Жоспары:

  1. Соғыстан кейінгі кезеңдегі отаршылдыққа қарсы қозғалыстар.
  2. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Марокко.
  3. Хасан ІІ билігі жылдарындағы Марокко.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін француз монополиялары салыстырмалы түрде өз экономикалық позицияларын тез қалпына келтіре алды. Соған қарамастан отаршыл әкімшілік мароккалықтардың протекторат режиміне қарсы қарсылықтарына тап болады. Марокконың архаикалық қоғамдық құрылысын

«демократиялық жандандыру» деген жалған ұранмен ІҮ Республика жетекшілері қатал репрессия жолымен сұлтандық басқару қалдықтарын жоюға кіріседі. Бірақ Мұхаммед бен Юсуф бас резидент Жюэннің қысымшылығына қарамастан өзінің құқықтық өкілеттіліктеріне қысым көрсеткен заң жобаларын бекітуден бас тартады. Сонымен қатар 1948 жылы маусымда Франция президентімен кездесуде ол тіпті 1912 жылғы Фесс келісімінің шарттарын қайта қарауды талап етеді. Ұлт-азаттық қозғалыстарда жауынгерлердің еліктеуші тұлғасына айналған монархты құлату үшін Маракеш пашасы коллаборационист Аль-Глауи қолданылады. Ол бұрыннан өзінің француздық бағытымен белгілі болатын. Аль-Глауи және оның жақтастары жіберген 20 мың берберлерді иеленген генерал Жюэн 1951 жылы ақпан айында Бен Юсефті тағы да отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды айыптаушы хаттамаға қол қоюдыруға тырысады, бірақ тағы да бас тартушылыққа ұшырайды. Тек сұлтан сарайын танкілермен қоршағаннан кейін ол ультиматумды қабылдауға мәжбүр болады. Көптеген патриоттар түрмеге қамалады.

Күштердің шоғырландыру қажеттілігін түсінген француздық және испандық аймақтардағы буржуазиялық-ұлттық партиялар 1951 жылы сәуір айында Танжерде отырыс өткізеді және Мароккалық ұлттық майдан (МҰМ) құру, Араб мемлекеттері Лигасымен байланыстарын нығайту туралы шешім қабылдайды. Ізге түсу және түрмеге қамаушылықтарға қарамастан МҰМ Мароккодағы оқиғалар туралы халықаралық қауымдастықтың хабардар болуы үшін көптеген шаралар жүргізеді.

1952 жылы желтоқсан айында марокко мәселесі БҰҰ-ның Бас Ассамблиясының ҮІІ сессиясында талқыланады. Кеңес Одағы және басқа да мемлекеттердің елді протекторат режимінен босату туралы талаптарын батыс державалары қолдамайды.

Сұлтан режимін түпкілікті жою үшін Жюэннің ізбасары генерал Гийом тағы көмекке Аль-Глауиді шақырады. Аль-Глауи Мұхаммед бен Юсефке Марокко халықтарын бағынбаушылыққа шақырып, өз жақтастарын қаруландырады және ақшамен қамтамасыз етеді. Метрополияны мемлекеттік төңкеріс қаупі жағдайында статусын және Алавиттер династиясы билеушілерінің өмірін қорғауға міндеттейтін Фесс келісімінің шарттарын басшылыққа алған Бен Юсуф Франция президентінен көмек сұрайды, алайда ол ешқандай қолдау көрсетпейді. Бас резиденциясының таратылуы жағдайында 1953 жылы 14 тамызда Аль-Глауи және оның одақтастары жаңа монарх етіп Мұхаммед бен Арафаны тағайындайды. 20 тамызда биліктен шеттетілген Бен Юсуф алдымен Корсикаға, кейіннен Мадагаскарға жер аударылады. Мароккалықтардың арасында танымал билеушінің құлатылуы халық арасында толқу туғызады. Жаппай халықтық қарсылық акциясын басу үшін отаршылдар ірі полиция күшін пайдаланады және француз аймағының көптеген қалаларына коменданттық сағат орнатады.

Мароккалықтардың арасында беделін нығайту мен сақтауға ұмтылған испан үкіметі Бен Арафаны мойындаудан бас тартып, таққа бұрынғы Бен Юсуфтың қайтарылуын талап етеді. Сол кезде ғана Азиялық мемлекеттер тобының талап етуімен ғана БҰҰ-да осы мәселені талқылау басталады. Алайда Франция бұл — оның «ішкі ісі» деп мәлімдеп, қатысудан бас тартады.

Бен Юсуфтың құлатылуының бір жылдығына орай Мароккода жалпыхалықтық ереуіл басталады. Бұл кезде Аль-Глауиден бербер топтарының көсемдері мен Риф тайпалары кете бастайды. Ұлт- азаттық қозғалыстарды бас резиденция Үндіқытайдан келген армиялық топтың көмегімен басуды жоспарлайды. Бірақ жазалау- шылардың айуандығына қарамастан 1955 жылы тамызда Касаб- ланкада, Мекнесте, Рабатта және көптеген қалаларда отаршылдыққа қарсы күшті манифестациялар өтеді. 1955 жылы 20 қазанда Бен Арафа тақтан бас тартады. 5 қарашада Франция қайтадан заңды монарх ретінде Мұхаммед бен Юсуфты таниды. 16 қарашада ол айдаудан оралады және елде конституциялық монархиялық құрылысты орнату қажеттілігі туралы жариялайды.

Кейіннен, 1957 жылы Мұхаммед бен Юсуф король Мұхаммед Ү титулын алады. 2 наурызда Парижде бұрынғы протектараттың тәуелсіздігін бекіткен франк-марокколық мәлімдеме мен хаттамаға қол қойылды. Фесс келісімі уақыт талаптарына сай емес және жаңа екі жақты қатынастар деңгейін қамтамасыз ете алмайтын келісім ретінде сипаталады. 1956 жылы 7 сәуірде Мұхаммед бен Юсуф Мадридте 1912 жылғы Фесс келісімінің күшін жойған испан- мароккалық декларацияны қолымен бекітеді. Испания сонымен қатар Марокконың сыртқы саясат және қорғаныс саласындағы тәуелсіздігін қолдайды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Мароккода ұлттық басқару аппараты, дипломатиялық қызмет қалыптасып, ұлттық валюта енгізіліп, саяси партиялар мен кәсіподақтардың қызметін ресми- лендірген король хартиясы қолдау табады. Экономика саласында ел күрделі қайшылықтарға тап болады. Француз каптиалдарының шығарылуы европалықтардың иелігіндегі кәсіпорындардың жабы- луына алып келді. Бұл жұмыссыз қалған мароккалықтар арасында қарсылықтың күшеюін туғызды. Отаршылдардың дәнді дақылдар егістігін 1/3 қысқарту тамақ өнімдерінің күрт қымбаттауына және ауыл халқының қалаға миграциялануына алып келді. Марокко жетекшілері аграрлық және индустриялық секторда түпкілікті өзгерістер жүргізбейді. Соған қарамастан жағдайды тұрақтандыру мақсатымен ол шаруаларға отаршылдар экспроприациялаған 40 мың га. бұрынғы қауымдық жерлерді қайтарады, құрғақ аудандарда ирригациялық құрылыстар жүргізеді. Бұдан басқа, үкімет 1958-1959 ж.ж. есептелген отарлық экономикадан ұлттық экономикаға көшу бағдарламасын, кейіннен 1960-1964 ж.ж. шаруашылқты дамытудың бесжылдық жоспарын қабылдайды. Жалпы алғанда алдыңғы қатарлы өндіріс салаларын, ең алдымен тау-кен, бұрынғысынша шетелдік компаниялар бақылап отырды, жер иеліктері феодалдар, тайпа көсемдері және село буржуазиясының қолында қалады.

1956 жылы қазан айында Марокко оның құрамына халықаралық Танжер портының қосылуына қол жеткізеді. 1959 жылы желтоқсан айында Мұхаммед Ү АҚШ президенті Эйзенхауэрмен корольдіктен американ әскерлерін 1963 жылдың аяғында эвакуациялау туралы келісімге қол жеткізеді. Франция мен Испания да осындай міндеткерліктер алып, өз әскерлерін сәйкесінше 1961 жылы наурыз және тамызда шығару туралы кепілдік береді. 1956 жылы қарашада БҰҰ-на және 1958 жылы қазанда Араб мемлекеттері Лигасына кіргеннен кейін Марокко 1961 жылы Белградтағы қосылмаушылық қозғалысының құрылтай конференциясына қатысады.

1961 жылы таққа отырған жаңа король Хасан ІІ премьер- министр қызметін иеленді және бірмезгілде қорғаныс, ауыл шаруашылық және сыртқы істер министрлігін басқарды. Экономикалық саясатында ол шетелдік көмек және АҚШ, Франция, ал кейіннен ГФР қарызына бағыт ұстанады. 1962 жылы желтоқсанда Марокко абсолюттік монархиядан екі палаталы парламентпен конституциялық монархияға айналған алғашқы Негізгі заңды бекітеді. Келесі жылға тікелей дауыс беру жолымен сайланған төменгі палата феодалдық-монархиялық топқа көпшілік орынды қамтамасыз еткен жоқ. Оларға Истикляль партиясынан депутаттар, олардан бөлініп шыққан Халықтық күштердің ұлттық одағының сол қанаты және «тәуелсіздер» қарсы оппозициялық топты құрады. Олар корольге авторитарлық саяси бағыттағы жеке билігінің нығаюына негізделген саясатты жүргізуге кедергі келтіреді.

Ресми түрде баспасөз, жиналыс бостандығы сақталғанымен де бұл бостандықтар көбінесе бұзылып отырды, ал кәсіподақтар мен партиялық жетекшілер қудалауға түсті. 1965 жылы наурызда Касабланкадағы студенттер мен жұмыссыздардың демонстрациясын полиция қатаң жазалағаннан кейін Хасан ІІ барлық билікті өз қолына алып, төтенше жағдай жариялайды.

Авторитарлық басқаруды нығайту және партиялық-саяси құрылымды қатаң бақылау үшін король 1970 жылы маусымда бұрынғы конституцияның құрылымдық ерекшеліктерін сақтаған жаңа конституцияны енгізеді. Оның тек заң шығарушылық бөлімі ғана өзгеріске ұшырайды. Монархтың өкілеттілігі арттырылды және бір палаталы болған парламенттің маңызы төмендетілді.

Ішкі саяси тұрақсыздықты әлсірету үшін король режимі 1972 жылы наурызда үшінші конституцияны шығарады. Оған сәйкес бір палаталы парламенттің депутаттар корпусының 2/3 бөлігі тікелей дауыс беру жолымен сайланды.

Түрлі саяси партияларды тақ төңірегіне топтастыру үшін Хасан ІІ 1973 жылы экономиканың мемлекеттік секторының позициясын нығайтумен, сондай-ақ шетелдіктерден жерлерді сатып алумен қатар жүргізілген «мароккаландыру» бағытын жариялайды. Тек марокка- лықтарға ғана емес сонымен қатар жеке шетелдік және ұлттық инвесторларға қатысты салық, сауда, жеңілдіктер және кепілдіктер беру төңірегіндегі реформалар ішкі қарама-қайшылықтарды тоқтатты. Король танымдылығының нығаюына екі мароккалық дивизияның 1973 жылғы араб-израиль соғысына қатысу үшін Таяу Шығысқа аттандырылуы, сондай-ақ жергілікті топтардан қолдау тапқан 1974 жылғы «Батыс Сахараны босату» туралы ұлттық ұран әсер етеді.

1977 және 1984 жылғы парламент сайлауында көпшілік депутаттық мандат монарх жақтастарына беріледі. «Демократиялық процесс» шеңберінде көп партиялыққа жол бере отырып, ол партияаралық қатынастарды бақылап отырды. Корольдықтағы экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығына айыпталған фундаменталистерге бірнеше атаулы үрдістерді жүргізгеннен кейін Хасан ІІ 1980-1990 ж.ж. діни оппозицияны да әлсірете алды.

1999 жылы шілде айында билікке келген Мұхаммед ҮІ елде қала мен село арасындағы диспропорцияны жеңуге, жұмыссыздық мәселесін шешуге, білім жүйесін модернизациялауға, мәдениеттің дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық қайта құрулар жүргізу қажеттілігі туралы мәлімдейді.

Халықаралық қатынастар саласындағы Марокко жетекшілігінің қызметінің негізгі бағыты араб елдерімен және африкалық қауымдастықпен бірлігін нығайтуға бағытталған. Уақыт өте келе Батысқа қатысты саясатында екі жақты және қарама-қайшылықты сипат алады. Бұл әсіресе 1969 жылы Ортақ нарықпен ассоциация туралы конвенцияға қол қоюмен аяқталған Европалық экономикалық қауымдастықпен ұзаққа созылған (1963 жылдан бері) кеңестерден көрініс тапты. Онымен ел 1976 жылы мерзімсіз ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, нәтижесінде артықшылыққа ие сыртқы саяси серіктес статусын алды.

1982 жылы Хасан ІІ кейбір мароккалық объектілердің американдықтардың қолдануына келіседі. Бұл үшін АҚШ Мароккоға армияны қайта қаруландыруда үлкен көмек көрсетеді. Марокко мен Кеңес Одағы арасындағы қатынастар тәуелсіздік алғаннан бастап орнатылады. КСРО мен Марокко арасында мәдени, ғылыми- техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасалған.

Батыс Сахара мәселесіне байланысты ұзаққа созылған аймақтық шиеленіс бес мемлекетті интеграциялық процеске шақырған Марокко, Алжир, Тунис, Ливия және Мавритания жетекшілерінің 1989 жылғы Марракештегі кездесуінде Араб магриб Одағының құрылуы туралы келісім жасауына алып келеді. 1970 ж.ж. ортасынан бастап салыстырмалы түрде ішкі саяси тұрақтылығымен ерекшеленген Марокко Корольдығы бұл ұйымда жетекші орынды иеленеді.

90 ж.ж. екінші жартысынан бастап дүние жүзінің геосаяси картасындағы радикальды өзгерістерге байланысты Марокко АҚШ және Батыс Европа мемлкеттерімен көпжақты қатынастарының дамуына үлкен мән бере бастайды.

Авторлық сілтеме:
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы (ХХ ғ. екінші жартысы — ХХІ ғ. басы): Оқу–әдістемелік құрал / Б.М. Мырзабаева — Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2013. — 340 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *