныстың әсерімен құнның (шамасы, қоғамдық құнның) модификацияланатын жағдайларына да назар аударады. Ол кәсіпкерлік теориясының негізін салды, оны «касб» деп атады. «Касб – бұл, адам өзінің еңбегінің және өзінің қабілетінің арқасында ие болатын нәрсе. Егер касб тіршілік ету құралы ғана болып табылса және оның мөлшері тіршілік қажеттілігінен артпаса, онда ол «мааш» (қажетті өнім) деп аталады, ал бұл мөлшерден артық болса, онда «райаш», яғни, байлық болып табылады. Біз бұрын айтқандай, бұның бәрінің себебі: еңбектің көп саны… байлықтың негізі болып табылады, өйткені тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандырғаннан кейін артығы қалады». Ибн Хальдун бірінші рет меншік теориясының негізін салды. «Меншікті (оның терминологиясында «мольк», қазақша «мүлік») үш тұрғыдан қараймын: а) меншік – бұл иеленілетін нәрсенің бәрі, яғни мүліктің өзі; б) меншік – бұл, кім меншік иесі болса, соның қолындағы билік (яғни, меншік капитал ретінде); в) меншік – бұл иемденудің өзі және пайдалану, яғни «жұмыс істейтін» меншік».