• Корея территориясы — 220,8 мың км². Екі корей мемлекетінің халқы 70 млн.адамнан асады, халықтың 99%-ы корейліктер.
  • Корей Республикасы: Ресми тілі — корей тілі Астанасы — Сеул
  • Басқару формасы – президенттік республика
  • Президент — Пак Кын Хе
  • Премьер-министр — Чон Хон Вон
  • Территориясы — 99 392 км² (дүниежүзінде 107-ші).
  • Ақша бірлігі — оңтүстіккорейлік вон (KRW, код 410)

1945 жылы шілде айындағы Потсдам конференциясы барысында одақтас державалар Жапонияның соғыстан шығуын талап етті және тәуелсіз Кореяның қалпына келтірілуі туралы келіседі. Корей түбегіндегі кеңес және американ әскерлерінің әскери қимылдарын жүргізетін шекара 38-ші параллель деп белгіленеді.

1945 жылы 8 тамызда Жапониямен соғыста КСРО Қытайда, Кореяда және Тынық мұхитында ірі көлемді әскери қимылдарын бастайды. Кореядағы соғыс қимылдары қатыгездігімен ерекшеленді, және Жапонияның ресми капитуляциясынан кейін де (1945 ж. 15 тамыз) жалғасты және ауыр шығындармен қатар жүрді. Халық отаршылдық әкімшілік орнына басқарудың халық комитеттерін стихиялы түрде құра отырып, кеңес әскерлеріне көмек көрсетті. Кореяның оңтүстігіне американ әскерлерінің орналастырылуы әскери қимылдардың аяқталуынан кейін, тек 1945 жылы 3 қыркүйекте басталды.

1945 жылға қарай, төрт он жылдықтан кейін метрополия қажеттіліктерімен байланысты болған Корея айқын аймақтық экономикалық мамандандырылуға ие болды. Тау-кен және ауыр индустрияның негізгі орталықтары негізінен елдің солтүстік бөлігінде болды және әскери қимылдар барысында айтарлықтай зардап шекті. Табиғат байлықтары болмаған Кореяның оңтүстік бөлігінде ауыл шаруашылық өндірісінің және жеңіл өнеркәсіптің негізгі аудандары орналасты. Сәйкесінше онда халықтың басым бөлігі өмір сүрді (жалпы санының 2/3 бөлігі). 1945 жылы басталған Корей түбегін дербес екі мемлекетке бөлу дәстүрлі шаруашылық байланыстарының үзілуіне алып келеді.

Бастапқыда Кореяны 38-ші параллель бойынша екіге бөлу уақытша деп көрсетілді. Алайда соғыстан кейін дүниежүзін қайта құрудағы АҚШ пен КСРО-ның түрлі көзқарастары, «қырғи қабақ» соғыстың басталуы Корей түбегін ұзақ жылдар бойы екі дүниежүзілік орталықтың қарсылығында болуына және елдің екіге бөлінуінің сақталуына алып келеді.

АҚШ және КСРО арасындағы алғашқы келіспеушіліктер 1945 жылы желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен осы елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде (Ұлыбританияның қатысуымен) айқын байқалды. АҚШ Кореяға АҚШ, Англия, Қытай (гоминьдандық) және КСРО өкілдерінен БҰҰ атынан он жыл мерзімге дейін қамқоршылық орнатуды ұсынды. Кеңестік делегацияның талап етуі бойынша мерзімі бес жылға дейін қысқартылды, Уақытша корейлік демократиялық үкімет құру, және оның құрылуы үшін – Кореядағы кеңестік және американдық әскер басшыларының өкілдерінен біріккен комиссия құру туралы шешім қабылданды. Алайда біріккен комиссия жұмысы жемісті болған жоқ және 1946 жылы мамыр айында американдық делегация бастамасымен тоқтатылды. Іс жүзінде тараптар билік үшін күресте «өздерінің» саяси блоктарының дайындығын бастады.

1947 жылы АҚШ корей мәселесін БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының талқылауына шығарды. АҚШ Корея бойынша елде сайлаудың өткізілуін бақылау жүктелген БҰҰ Уақытша комиссиясын құру туралы резолюцияға қол жеткізеді.

1948 жылы мамыр айында Оңтүстік Кореяда Ұлттық жиналысқа сайлау өткізіліп, ол мемлекет атауын – Корея Республикасы (КР), конституцияны қабылдайды, Кореяның барлық территориясына КР- ның тәуелсіздігін жариялайды, және ел президенттігіне Ли Сын Манды сайлайды. Астана Сеул болып қала берді.

Бұған жауапты қадам ретінде Солтүстікте 1948 жылы тамызда Кореяның Жоғары халық жиналысына (ЖХЖ) сайлау өтеді. Оған Оңтүстік Корея халқының бірқатар өкілдерінің қатысуы жолымен жалпыкорейлік сипат берілді. ЖХЖ бірінші сессиясы сол жылдың 9 қыркүйегінде Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) құрылуы туралы жариялады, жаңа мемлекеттің астанасы Пхеньян болды. Жаңадан құрылған КХДР үкіметінің өтініші бойынша Кеңес Одағы оның территориясынан өз әскерлерін шығарды.

Әрқайсысы өзін барлық Корей территориясының заңды қожайыны деп есептеген екі Корей мемлекетінің пайда болуы олардың арасында өзара шиеленістің күшеюі үшін алғышарт қалыптастырды. Екі ел де қарулы қақтығысқа дайындалып, оңтүстік корейлік президент Ли Сын Ман бірнеше рет оның солтүстік бөлігін басып алу жолымен елді біріктіру қажеттілігі туралы ресми түрде мәлімдеді. 38-ші параллель тұрақты қарулы қақтығыстардың орны болды, тек 1949 жылы 1836 болды, оған екі тараптан да ірі әскери контингент тартылды.

Қарама-қайшылықтың кең түрде өрістеуі жағдайында 1950 жылы 25 маусымда Оңтүстік пен Солтүстік арасында қарулы шиеленіс басталды. КХДР әскери қимылдарды бірінші болып бастайды. Соғыстың үшінші күні Корейлік халықтық армия Сеулді басып алды және оңтүстікке қарай қозғалуын жалғастырды. Бұл Кореяға өз әскерлерін жіберген АҚШ-ның әскери қимылдарға араласуына алып келеді.

Әскери қимылдар ауыспалы жетістіктермен жүрді. Алғашқыда Корейлік халықтық армияға (КХА) Оңтүстік Корея территориясының 90%-дан астамын басып алуға мүмкін болды. 1950 жылы қыркүйекте АҚШ солтүстік-корейліктердің тылына ірі теңіз десантын түсіреді және іс жүзінде Солтүстік Кореяның барлық территориясын басып алып және сол жылдың қазан айында корейлік-қытайлық территорияға шыға отырып жағдайды өзгертті. Бұл соғысқа Кореяның араласуына алып келді. 1950 жылы 25 қазанда қытайлық «халықтық еріктілердің» ірі отрядтары шекараны кесіп өтті және қарсыластарға оқ жаудырды. Кореяда сонымен қатар солтүстіктіктерге әскери тәжірибелер берген кеңестік әскери кеңесшілер болды.

1950 жылдың аяғында американдық-оңтүстік корейлік әскерлер 38-ші параллельге шегінді, кейіннен бұл жерде қантөгісті позициялық соғыс жүрді. Кейінгі әскери қимылдар үлкен күш және техника шығынына қарамастан екі тарап үшін де шешуші қорытындыға келу мүмкін емес екендігін көрсетті. 1953 жылы 27 шілдеде Кореяда үш жылдық қарулы қақтығысты аяқтаған бейбітшілік туралы келісімге қол қойылады. Түбек территориясында қытайлық және американдық әскерлер қалды.

1952 жылы тамызда Ли Сын Ман КР-ның президенті болып қайтадан сайланды, оған белгілі бір деңгейде өзінің Чаюдан (Либералдық партиясын) құруы да ықпал етті. 1954 жылы қарашада Ли Сын Ман оған президент ретінде шексіз билікті берген конституцияға жаңа түзетулер енгізді. Мемлекет қауіпсіздігі туралы заңдар енгізілді, саяси партияларды тіркеу, баспасөзді реттеу, демонстрацияларды өткізу үшін бақылау жүргізілді.

Бұл әрекеттер әскери қиратулар және түбектің солтүстігімен дәстүрлі шаруашылық байланыстардың үзілуінен туындаған елдегі терең экономикалық дағдарыстар жағдайында жүрді. 1950 жылы Ли Сын Ман үкіметі жер реформасын жүзеге асыра бастады: шаруалар арасында өзара бөлінген артық жерлер помещиктерден сатып алынды (3 мың га астам). Жерді 900 мыңға жуық шаруа шаруашылықтары алды.

1955 жылы қазан айында келіспеушілік саясаты толқынында ірі оппозициялық Демократиялық партия (Минчжудан) пайда болды, оның ізімен тағы бірнеше партия қалыптасты. Олардың мақсаты 1956 жылғы президент сайлауына қатысу болды, алайда терең дағдарысты атмосфера жағдайында олар Ли Сын Манның кезекті жеңісіне тиімді қарсы тұра алмады. 19 сәуірде Сеулде сайлау қорытындыларының қайта қаралуын талап еткен ұрандармен жаппай демонстрациялар өтті, олардың негізгі қатысушылары көптеген оқу орындарының студенттері болды. Ли Сын Ман қарсылықты күшпен басуға тырысты және Сеулге демонстранттарға оқ атқан әскерлерді кіргізді. Алайда бұл қадам енді тікелей президентке қарсы бағытталған ереуілдердің кеңеюіне алып келді. Бұл жолы армия қару қолданудан бас тартты, қала іс жүзінде көтерілісшілердің билігіне көшті. Парламенттің төтенше отырысында президенттің отставкаға кетуі және жаңа сайлау өткізу туралы резолюция қабылданды. 27 сәуірде Ли Сын Ман биліктен бас тартатындығы туралы өтінішке қол қойды және елді тастап кетті. Бұл оқиғалар КР-ның тарихына «сәуір революциясы» ретінде енді.

«Сәуір революциясының» нәтижесінде өтпелі үкімет ұйымдас- тырылды, ал 1960 жылы маусымда парламент конституцияға түзетулер бекітті. Сайлауда Минчжудан жеңіске жетті, бұрынғы оппозицияның көрнекті қайраткері Юн Бо Сон президент болды, Чан Мен премьер-министр болды. 1960 жылы 1 қазанда Екінші республика жарияланды.

Алайда билікке келгеннен кейін Минчжудан оппозицияда болған жылдары жинаған өзінің ықпалынан айырыла бастады. Елдегі экономикалық жағдай ауыр болып қала берді, жұмыссыздық азайған жоқ. 1961 жылы ақпанда Чан Мен үкіметі американдықтарға КР-ның ішкі істеріне араласуға мүмкіндік берген АҚШ-мен экономикалық келісімге қол қойды.

Осындай жағдайда басында генерал-майор Пак Чжон Хи болған офицерлер тобы әскери төңкеріс жоспарын құрды. Ол президент Юн Бо Сон және АҚШ өкілдері назарынан тыс, бірқатар ірі жергілікті бизнесмендердің қаржылық қолдауымен дайындалды. Бас көтеру 1961 жылы мамырдың 15-нен 16-на қараған түні болды, үкімет әскерлері бүлікшілерге қарсылық көрсетпеді. Мемлекеттік реконструкциялаудың жоғары кеңесі (МРЖК) құрылды, ол төтенше жағдай енгізді, Ұлттық жиналысты, партияларды және қоғамдық ұйымдарды таратты, митингтер және демонстрациялар өткізуге тиым салды, көптеген баспасөзді жапты. Премьер-министр Чан Мен биліктен өзінің бас тартатындығы туралы ресми мәлімдеді.

1961 жылы 6 маусымда конституцияны алмастырған мемлекетті реконструкциялау бойынша төтенше шаралар туралы заң жарияланды. Барлық билікті толықтай қолына алған МРЖК басқарудың жоғары органы ретінде анықталды. Әскери режимнің негізгі соққысы КХДР-мен келіссөздер және байланыстың басқа да формаларын жақтаушыларға бағытталды. Олардың неғұрлым көрнекті өкілдері атылды немесе жай ғана өлтірілді, қалғандары ұзақ жылдарға түрмеге қамалды (түрмеде 20 мыңнан астам адам болды). Өз биліктерін легализациялауға дайындалған әскерилер 1962 жылы наурызда бұрын өмір сүрген партия және қоғамдық ұйымдар мүшелеріне саясатпен айналысуға тиым салған саяси қызметті реттеу туралы заң шығарды. «Қара тізімге» Оңтүстік Кореяның барлық дерлік алдыңғы қатарлы саясаткерлері енді.

Жаңа президент сайлауына дайындалған әскерилер 1962 жылы желтоқсанда президенттің жеке билік режимін күшейткен жаңа конститутция бойынша референдум өткізді. Ол көптеген артықшылықтарға ие болды – премьер кабинетін тағайындау, келіссөздер жасау және ратификациялау, соғыс жариялау және келісім жасау, бас қолбасшы болу және т.б. Президент төрт жыл мерзімге мүшесі болып табылатын саяси партиялардан ұсынылған үміткерлер қатарынан сайланды.

Сайлауға қатысу үшін әскерилер 1963 жылы ақпан айында Демократиялық республикалық партияны (ДРП) құрады, ол тамыз айында өзінің үміткері ретінде әскери қызметтен кеткен Пак Чжон Хиды атады. Демократиялық басқару партиясы (ДБП) өз үміткері ретінде Юн Бо Сонды ұсынды. 1963 жылғы қазан айындағы сайлауда негізгі күрес солардың арасында жүрді (неғұрлым ұсақ партиялардан да үміткерлер ұсынылды), сайлауда аз ғана басымдықпен Пак Чжон Хи жеңіске жетті. 1963 жылы қараша айында Ұлттық жиналысқа сайлау өтті, онда басым орынды билеуші ДРП иеленді, 17 желтоқсанда елді ресми түрде конституциялық басқару формасына қайта оралтқан Үшінші республиканы жариялау салтанаты өтті.

Үшінші республика көсемдері негізінен армиялық оқудан өткен, ұлтшылдық және антикоммунизм идеяларын басшылыққа алған тұлғалар болды. Олар тек жай ғана «тәртіпке келтіруді» ғана емес, сонымен бірге КР-ның экономикалық артта қалушылығын жоюды өздеріне мақсат етіп қойды. Оңтүстіккорейлік қоғамның әлеуметтік құрылымын есепке ала отырып, алғашқыда мемлекет негізгі назарын аграрлық секторға аударды. Ол шаруа шаруашылықтарына төмен пайызды несиелер бере бара бастады. Оларды алу тәртібін жеңілдетті, шаруалардың қарыздық міндеттерінің бір бөлігін өздеріне алды. Бұл шаралар Пак Чжон Хидың танымалдылығын арттырды және оның сайлау кампаниясына жетістіктерді қамтамасыз етті, бірақ жалпы алғанда экономикалық жағдайды айтарлықтай жақсартқан жоқ. Тек 1960 жылдардың ортасынан бастап КР үкіметі оған жетістіктер әкелген «экспорт арқылы индустриализация» саясатына көшті, экспорт өндірісін дамыту, коммерциялық займдар және инвести- циялар түріндегі шетелдік капиталды тарту үшін арнайы шаралар қолданды.

КР-ның экономикалық дамуы үшін Жапониямен қатынасының реттелуінің (1965 ж.) зор маңызы болды, оның талаптары бойынша Токио отаршылдық режиммен келтірілген шығындар үшін компенсация, сондай-ақ жеңілдікті несие түрінде Сеулге ірі көлемді сумма төледі.

1960 ж.ж. ортасынан бастап Оңтүстік Корея өзінің экономи- калық дамуында алдымен жеңіл, кейіннен ауыр индустрияны кеңейту есебінен үлкен секіріс жасайды. Біртіндеп қаланың барлық жаңа жұмыс күшін ұсынған ауыл тұрғындарының ағылуы есебінен әлеуметтік құрылымы өзгереді.

Әлеуметтік-экономикалық саладағы оң өзгерістер билеуші режимнің позициясын нығайтты. 1967 жылы Президент (мамыр) және Ұлттық жиналыс (маусым) сайлауында Пак Чжон Хи сол жылы ақпан айында құрылған Жаңа демократиялық партия (ЖДП) өкілі Юн Бо Соннан айқын басымдықпен асып түседі, ал билеуші ДРП парламенттегі 175 орынның 127-сін иеленеді. Алайда 1962 жылғы конституция президенттік қызметті қатарынан екі мерзімнен артық иеленбеуге мүмкіндік берді, осыған байланысты Пак Чжон Хи конституцияны қайта қарау кампаниясын жүргізді. Бұл жоспар өзіндік саяси амбициялары болған Пак жақтастары лагерінде де қарама-қарсы әрекет туғызды, алайда фракциялық күрестен кейін ДРП қатарында тәртіп қалпына келтірілді және парламентте көпшілікке ие бола отырып, ол 1969 жылы президент қызметін қатарынан үш мерзімге иеленуге мүмкіндік берген конституцияға түзету енгізуді қамтамсыз етті.

1970 ж.ж. басында дүниежүзілік шаруашылықты қамтыған экономикалық дағдарыс Оңтүстік Кореяда өткір сезілді, өйткені «дамудың экспорттық моделі» оның халықаралық шаруашылық байланыстар жүйесіне терең тартылуына алып келді. Экономикалық қиындықтар ішкі саяси жағдайдың шиеленісуіне алып келді, осындай жағдайда парламенттегі абсолюттік басымдықтан ДРП-ны шектеген ЖДП өз позициясын айтарлықтай нығайтты, ал оның жаңа көсемі Ким Дэ Чжун кезекті президент сайлауында (сәуір 1971 ж.) Пак Чжон Хиге күрделі бақталас болды. Бұдан басқа, 1970-1971 ж.ж. студенттік үкіметке қарсы бой көтерулердің өсуі байқалды.

Үкіметке қарсы көзқарастың өсуін азайту үшін Пак Чжон Хи танымал топ өкілдеріне КХДР-мен байланыстарын жандандыру идеясымен шықты. 1971 жылы тамыз айында Солтүстікпен басталған келіссөздер де олар «ұлттық қауіпсіздік» мақсатын енгізу үшін кезекті төтенше жағдай ретінді пайдаланылды (1971 ж. желтоқсан). Бұған қоса әрекет етуші конституция ережелері бұзылды. ДРП фракциясы парламентте оппозициялық фракция жоқ кезінде 26 желтоқсанда төтенше жағдай кезінде президент өкілеттілігін кеңейткен ерекше заң жобасын қабылдады. Бірмезгілде үкіметтік саяси сарапшылар тобы құпиялылық жағдайында кезекті конституцияны қайта қарауды дайындай бастады.

1972 жылы 17 қазанда Сеул көшелеріне коммуникация орталықтарын, университет, оппозициялық партия штаб-пәтерлерін иеленген танктер мен әскерлер кенеттен енгізілді. Радио арқылы Пак Чжон Хи әскери жағдайдың енгізілгендігі және төмендегідей шаралардың қолданылғандығы туралы хабарлады: Ұлттық жиналыс таратылды, саяси партиялар қызметіне тиым салынды, конституция қызметі тоқтатылды, ал президент бірмезгілде ұлттық референдуммен қолдау табуы тиіс болған жаңа конституцияны дайындау үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Әскери жағдайдың басқол- басшысы қосымша шектеулер енгізді, олар университеттердің жабылуын және ешқандай санкциясыз тұтқындау өткізуді біріктірді.

Осындай жағдайда референдум жай ғана формалдылық болды және 1972 жылы 21 қарашада Төртінші республиканың басталуын білдіріп күшіне енді. Жаңа конституция ашық түрде антидемок- ратиялық сипатқа ие болды және азаматтардың еркіндігін шектеуге мүмкіндік берген бірқатар ережелерді біріктірді. Енді алты жылға кез-келген мерзімге сайланған президент іс жүзінде шексіз өкілеттіліктер алды.

1972 жылы 23 желтоқсанда қандай да бір қарсылықсыз Пак Чжон Хи президент болды. Оның кейінгі басқаруы айқын ерекшеленген авторитарлық сипатқа ие болды және басқаша ойлаушыларды жаппай басуға, «ұлттық дәстүрлермен» сәйкес азаматтардың жеке өмірін реттеуге бағытталды. Бұл үшін, әсіресе, 1971 жылы құрылған «жаңа ауыл үшін қозғалыс» («сэ маыль ундон») жанданды, оның шеңберінде ауыл шаруашылығына және тұрмысқа ғылыми-техникалық революция жетістіктерін енгізумен ауылдардың қайта құрылуы жүргізіліп ғана қойған жоқ, сонымен бірге көптеген арнайы орталықтарда Пак Чжон Хи еңбектерінің негізінде халықты идеялық өңдеу жүргізілді. 1974 жылдан бастап бұл қозғалыс, президентпен «корейлік демократияландыру бесігі» аталған, қала халқына да таратылды, мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытыла бастады. 1971 жылдан бастап 1979 жылға дейінгі аралықта «сэ маыль» орталықтарында ел халқының барлық ересек тобы дерлік дайындықтан өтті.

1976 жылы 1 наурызда бұрынғы президент Юн Бо Сон, оппозицияның көрнекті өкілі Ким Дэ Чжун және оның 12 жақтасы жариялы түрде диктаторлық басқаруға қарсы бағытталған құжатты оқыды. Олардың барлығы бұл үшін түрмеге қамалды. Алайда үкіметтің осы және басқа да реакцияны күшейту бойынша акциялары демократиялық еркіндікті қалпына келтіру талаптарын күшейте берді. Студенттік бас көтерулермен қатар ұзақ уақыт бойы өздерінің кәсіби қызығушылықтарын қорғау мүмкіндігінен айырылған жұмысшылар белсенділігі артты. Кәсіпорындарда ереуілдер саны артты, олар көбінесе саяси ұрандармен өтті. Жетекшілігінде жаңа көсем Ким Ен Сам ерекшеленген ЖДП өзінің қызметін жандандырды. Біртіндеп саясаткерлердің, кәсіпкерлердің, діни қайраткерлердің, интелли- генция өкілдерінің және студенттердің бір бөлігін біріктірген оппозициялық күштердің кең блогы қалыптаса бастады. Билік үшін айқын дағдарыс пісіп-жетілді, бірақ кенеттен 1979 жылы 26 қазанда Пак Чжон Хи өз қаруынан бүлікшілермен өлтірілді.

Тез арада төтенше әскери жағдай енгізілді және елдегі жағдайды бұрын байқалмаған басында генерал-майор Чон Ду Хван болған әскерилер тобы бақылай бастады. Ол негізінен Оңтүстік Вьетнамда бірге соғысқан офицерлерге және әскери академияда бірге оқыған топтастарына арқа сүйеді. Оның ең жақын жақтастарының бірі генерал-майор Ро Дэ У болды.

1979 жылдың желтоқсанынан 1981 жылдың ақпанына дейін созылған өтпелі кезеңде Чон Ду Хван барлық билік қолына көшкен ұлттық қауіпсіздік бойынша Комитетті басқарды. 1981 жылғы ақпан айына жаңа президент сайлауы белгіленді, онда Чон Ду Хван еш қиындықсыз жеңіске жетті, өйткені әскери жағдайдың жойылғанына қарамастан саяси қызметтен 500-ден астам неғұрлым көрнекті қайраткерлер шеттетілді. Парламентте жетекші позицияны (жартысынан астам орынды) сол жылдың қаңтар айында құрылған үкіметтік Әділет Демократиялық партиясы (ӘДП) иеленді, қалған орындарды ӘДП-мен бірмезгілде қатар құрылған оппозициялық Корей демократиялық партиясы және Корей Ұлттық партиясы бөлісті. Бесінші Республика режимінің кезеңі басталды.

Чон Ду Хван президенттігінің кезеңі өнеркәсіпте және сыртқы саудада маңызды құрылымдық өзгерістермен қатар жүрген КР-ы экономикасының өсуі жалғасты. 1983 жылға қарай ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) көлемі 75 млрд. АҚШ долларына жетті, ал жан басына шаққанда – 1875 доллар. Өндірістің өсуі жыл сайын орташа 8,5%-ы құрады. Тауар шығаруда техникалық күрделі өнімдер үлесі күрт өсті, негізінен ауыр индустрия өнімдері. Оңтүстік Корея ауыр жүкті кемелер, электроника және электротехниканың, автомобильдердің танымал экспорттаушысы болды, көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша Азияда екінші орынды (Жапониядан кейін) иеленді. Кореяны «кішкентай Жапония», Сингапур, Тайвань және Гонконгпен қатар «жаңа индустриалды елдердің» төрт аждаһаларының бірі ретінде атай бастады.

Корей Республикасының жетістіктерін мойындау ретінде 1981 жылы қыркүйекте Сеул 1988 жылы жазғы Олимпиадалық өткізу орны ретінде таңдап алынды.

Осындай жетістіктер жағдайында ішкі саяси жағдай да біртіндеп реттеле бастады. 1985 жылға қарай көпшілік оппозициялық саясаткерлерге өз қызметін жандандыруға рұқсат берілді, ал жылдың басында 1980 жылы елден қуылған Ким Дэ Чжун оралды. Ол және Ким Ен Сам саяси белсенділікке шектеуден босатылды. Біртіндеп демократияландыру үрдісі билеуші лагерьдің және оппозицияның 1986 жылы мамырда конституцияға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы келісімге келуінен көрінді.

Соған қарамастан келіспеушіліктер әлі де сақталды және президент сайлауының және саяси партиялардың өз жақтастарын мобилизациялау мерзімінің жақындауымен шиеленісе түсті. 1987 жылы 13 сәуірдегі Чон Ду Хванның конституцияға тек Олимпиадалық ойындар өткеннен кейін ғана өзгерістер енгізу ниеті туралы мәлімдемесі қоғамда тез арада өзгеріс енгізу жағдайында серпіліс туғызды. Бұл шешімге қарсы оппозициялық партиялар маусым айында жаппай демонстрацияларға ұласқан бірқатар бас көтерулер ұйымдастырды. Жағдай Әділет демократиялық партия- сының төрағасы және оның президенттікке үміткері Ро Дэ Удың 29 шілдеде қоғамды демократияландыру туралы декларациясымен тыныштандырылды.

Декларацияда жақын арада оппозициямен келісімділікте тура презизиденттік сайлау ұйымдастыру, сондай-ақ сайлау заңына өзгерістер енгізу мақсатымен конституцияны қайта қарауға шақырған ұсыныстар болды.

Ро Дэ У ұсынысы оның жүзеге асырылуы президенттікке олардың мүмкіндіктерін арттырады деп есептеген оппозиция көсемдерінен қолдау тапты. Ол сонымен қатар әлеуметтік бейбітшілік үшін өзінің алдыңғы мәлімдемелерін өзгерткен Чон Ду Хваннан да қолдау тапты. Жаңа конституция ұлттық референдумда 1987 жылы 27 қазанда қабылданды. Ол президенттік мерзімін бес жылмен шектеді және төтенше шараларды қолдануға оның құқықтарын тарылтты. Ұлттық жиналыс өкілеттілігі күшейтілді және енді неғұрлым тәуелсіз болған судьялар статусы нығайтылды.

1987 жылы 16 желтоқсанда президент сайлауы өтті, онда Ро Дэ У жеңіске жетті. Алғаш рет Корей Республикасының тарихында билікті беру бейбіт жолмен өтті, Алтыншы республиканың билігі басталды.

Президент ретінде Ро Дэ У қоғамды тұрақтандыру және демократияландыру, әскерилердің саясатқа ықпалын азайту, елдің халықаралық беделін көтеру үшін айтарлықтай күш салды.

1988 жылы КР-да жазғы Олимпиадалық ойындар сәтті өтті. Социалистік елдермен орын алған көптеген байланыстар олармен дипломатиялық қатынастар орнатуды дайындауға мүмкіндік берді. Бұл Ро Дэ У жетекшілігімен дайындалған, үш кезеңді қарастырған

«солтүстік саясат» бағдарламасына сәйкес жасалды: социалистік лагерь елдерімен дипломатиялық байланыстар орнату және қатынастарын реттеу, кейін – КСРО-мен және Қытаймен, Кореяның бірігуі үшін жағдай жасауды дайындау. КХДР-ның қарсылығына қарамастан, бірінші болып КР-мен дипломатиялық қатынасты Венгрия, кейіннен біртіндеп Шығыс Европаның басқа да елдері, Вьетнам және Моңғолия орнатты, ал 1990 жылы – Кеңес Одағы (Қытай КР-мен дипломатиялық қатынасын 1992 жылы орнатты). Сеулді социалистік елдердің мойындауы оған БҰҰ-на жол ашты, оған КР-сы КХДР-мен бірмезгілде 1990 жылы қыркүйекте қабылданды.

КР-ның сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктерінің салдары ретінде түрлі саяси күштер арасындағы қарама-қайшылықтар саласындағы тарылу жүрді. Бұл президент Ро Дэ Уға бірқатар шаралар мен келіссөздерден кейін жаңа қуатты билеуші партияны құруға мүмкіндік берді. 1991 жылы қаңтарда Демократиялық либералдық партияның (ДЛП) құрылғандығы туралы жарияланды, оған фракция құқығында ӘДП, Ким Чжон Пхил құрған жаңа демократиялық республикалық партия және Ким Ен Самның республикалық демократиялық партиясы кірді. ДЛП парламентте басым дауысқа ие болды және үкіметтің және президенттің саяси бағытын кедергісіз жүргізіп отырды.

1990 ж.ж. Оңтүстік Кореяға жаңа индустриальдық елдер ішінен жетекші орынды бекітті. Көп жағынан бұған алдыңғы жылдардағы экономикалық жылдам өсу қарқыны әсер етті. Жалпы алғанда бұл жағдай, барлық Тынық мұхиты аймағына тән, 1997 жылы КР экономикасындағы дағдарысты құбылысты тоқтата алмады. Нәтижесінде елдің ҰІӨ-і 1997 жылы 6%-дан асқан жоқ, 17 мыңға жуық кәсіпкерлер банкротқа ұшырады. 1997 жылы 21 қарашада Корей Республикасы оған тез арада тұрақтандыру займдарын беру туралы халықаралық валюта қорынан көмек сұрады.

Экономикадағы жетекші орын өңдеуші өнеркәсіпке түпкілікті бекітілді. КР-сы дүниежүзінде кеме, болат, жеңіл көлік өндірісі, электроника және электротехника өнімдерін шығару бойынша алдыңғы орындардың бірін иеленеді. КР-ның он бір фирмасы 500 жетекші корпорациялар тізіміне енген, ал төрт компания – Хендэ, Самсон, Лаки Голдстар, Тэу – дүниежүзінің 100 ірі трансұлттық корпорациялар тізімінде. 1996 жылы тауар айналымы 280 млрд.долларға, экспорт – 130 млрд.долларға жетті.

Жетекші сауда серіктестері – АҚШ және Жапония, ЕО елдері, АСЕАН, ҚХР. 1990 ж.ж. биліктің жоғары эшелонында өзгерістер жүреді, бірақ терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстары байқалмайды. 1993 жылы өзінің айналасындағылармен бірге сыбайлас жемқорлыққа айыпталған Ро Дэ У сайлауда Ким Ен Самнан жеңіліс табады. 1995 жылы елдің саяси өмірінде айтарлықтай роль атқарған жаңа оппозициялық партиялар құрылады: жаңа саясат үшін Ұлттық конгресс және Біріккен либеральдық демократтар. Бұл президентті 1996 жылдан бастап Жаңа Корея Партиясы деп аталған үкіметтік партияны нығайтуға мәжбүрледі.

Алайда қаржы және экономикалық саладағы дағдарыс президент сайлауында оппозиция көсемі Ким Дэ Чжунға жеңіске жетуге көмектесті. Жаңа оңтүстіккореялық әкімшіліктің экономикалық бағдарламасы өнеркәсіптегі құрылымдық реформа- ларды, шетелдік инвестицияларды тартуға ынталандыруды (салықтық жеңілдіктер, «еркін аймақтар» және т.б.), әлемдік нарыққа отандық өнімдердің шығарылуын қарастырады.

Ким Дэ Чжунның алғашқы сыртқы саяси қадамдарының бірі КХДР-на қатысты «күн жылуы» саясатын жариялауы болды. Нәтижесінде 2000 жылы 13 маусымда Ким Дэ Чжунның Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ирмен кездесуі болады.

Корей соғысының аяқталуынан кейін КХДР-ның негізгі міндеті қираған шаруашылықты қалпына келтіру болды. КСРО, Қытай, басқа да социалистік лагерь елдер көмегімен қалпына келтіру еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген жаңа техникалық базамен жүргізілді. 240 өнеркәсіп орны қалпына келтірілді және 80-і жаңадан салынды, және 1956 жылы тамыз айында, үшжылдық жоспар аяқталған кезде, соғысқа дейінгі өнеркәсіп деңгейі (1949 ж.) екі есе асып түсті.

1956 жылы сәуір айында, қалпына келтіру кезеңінің сәтті аяқталуының жақын екендігі айқын болған кезде, ТПК ІІІ съезді өткізілді. Ол елдің «социалистік индустриализация» бағытын, ұжымдастырудың аяқталуын белгіледі, халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарын (1957-1961 ж.ж.) қабылдады. Жоспар бойынша бесжылдықтың соңында өндірістің ішкі өнімі 2,6 еседен астам өсуі тиіс болды, оған қоса бұрынғы метрополиямен және Кореяның оңтүстігімен шаруашылық байланыстардың үзілуінен туындаған диспропорцияны түпкілікті жоюға негізделген маңызды құрылымдық қайта құрулар белгіленді.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірінші бесжылдық жылдары бар күш жаңа кәсіпорындарды құруға шоғырландырылды, оның жобасына алдыңғы қатарлы техникалық шешімдер салынды. Бұл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің тез қарқынмен өсуіне алып келді (1,4 есе), өнімнің жылдық орташа өсу қарқынын 36,6% қамтамасыз етті және жоспарлы тапсырмалардың мерзімінен бұрын орындалуына алып келді. Аграрлық өнеркәсіптің де дамуы сондай қарқынмен жүрді және ақыр соңында бесжылдық қорытындысы мерзімінен бұрын аяқталды – 1960 ж. Бірмезгілде тұрғын үй құрылысын, денсаулық сақтауды және білім беру жүйесін ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

1960 жылы Солтүстік барлық негізгі көрсеткіштер бойынша экономика саласында Оңтүстіктен басып озды. Индустриали- зациядағы КХДР жетістіктері оның сыртқы сауда байланыстарының кеңеюіне алып келді, сауда серіктес елдер саны бесжылдық жылдары 10-нан 40-қа дейін артты.

Аталған жетістіктер көптеген жағдайда социалистік елдер және ең алдымен КСРО көмегімен байланысты болды. 1960 жылы КСРО- ның техникалық көмегімен салынған немесе қайта жасақталған кәсіпорындар барлық электроэнергия өндірісінің 40%-ын, шойынның — 51%-ын, кокстің — 53%-ын, аммиак силитрасының — 90%-ын, мақта- қағаз маталардың — 67%-ын берді.

ТПК ІҮ съездімен жаңадан қабылданған (1961 ж. қыркүйек) 1961-1967 ж.ж. арналған жетіжылдық жоспарға негізінен өсудің экстенсивті факторлары салынды. Ауыр индустриянының қарқынды даму жолымен дербес өнеркәсіп құру міндеті қойылды, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 3,3 есе, ұлттық табыс – 2,7 есе өсуі тиіс болды. Дербестілікке ұмтылудың ресми түрде жарияланғанына қарамастан, жоспардың маңызды бөлігі ең алдымен КСРО және Қытайдан түрлі көмек есебінен сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту болды. 1961 жылы шілде айында олармен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар бұл жылдары ТПК жетекшілігі Кеңес Одағынан қашықтау саясатына бағыт ұстанды. Бұл кеңес-қытай қарама- қайшылықтарының өрістеуімен, сондай-ақ КСРО-да жүрген демократияландыру үрдісінен Ким Ир Сен тұлғасына табыну- шылықты шектеу ұмтылысымен байланысты болды. Сондықтан КСРО-ның идеологиялық ықпалы қолайсыз деп танылды («ревизионистік», өйткені сол кезде ТПК сталинизмнің негізгі тіректерінің бірі болды).

1950-1960 ж.ж. Ким Ир Сенмен марксизм-ленинизмді шығармашылық дамытуды жариялаған «чучхе идеологиясы» жасалды. Ол барлық халықты, және ең алдымен корейліктерді, тек өз күштеріне ғана сүйенуге және таза ұлттық белгілерді дамытуға, қандай да бір сыртқы, яғни шетелдік ықпалдан бас тартуға шақырды («Чучхе» корей тілінен аударғанда «өз денеңнің қожайыны өзіңсің» дегенді білдіреді). Бұл тәжірибеде КХДР-да автономиялық шаруашылық кешен құру — экономикалық мүмкін емес әрекеттен көрініс тапты. Ол болашақта ақша және еңбек ресурстарының босқа шығындалуына алып келді, даму қарқынының айтарлықтай төмендеуінің себебі болды, халық шаруашылығында дағдарысты құбылыстар туғызды.

«Чучхеизм-кимирсенизмнің» тағы бір жағы КХДР-мен қаржыландырылған «чучхе идеясын оқыту» орталықтары құрылған басқа елдерге тарату әрекеті болды. Дүние жүзінің барлық тілдерінде «чучхейлік» әдебиет шығарылды, белсенділердің халықаралық семинарлары өткізілді. Бұл өндірістік емес мақсатқа валюталық қаржыны тартты, экспорттық түсімдердің айтарлықтай бөлігін «жеп қойды», елдің даму жолындағы кедергілердің бірі болды.

Бастапқыда 1961 және 1962 ж.ж. жоспарлы тапсырмалар сәтті орындалды, өйткені аталған теріс тенденциялар жаңа ғана күш ала бастады. Алайда Оңтүстік Кореяда 1961 жылы әскери режимнің билікке келуі, 1962 жылы күздегі кариб дағдарысы, КХДР басты одақтастары – КСРО және Қытай арасындағы қарама- қарсылықтардың күшеюі пхеньян жетекшілігінің әскери қауіп сезімін күшейтті. Сол себепті 1962 жылы желтоқсанда ТПК ОК пленумында АҚШ басшылығымен империализм күштері өздерінің агрессиялық әрекетін жандандыратындығы туралы қорытынды жасалды және қорғаныс мүмкіндігін нығайту қажеттілігіне назар аударылды. Шын мәнісінде, «чучхе идеясына» сәйкес, бұл АҚШ, КР және Корей түбегіндегі олардың кез-келген одақтасына қарсы дербес әскери қимылдарға дайындалу шешімін білдірді. Қарсыластың авиациялық басымдылығымен өткен Корей соғысының тәжірибесін есепке ала отырып, жерасты қоймалары, командалық пункттер, электрос- танциялар, зауыттар және тіпті аэродромдар салынды. Барлық ел біртіндеп әскерилендірілді және бірнеше есе күш басымдылығындағы жаудың басқыншылығын қайтаруға дайындалды.

1970 ж.ж. екінші жартысындағы КХДР ішкі саяси өмірінің ерекшелік сипаты партиялық және мемлекеттік қызметтерге біртіндеп Ким Ир Сеннің үлкен ұлы – Ким Чен Ирдің тартылуы болды. Бұған дейін де солтүстіккорейлік көсем отбасының көптеген мүшелері ТПК және мемлекеттік аппаратта маңызды қызметтерді иеленді, бірақ енді мұрагерді дайындауға мақсатты бағытталған дайындық жүргізілді. 1980 ж.ж. басында алынған құқықтар және өкілеттіліктер бойынша кіші Ким партиялық-мемлекеттік иерархиядағы екінші адам болды және ішкі саясаттың көпшілік бағыттары бойынша жетекшілікті іс жүзінде жүзеге асырды.

КСРО дезинтеграциясына алып келген үрдістер КХДР қоғамдық өмірінің барлық жақтары бойынша күрделі соққы берді. Экономика саласында бұған дейін Пхеньянның дәстүрлі серіктестері социалистік елдерден қол үзіп, Батыспен саудаға бағыт ұстану теріс әсер етті. Нәтижесінде 1980 ж.ж. екінші жартысынан бастап КХДР-да қысқару, ал кейіннен экономикалық даму қарқынының құлдырауы байқалады, халық шаруашылығының көптеген салаларында дағдарысты құбылыстар пайда болды.

1980 ж.ж. КХДР үшін сыртқы саясат саласында да жеңіл кезең болған жоқ. Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға орналастырылуынан және АҚШ-ның Европаға қанатты зымырандарын орналастыруынан кейін орын алған халықаралық қатынастардың кезекті шиеленісуі жағдайында КХДР тағы да екі қарама-қарсы жүйенің алдыңғы орнында қалды. КХДР АҚШ тарапынан террористік мемлекет ретінде «қара тізімге» енгізілді және онымен саудаға және байланысқа қатаң санкциялар енгізді. 1983 жылы КХДР ресми сапарымен Бирмаға барған оңтүстіккорейлік президентке қастандық жасалғаны үшін айыпталды, оған халықаралық оқшаулау ұйымдастыру әрекеттері жасалды.

Бұған жауап ретінде Пхеньян КСРО-мен, Қытаймен, Шығыс Европа елдерімен саяси қатынасын жақсартуға барды. 1983 жылы Ким Ир Сен Пекинге барды, ал 1984 жылы КСРО-ға, Польшаға, ГДР- на, Венгрияға, Румынияға, Болгарияға және Югославияға сапар жасады.

КХДР-ның халықаралық аренадағы белсенділігі артты, 1985 жылы ядролық қаруды таратпау туралы Келісім мүшесі болды, ал 1990 жылы Корей Республикасымен бірмезгілде БҰҰ-на қабылданды. 1990 ж.ж. өн бойында КХДР басшылығы Солтүстік Кореяда қалыптасқан құрылысты сақтауды және оның өзгерген сыртқы жағдайларға адаптациялануын өзінің басты міндеті етіп қойды. 1994 жылы шілде айындағы Ким Ир Сеннің өлімі және биліктің оның ұлына көшуі қалыптасқан партиялық-мемлекеттік жүйе позициясының беріктігін тағы да көрсетті. Алайда бұл жүйе 1990 ж.ж. екінші жартысында елдің күрделі мәселелермен күресуге қабілетсіздігін көрсетті.

Халық шаруашылығындағы жағдай одан әрі шиеленісе түседі. Өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны төмендейді, электр қуатының, шикізаттың, азық-түліктің өткір жетіспеушілігі сезіледі. Ауыл шаруашылығы да созылмалы құлдырауды басынан кешеді. Дәнді дақылдар шығымының төмендігі (1995 ж. 3,5 млн.тонна), ең алдымен күріштің – кейінгі жылдары да байқалды.

Соған қарамастан ел басшылығы бұрынғысынша экономикалық және әлеуметтік реформалардан шығу жолын іздемей, қатаң тәртіп пен шектеулерді орнатуға тырысты. Тұрғындар қандай да бір сыртқы ықпалдан шектеледі. Елде жүргізілген үгіт-насихат шеңберінде

«корейлік типтегі социализм басымдықтарын» ашуға баса назар аударылады. Ашық әскери шиеленіске дейін Оңтүстік Кореямен қатынасы өршіді. 2000 жылы көктемде Ким Чен Ир Ресей көмегімен КР-мен ашық диалог жүргізу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасайды. Диалогтың басталуы 2000 жылы 13 маусымда Оңтүстік Корея көсемімен кездесуде жасалды.

Авторлық сілтеме:
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы (ХХ ғ. екінші жартысы — ХХІ ғ. басы): Оқу–әдістемелік құрал / Б.М. Мырзабаева — Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2013. — 340 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *