Баланың дамуына іс-əрекетінің рөлі өте зор. Ол дамудың негізі. Ісəрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері ісəрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-əрекетінің салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру əдістері мен тəсілдері жəне мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны əр түрлі іс-əрекеттерінің түрлерінен байқауға болады. Мектеп жасына дейінгі жəне кіші мектеп жасындағы балаларға тəн жəне олардың құмартып кірісетін іс-əрекетінің бір түр — ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т.б. жатады.

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын əрекеттің бірі — еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша əсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский: “Еңбек тəн мен рухани адам жаратылысының жəне жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тəнінің адамгершілігі мен ақыл — ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік арұяты, бостандығы жəне ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады” дейді. Еңбек əрекетінің психологиялық табиғатын Д.С.Макаренко былайша түсіндіреді. “Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын жəне талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбексіз тəрбиені дұрыс тəрбие деп түсінуге болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарымқатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек əректінің (жеке жəне ақыл ой) негізгі ерекшелігі — оның жоспарлылығы мен белгілі тəртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тəртібін қажет етеді.

Еңбектің қандай түрі болсада құрметті жəне қадірлі, жаман еңбек болмайды. Адам өз еңбегінің жұрқа жəне өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нəтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып қана қоймай, ол сонымен қатар творчествалы сипатта болуы қажет. Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті 2-3 жастағы балалардың шешініп, киінуінде де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй ішіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарлына жем береді т.б. Осы айтылғандардың бəрі — еңбек процесінің нақты көріністері.

Адамның мəнсіз еңбектен шаршап, оның тіршілік əректі уақытша нашарлап отыратын кездері болады. Шаршау, үлкендерге қарағанда жас өспірімдерде көбірек байқалады.Шаршау организімде əр кез пайда болып отыратын заңды психофизиологиялық құбылыс. Дұрыс ұйымдастырылған демалыстан кейін шаршау басылады да, организм тың қалпына қайта келе бастайды. Ал шаршау қайталана берсе, ол оның созылмалы түрі — қажып, болдыруға ауысуы мүмкін.

Қажу немес болдыру ми қабығының бір келкі жұмыс істеу қабілетінің бұзылуынан байқалады да, адамның көңіл-күйіне қолайсыз əсер ете бастайды. Мұндайда бас ауырады, адамда орынсыз ашушандық, əлсіздік, асқа тəбет шаппау, ұйқы бұзылу, т.б. осы секілді қолайсыз жағдайлар туындайды. Жүйке жүйесінің қажуы ақыл-ой жұмысының нəтижесін төмендетеді, адамның, оқуға ықыласы соқпай, жұмысының нəтижесін төмендетеді адамның оқуға ықыласы соқпай, оқығанын тез ұмытып қала беретін болады. (Қажу, болдыру үй жағдайының тынымсыздығынан, айналасындағылармен түсінсе алмаудан, бұларға іштей ренжіп, қайғырып қиналудан да туындайды.

Жиі шаршау – болдырудың сбъективтік көрсекткіші, бұл «Басталып келе жатқан болдырудың белгісі» дейді, А.А.Ухотомскідай (1875 – 1942 ) Сондықтан да, əрбір адам өз мүмкіндіктерін ескере отырып, шаршау мен болдыруға төтеп бере алатын жағдайларды үнемі еске алып отыруы абзал. Бұл үшін: 4) жұмыс орнының тазалығы мен жинақы болуы, оны микроклиматымен жарықтығы, ауа тазалығы тиісті гигиеналық талапқа сай келуі тиіс; 5) Əр адам өзінің жеке-дара ерекшеліктерін еске алып, түрлі жұмысқа қажетті қозғалыс-қимылдарды ретімен дұрыс пайдалануы, əсіресе, дене шынықтыру мен режимнің талаптарын қатаң сақтау қажет; 6) Орыс физиологы Н.Е. Введенский (1852 – 1922) белгіленген жұмыс қабілетін арттырудың 5 шартын сақтау, атап айтқанда: а) жұмысқа біртіндеп ену ; б) жұмыс ырғағын бұзбау, мұндағы біркелкілікті сақтау; в) іс- əрекеттің жүйелі жəне жоспарлы болуын қамтамасыз ету; г) еңбек пен демалыстың дұрыс алмасуын қадағалау; д) еңбек нəтижесінің ұнам таратқан дұрыс бағалауын үнемі еске алып отыру қажет.

Бала психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын əрекеттің бірі еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы , оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша əсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский «Еңбек тəн мен рухани адам жаратылысының жəне жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тəнінің адамгершілігімен ақыл ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар ұяты, бостандығы жəне ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» — дейді.Еңбек процессі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды икемділіктердін болын, зейінділікті, белгілі еңбек тəртəбəн қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *