1948 жылы жарғысы қабылданып, құрылған еді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелер жүйесіне кіреді. Мақсаты — барлық халықтардың денсаулықтарын мүмкіндігінше жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады. Бұл ұйым басқару мен үйлестіру және мүше мемлекеттер арасында техникалық ынтымақтастықты интенсификациялау рөлін атқарады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ)Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының басты міндеттері: — халықаралық денсаулық сақтау саласындағы үйлестіру жұмысы; кеңес беру және көмек көрсету; — Біріккен Ұлттар ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері, мемлекеттердің денсаулық сақтау органдары және басқа да ұйымдармен ынтымақтасу; — келісімдерді қабылдау және нормативтер мен ұсыныстарды жазуға септігін тигізу; — диагностика, азық-түлік, биологиялық және фармацевтикалық дәрі – дәрмек салаларында халықаралық стандарттарды жасау және енгізуде ынтымақтасу; — ұлттық денсаулық сақтау жүйелерін құруда қолдау көрсету; — қажетті әкімшілік және техникалық қызметтерді ұйымдастыру және қамтамасыздандыру; төтенше жағдайларда техникалық қолдау, көмек көрсету және сәтсіз оқиғалардан сақтандыруға қол ұшын беру; — медицина мен денсаулық сақтау салаларында білім беру жүйесін жақсарту; — қоршаған орта гигиенасының тамақтану мен тұрмыс жағдайлары, санитария, еңбек жағдайы мен өзге аспектілерін жақсарту; — эпидемиялық, эндемиялық және басқа ауруларды жою жұмысына қатысу; — өзгеріп отырған қоршаған орта жағдайында ана мен бала денсаулығы мен аман-саулығын сақтау; — адам арасындағы қатынастардағы психологиялық денсаулық пен үйлесімділік үшін күресу; — денсаулықтың қорғалуын жақсарту мақсатында ғылыми институттар мен маман топтары арасындағы тығыз ынтымақтастықты қолдау.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының негізгі 5 құрылымы бар:

1. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жоғарғы органы — Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы ұйымның мүшелерінің өкілдерінен құралған. Ол Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жұмысының негізгі бағыттарын анықтап, Атқарушы кеңес пен бас директор есептері мен қызметін тексеріп, түрлі шара қолдануды талап ететін мәселелерде бұйрық беріп отырады. Ассамблея бюджетті талқылап, қабылдайды, комитеттерді құрайды, Атқарушы кеңеске өз өкілін жіберуге құқық алатын мүше — мемлекеттің жағрапиялық орналасуын ескеріп сайлайды және бас директорды Атқарушы кеңес ұсынысымен тағайындайды. Ол Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының құзырындағы мәселелерінің барлығы бойынша келісімдерді қабылдау, нормативтер анықтау мен ұсыныс жасауға құқылы. Ассамблея жыл сайын әдетте мамырда Женева қаласында сессияға жиналады. Төтенше сессиялар Атқарушы кеңес не Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мүшелерінің көпшілігінің ұсынысымен шақырылады.

2. Атқарушы кеңес. Атқарушы кеңес денсаулық сақтау саласындағы 31 маманнан құралған. Ассамблея шешімдерін орындап, оның Атқарушы органы ретінде қызмет ете отыра, өзінің құзырындағы мәселелер бойынша кеңес беріп, ұсыныстар жасап, Ассамблеяның күн тәртібін белгілейді, оның қарауына Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жұмыс бағдарламасын ұсынып, комитеттер құру, төтенше сипаттағы шаралар қолдану, тағы басқа құқығына ие.

3. Хатшылық. Хатшылықты бас директор басқарады. Бас директор — бұл Атқарушы кеңес қол астындағы жоғарғы әкімшілікті тұлға және қызметі бойынша Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, Атқарушы кеңес пен олардың барлық комиссия, комитеттерінің хатшысы болып келеді. Өз қызметін орталықтандырмау мақсатында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының алты аймақтық ұйымын құрды: Африка, Америка; Еуропа; Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік — Шығыс Азия мен Тынық мұхиттың батыс бөлігі. Олар аймақтық комитеттер мен аймақтық бюролардан құралып, аймақтық директорлармен басқарылады.

4. Аймақтық комитет пен бюро. Аймақтық комитеттер құрамына нақты аймақтағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының толық және ассоцияланған мүшелер өкілдері кіреді. Олар аймақтық тұрғыдан жұмыстың басты қағидаларын анықтап, аймақтық дамуды бақылап, аймақтық бюро қызметін қадағалайды.

5. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жергілікті өкілдері. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мүше — елдің әрбіреуінде орналасқан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жергілікті өкілдері өз мемлекетіндегі ұйымның қызметі үшін жауапты және денсаулық сақтау ұлттық бағдарламасын жасау мен іске асыруда үкіметіне кеңес беріп отырады.

Бастапқы денсаулық сақтаудың сегіз негізгі элементтерді қарастырған Алматы декларациясын 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ЮНИСЕФ Халықаралық конференциясы қабылдайды. 1981 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы «2000 жылға бағышталған баршаның денсаулығы» атты ғаламдық бағдарламаны қабылдады. Бағдарлама денсаулық қорғау қызметтеріне арналған, ең алдымен барлық халықтың бастапқы дәрігерлік — санитарлық көмекпен қамтамасыз етілуіне бағытталған инфрақұрылымдар құруды қарастырады.

1987 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы ЖИДС — тен сақтандыру және онымен күресу дүниежүзілік бағдарламаны қабылдады, қазіргі күнде ол 187 мемлекет пен аймақта жүзеге асырылуда.

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы». «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ (АБҰҒО) қызметінің маңызды бағыттамаларының бірі халықаралық қызмет болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық саласында негізгі жұмыс бағыттамасы мыналар болып табылады:

  1. Денсаулық сақтау саласының ғылым, білім және іс-тәжірибе ақпаратымен алмасу мақсатында клиникалармен, медициналық ғылыми және тәжірибелік мекемелерімен, ғылыми және кәсіби ассоциациялармен, басқа ұйымдармен ынтымақтастық қарым — қатынас жасайды; ғылыми жобаларды бірігіп жасау және өткізу; ДДСҰ — ның ынтымақтасқан орталықтары шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындау; халықаралық жобалар, шет ел серіктерімен келісім шарт, контрактілер жасау; АБҰҒО базасында бірлескен ғылыми медициналық технологияларды үйрену және енгізу; халықаралық ғылыми және ғылыми — тәжірибелеік шараларды өткізу.
  2. Орталықтың медициналық және фармацевтикалық кадрларын оқытуды ұйымдастыру:
  • акушерия — гинекология, педиатрия, неонатология және тағы басқа сала бойынша іс — тәжірибе алмасу мақсатында қызметкерлерді шет елге бағдарлау және шет ел мамандарын қабылдау;
  • халықаралық үйрету семинарларына және ТМД елдер мен шет елдердегі конференцияларға қатысу;
  • шет елдің жетекші және профессорлардың қатысуымен үйрету шараларын ұйымдастыру (мастер — кластар, семинарлар, консультациялар, т.б.).

АБҰҒО көптеген шет елдің оқу, ғылыми және медициналық мекемелерімен, халықаралық және ұлттық ұйымдармен, қоғамдық ассоциациялармен қарым-қатынасты қарқынды дамыту. Олардың ішінде: Дүниежүзілік Денсаулық Сақтауды Ұйымдастыру (WHO), Здравплюс (USAID), Балалар қоры (UNICEF), Халықаралық Қазақ-Америка консорциум «iNNOVA», БҰҰ ел халқы қоры (UNFPA), Фрайбург қ. Университет клиникасы және т.б.

Акушерлік, гинекология, перинаталды көмек мәселесі бойынша медициналық білім саласында ДДСҰ-ның ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асуда. Қазіргі уақытта ана мен бала денсаулығын қорғау саласында Консультативті Кеңес жобасы жасалып жатыр. Біздің жетекші мамандар акушерия — гинекология саласында ДДСҰ ның сарапшылары және кеңесшілері болып табылады.

Авторлық сілтеме:
Халықаралық ұйымдар: Оқу құралы/ А.К. Булгынбаева — Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2014. — 116 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *