Еңбек ресурстары – еңбек іс-əрекеті үшін қажетті физикалық жағынан дамыған жəне денсаулығы бар мемлекет халқының бөлігі. Еңбек іс-əрекетіне байланысты халықты үш топқа бөледі: еңбекке жарамды жасқа дейінгі, еңбекке жарамды жастағы жəне еңбекке жарамды жастан кейінгі жастағы халық.

Негізгі еңбек ресурстарының құрамына еңбекке жарамды жастағы халықты, өндірістен қол үзіп білім алушылар жəне əскерге алынғандар кіреді, тек мүгедектер мен жеңілдігі бар зейнеткерлер саналмайды.

Қосымша еңбек ресурстарына жұмыс істейтін жасөспірімдер (14-16 жас) мен жұмыс істейтін зейнеткерлер жатады.

Еңбеке жарамды жас шегі əр мемлекеттің заңымен қабылданады. Қазақстан Республикасындағы еңбекке жарамды жас: ерлер – 16-63 толық жас, əйелдер – 16-58 толық жас (іс жүзінде бұл 64 жəне 59 жасқа сəйкес). Экономикалық дамыған елдерде еңбекке жарамды жас шегі кеңірек : АҚШ-та ерлер мен əйелдер үшін бірдей – 16-65 жас, Финляндия, Жапония, Канада, Германияда – 15 жастан басталады.

Еңбек жасының жоғарғы шегі орташа өмір ұзақтығына байланысты анықталады (көптеген дамушы елдерде өмір сүру ұзақтығы еңбек жасының жоғарғы шегіне жетпейді), сонымен қатар, егде жастағы адамдарды зейнетақымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттің материалдық мүмкіндіктері есепке алынады.

1990 жылдардан бастап еңбек ресурстары санының төмендеуі болып жатыр жəне 1999 жылы ол көрсеткіш 8,4 млн. адамды немесе 14,9 млн. адамды құрайтын халықтың жалпы санының 56,2% болды. Экономикалық белсенді жəне экономикалық белсенді емес халық қатынасы 1999 жылы 84%-ке жəне 16%-ға сəйкес, бұл жағдайда экономикалық белсенді халықтың 61,2% қалалық мекенге тиесілі болды.

Жұмыспен қамтылған халықтың жеке меншік формалары бойынша бөлінуі қарқынды өзгерді. Ресми деректер бойынша 1994 жылдан бастап 5 жыл ішінде жекеменшік мекемелерде жұмыс істейтін халық саны 1,7 млн-нан (27%) 4,4 млн-ға (71%) жеткен. 1990 жылдар шегінде республика экономикасындағы бейресми сектордың рөлі артып, жеке кəсіппен айналысатын халық саны 0,5 млн. адамнан (1994 ж.) 2,7 млн. адамға дейін (1999 ж.) немесе 5 есе өсті. Ресми статистикалық мекемелер жеке кəсіппен айналысатын халық деп əдетте жеке немесе компаниялармен жұмыс істейтін жəне де тұрақты жұмысшылар жалдамайтын тұлғаларды айтады. Жеке кəсіппен айналысатын халық саны 1999 жылы 31,9% құрды. Статистикалық мекемелердің деректері бойынша бұл регламент қойылмаған жұмысшылар саны сауда, автокөлік жөндеу, ауыл шаруашылығы, көлік жəне байланыс сияқты секторларға тəн болған.

Қазақстан Республикасында болған əлеуметтік-экономикалық жəне демографиялық үдерістерге байланысты еңбек нарығы динамикалық өзгерісте болды. Қазақстандағы нарықтың қалыптасуы басқа мемлекеттерге тəн сияқты бірегей емес. Экономиканың салаларында жұмыспен қамтылудың төмендеуі, жұмыс күшінің материалдық сектордан қызмет көрсету секторына қайта бөлу, жұмыссыздықтың жылдам өсу қарқыны, мемлекеттік сектордағы жұмысшылар санының азаюы тəн болды. 1990-1999 жылдар аралығында еңбек ресурстарының 6%-ға төмендегенін көруге болады.

Еңбек нарығы жалпы жұмыссыздық деңгейі мен ресми жұмыссыздық деңгейін сипаттайды. Ресми жұмыссыздық деңгейін еңбекпен қамтамасыз ету қызметіне ресми тіркелгендер санымен анықтайды. Əдетте ол жалпы жұмыссыздық деңгейінен бірнеше есе төмен болады. Еңбек тəжірибесі жоқ жастарды жəне үлкен жастағы халықты жұмыспен қамту ең өзекті мəселелер болып отыр.

Экономикалық белсенді халық (БҰҰ енгізілген категория) қоғамдық өндіріске қатысатын жəне қатысқысы келетін халық. Яғни, бұл категорияға жұмыссыздық бойынша жəрдем ақыға өмір сүретін жұмыссыздар да жатады.

Халықтың нəтижелі толықжұмыспен қамтылуымемлекеттің экономикалық дамуына байланысты қарастырылады. Халықты нəтижелі толық жұмыспен қамту республикамыздың келешектегі ұзақ мерзімді 7 басымдығының бірі болып отыр, атап айтқанда, дамыған нарықтық экономиканың негізінде экономикалық жетістіктерге жету болып табылады. Бұл тұтастай республикаға жəне оның аймақтарына қатысты. Халықты нəтижелі толық жұмыспен қамту жəне экономикалық өсу республикамыздың жəне жеке аймақтардың дамыуының ең басты басымдық бағыттырының бірі болып отыр. Жұмыспен қамтылуды реттеу осы бағытта болуы керек.

Халықты нəтижелі толық жұмыспен қамту теориясы нарықтық жағдайда жұмыссыздықты мойындауға негізделеді. Экономистер фрикционалдық (кадрлардың ауысып отыруы) жəне құрылымдық (құрылымдық өзгерістер əсерінен жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс дисбалансының нəтижесəінде) жұмыссыздықты есептейді.

Экономиканы реформалаудың қазіргі кезеңінде жұмыссыздықтың барлық негізгі формалары тəн, бірақ олар бірқатар ерекшеліктермен айрықшалынады.

Авторлық сілтеме:
Нүсіпова Г. Н. Халықтар географиясы: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы 5 В060900 – «География», 5 В011600 – «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ұсынылады. – Алматы: «Экономика», 2011. – 214 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *