Дін (латын тілінен religio — «тақуа», «Құдайшылық», «қасиетті», «ғибадат ету») – жоғарғы күшке сиынуға негізделген, сонымен қатар моральдық нормаларға арналған мəдениет формаларының бірі, дүниеге көзқарас. Дін адам өмірінде əлеуметтік жағымен қатар, жеке өмірінде де маңызды рөл атқаруын жалғастыруда. Этностарды қалыптастыруда, олардың мəдениетін, мемлекеттілігін дамытуда діннің қатысуы айтарлықтай.

Дінтану сабағы ЖОО оқытуға байланысты қазіргі бағыты өзгерді. Бұл ең алдымен дүниежүзіндегі дін сұрақтарының өзектілігіне байланысты. Жер шарының «ыстық нүктелерінің» барлығында бұрынғы уақыттан бері қазіргі уақытқа дейін адамдар арасындағы қатты қанды соғыстар діни айырмашылықтармен тікелей байланысты. Бұрынғы Югославия социалистік федеративтік республикасында тұрған сербправославтар, хорват-католиктер, босниялық-мұсылмандар, Грузияда абхаздар; (сонымен қатар негізгі халқы православтар басым аджарлар-мұсылмандар) əзірбайжан-мұсылмандар жəне армяндар соғысты. Осындай діни айырмашылықтар мысалында айтарлықтай деңгейде мұсылман елі Шешенстандағы ерекше аяусыз соғыстың болуымен түсіндіріледі. Осының тізіміне Иран (шииттер) мен Ирак (сунниттер) арасында болған соғысты, Ливандағы христиандар мен мұсылмандар соғысын, Халистан тəуелсіз мемлекетін құру барысындағы Пенджабтағы сикхтердің күресін жатқызуға болады.

Сол немесе басқа дінге жатуы кей жағдайда халықтың жеке топтарының əлеуметтік жағдайын анықтайды, ол қатты қарсыласулардың пайда болуына əкеледі. Ұлыбританияның Ольстердегі протестанттар арасында католиктің аз болуы, Судандағы жəне Нигериядағы христиан мен мұсылмандар жəне т.с.с.

Дүние жүзінде көптеген елдерінде қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар діни сипатқа ие: христиан-демократиялық, христиан-əлеуметтік партиялар (ХДП жəне ХƏП), христиандық кəсіподақтар. Əлемде дінге сенушілердің саны айтарлықтай көп жəне өте маңызды – біраз халықтың жартысын немесе 3 млрд адамды құрайды. Осыдан дінді, діни ілімнің маңыздылығын білу қажеттілігі туындайды.

Көптеген авторлар қатары Маркстің теориясын қате, оны руханилығы жоқ, өмірлік мəнді сұрақтарға көңіл бөлмеген деп есептейді. Егер айтатын болсақ, православтарда өмірлік мəннің мақсаты: жандағы Құдай патшалығын құрастыру, қадірлеу, ал материалдық байлық өндірісі оған жетудің құралы болып табылады, онда марксизм-ленинизм бойынша барлық ілім, материалдық экономикалық қатынастарды алға қояды, ол да сұмдық жағдайлардан басқа, біздің қоғамда адамгершілік принциптеріне қарсы əрекеттерге, рухани азғындалуға əкелді.

Орта жағдайын өзгерте отырып, (тұрмыс сананыанықтайды), адам қалыптасуын керекті бағытқа əкеледі деп есептелген. Тұлғаны қалыптастыратын ішкі рухани фактор бағаланбады. Бұл жалпы адамгершілік құндылықтардан, яғни ата-ананы құрметтеу, ар, ұят, аяушылық, қайырымдылық, жақындарына ізгі қызмет ету ұғымдарының айырылуына əкелді.

Атеизмде адам – жердегі тіршілікпен байланысты жəне оның өмірі уақытша мəңгілікке үмітсіз, сондықтан да өмірді түсіну жерде қысқа өмір сүруімен байланысты жəне шектеулі. Осыдан шығаратын ой мынадай: бүгін мен тірімін, ертең өлемін, сондықтан маған ең жақын адамдардың есінде қаламын, əлсіз жұбату (үшінші ата текке дейін ата бабаларын атын атаудан бұрын еске түсіру қиынға соғар); егер мəңгілік жоқ болса, не істеу керек? Онда адам өз түйсіктерімізді шектеп, бекітілген моральмен жүру керек пе? Мəңгі құндылықтар жоқ кезінде мораль дегеніміз не? Ең жақсы жағдайда адамдар өмір сүруін жеңілдету үшін шартты ережелер жиынтығын келіскен жəне орта өзгерген жағдайда оны бұзуға құқылы адамдар келісімі. Міне сондықтан көптеген дінге сенбеушілер келесі ережені ұстанады: қалай өмір сүргің келсе, солай өмір сүр, себебі өмірдемəңгі құндылықтардан басқаның бəрі рұқсат етілген. Homo homini lupus est («адам адамға қасқыр»). Атеистік қоғамдағы аморализм объективті түрде бар жəне оған таңғалуға болмайды, қайта ол өмір сүрудің жалпы заңы болып қалыптаспағанына таңғалуға болар.

Дүниежүзілік, ұлттық жəне туыстайпалық діндер

Жер халқының діни құрамын тек жуықтап айтуға болады, себебі көптеген елдерде діни сенімі бойынша халықты есептеу жүргізілмейді, ал есептеу жүргізетін елдердің өзінде мəліметтер дұрыс емес. Мысалы: тең есептеулер мүмкін: жапондықтардың 75%- ы өздерін синтоистер деп есептесе, 75%- ы буддистерміз деп есептейді. Мұсылман мен индуистердің саны халықтың табиғи өсу қарқының арқасында өсті, сонымен қатар Орталық Африкада мұсылмандықтың белсенді қозғалысы жəне индуизм орталығы Үндістанда православтықтар сияқты католиктердің саны тұрақталды.

Туыстайпалық діндер — əлеуметтік-экономикалық қатынаста артта қалған халықтар мен тайпалардың діни сенімінің бастапқы формалары.

Алғашқы қауым мəдениетін зерттеушілері тайпаны зерттеу ғылым болып табылмайды, себебі ешқандай діни ұғымдар жоқ деп есептейді.

Фетишизм – адамды таңғалдыратын көріністі кез келген жансыз денелердің жоғарыдан тыс күшіне сену: тас, ағаштың бөлігі немесе жануарлар денесінің бөлігі. Кейіннен бұл бейнелер – пұттар болды. Сыйынуға, алғыс айтуға болады, кей жағдайда жазалауға болады.

Тотемизм – тайпадан шыққан қандайда бір жануарға немесе өсімдікке сену жəне осы жануарға (өсімдікке) сыйыну. Мысалы, Австралияда кенгуру, эму түйеқұсы, опоссум, оларды өлтіруге жəне тағамға пайдалануға болмайды.

Ата-бабалар рухына жəне өлілерге ғибадат ету – бұрындары өмір сүрген туысқандары мен бабаларының тірі адамдардың өміріне оң жəне теріс əсерін тигізетініне сену.

Шаманизм – адамның күйін экстазға дейін жеткізіп, аруақтармен сөйлесу, олардың күшін емдеуге жəне т.б. практикалық мақсаттарда қолдану, аруақтардың адамға кіру қабілеттілігіне сену.

Сенімнің басқа да түрлері бар: анимизм (лат.тілінен: «жан») – барлық табиғи құбылыстарды жандандыру, пантеизм – табиғатта «таралған» Құдай туралы түсінік, табу жүйесі, сиқырлық жəне т.б.

Ұлттық дін деп бір немесе туыс этностардың шегінен шықпайтын қатты дамыған діни жүйелерді атайды. Ғибадат етудің күрделі діни тəжірибесі қалыптасады.

Индуизм – Үндістанда, Непалда, Шри-Ланкада басым дін. Бұл дінге жанға ену жəне карма қағидасына сену – Тримурта (Торица) – Брахма, Шива, Вишна Құдайларынан қайырымды немесе жаман əрекеттеріне кешірім сұрау – касталық тұрмыстық ережелерді қадағалау. Қасиеттілерінің қатарына жануар (сиыр, жылан), өзен (Ганг), өсімдік (лотос) жəне т.б. Осы дінге байланысты Высоцкий: «Жақсы дінді үнділер ойлап тапты, өмірінің соңында біз толығымен жанымыз берілмейді…», – деген еді.

Сикхизм – индуизмдегі секта болды. XVI-XVII ғғ. үнді штаты Пенджабта басты дін болып қалыптасты. Діннің негізі болып бір Құдайлылық, кастаны жоққа шығару көзделді. Құдай алдында сикхтердің теңдігі табылады деп ойлады. Олар ешқашан қимайтын ұзын шашын шəлінің астына жинап қоюы, қысқа шалбар киіп, үш болат құралын тағынуы, яғни əрбір ер адамның өзінде браслет, тырма жəне қылыш болуын міндетті санады. Барлық сикхтер құрметті «сингх» атымен аталады, ол тегіне қосылып жазылады. Сингхтердің Пенджабта Халистан тəуелсіз мемлекетін құруды көздейтін жақтаушылары пайда болып, олардың басты қылмыстары – Индира жəне Раджив Гандидің өлімін ұйымдастыру əшкереленді. Дегенмен сикхтер Үндістан халқының 2%-на жуығын құраса, əскердің офицерлік құрамының 30%-ын құрайды. Сонымен қатар, олардың үлесі мемлекетті басқару мен полицияда жоғары. Бұл дінді елдің алдыңғы президенті Заил Сингх ұстанған.

Конфуцийшілдік – Қытай діні. Конфуцийшілдіктің негізін қалағанКунцзы (Конфуций) əлеуметтік-этикалық бағыттыбасты орынға, ал дүниеге көзқарас мотивтерін екінші орынға қояды. Конфуцийшілдік діннің маңызды элементтері – ата-бабаға ғибадат ету. «Сяо» ілімі – балалардың ата-анаға рақымдылығы, ата-аналарға қамқор болуды үгіттейді. Конфуцийшілдік ілім үлкенге, билікке бағыну, өзінен үлкенді құрметтеуге тəрбиелейді.

Синтоизм – Жапонияда ата-бабаларды құрметтеу жəне табиғатқа ғибадат етуден пайда болған. Синтоистер көптеген Құдайлар мен аруақтардың бар екеніне сенеді. Олардың жоғарғы Құдайы болып Күн Құдайы – Аматэрасу есептеледі, ол бұрын басқарған жапон династиясынан шыққан император деген мағынаны білдіреді (1989 жылдан баста — Акихито).

Ерте шыққан сенімдердің бірі Оңтүстік-Батыс Азияда, Палестинадағы еврей халқының арасынан шыққан қазіргі Израиль аумағында иудаизм діні пайда болды. Бұл басты дін болғанымен, ресми мəртебесі жоқ. Оған жасалған күнəларына кешірім сұрау идеясы тəн. Жалғыз Құдай Яхваға (Иегова) сенумен қатар, иудейліктер жанның мəңгі екеніне, өлгеннен кейін қайта тірілу, жұмақ жəне тозақтың бар екендігіне, Құдайдың рақымдылығына сенеді. Иудаистердің қасиетті кітабы – Танах, сонымен бірге Талмуд атты діни тракттаттар жинағы, идеологиялық, ғибадаттық жəне діни-құқықтық түсініктерімен иудаизмді бекітеді.

Дүниежүзілік діндер. Тек үш жергілікті дін Құдайдың жалғыз екендігін (монотеизм) насихаттауға байланысты, халықаралық сипатқа ие болып, дүниежүзілік діндерге айналды.

Буддизм дүниежүзілік діннің ең ежелгісі болып саналады. Егер христиандар «адам бір рет өледі, ал содан кейін — Сот» десе, буддистер (үнділер сияқты) əр жанның қайтадан тірілуінің ұзын тізбегі туралы айтады. Индуизмнен догманың қатарын іріктей отырып, буддизм касталық жүйеден бас тартады. Будда ілімінің орталық бөлігін адамгершілік, адамның мінез-құлқы нормалары құрайды. Буддизмнің негізін қалаушы – Будда – «қасиетті» (Сиддхартха Гаутама – ұлы князь). Заманауи бағыттары – Махаяна («құтқарудың кең жолы»), Хинаяна («жіңішке жол») немесе буддизм-ламаизм.

Дінге сенудің негізгі бағыттары келесі түрде қалыптасқан: 1. Өмірдің мəні – ол азап. Туу, қартаю, ауру жəне өлім, сүйіктісінен айырылу, сүйікті емес адаммен одақтасу, мақсатқа жетпеу жəне қанағаттанарлықсыз тілек – мұның барлығы азап. 2. Азаптың себебі – тілек пен құштарлық. Тұрмысқа, лəззатқа, жасампаздыққа, билікке, мəңгі өмірге жəне т.с.с. нəрселерді аңсау. 3. Азаптан құтылу үшін тілек пен құштарлықты түбімен жұлу, аталған тойымсыздықтыжою, жердегі күйбең тіршіліктен, тілектерден бас тарту – азаптан құтылудың жолдары. 4. Осы үшін мейірімді өмір сүру үшін дұрыс жүріп тұрудың жəне өнегелі білімнің заңдары бойынша адамның сергек болуы арқылы – нирванаға жету. (Тек осы жолмен толық босау арқылы – жоғарғы рахат күйі – нирванаға жету – Құдаймен бірігу).

Будда өз ілімін дамыта отырып, нирванаға жетудің жолдары мен əдістерін толықтай өңдеді: 1) дұрыс сенім, 2) шынай шешім, 3) шынайы сөйлеу, 4) шынайы іс, 5) шынайы өмір, 6) шынайы ой, 7) шынайы ойлар, 8) шынайы жасампаздану.

Христиан – бастапқыкезде иудаизм секта ретінде пайда болды, алғашқы діни сенімдерді тез ығыстырып, Рим (Византиялық) империясында, одан кейін оның шекарасынан тыс аймақтарда қанатын жайды. Христианның маңызды парызы: Құдайдың жалғыз екеніне жəне оның үштігіне – Құдай əке, Құдай баласы жəне Қасиетті Рух Құдайына сену. Құдайдың баласы Иисус христос екі сипатқа ие: Құдай жəне адам. Христианның негізгі идеясы – күнə жəне адам жанын құтқару. Құдай алдында адам күнəҺар жəне осы олардың барлығын теңестіреді: гректер мен иудейлерді, құл мен еріктілерді, бай мен кедейлерді – барлығы күнəһарлар, барлығы «Құдайдың құлдары».

Адамдар күнəден тазара ала ма? Иə, əрине. Тек олар күнəсін мойындаған кезде, егер өз ойлары мен іс-əрекетін күнəдан тазару жағына бағыттаған жағдайда, ұлы жəне жалғыз Құдайдың үш бейнесіне жəне Жер бетіне Құдай арқылы жіберілген жəне адамдар күнəсін қабылдаған ұлы қасиетті құтқарушыға сенгенде жүзеге асады. Иисус Христос азапты өлімімен алғашқы күнəні көтеріп, адамдарға адал жарқын өмір арқылы құтқару жолдарын көрсетіп, күнəларына өкіну жəне өлгеннен кейін аспан патшалығына баратынына үміт берді. Тақуа адам о дүниеде өзіне тиесілін алады, кез келген кедей жəне құл жұмаққа баруы мүмкін, ал ол кезде күнəһар адам тозақта болып, «отты тозақта» өртенеді. «О дүниеден басқа» күнəһар жəне тазаланбаған адамдарға Христостың Жерге «қорқыныштысот» ретіндежүзеге асатын «екінші рет келу» қаупі төнеді.

XI ғасырда христиан православтар жəне католиктер болып екі бағытқа бөлінді. Олар парыз, ғибадат ету жəне ұйымдастыру қабілеттерімен ерекшеленеді. Айтарлықтай парыздық айырмашылық болып Қасиетті Рухтың шығу тегі туралы сұрағы – католиктер бойынша, ол Құдай-Əке жəне Құдай-Баладан (fi ligue- «жəне Баладан») шықса, православтар тек Құдай-Əкеден шыққан. Католиктердің православтардан ерекшелігі жұмақ пен тозақтан басқа аралық бөлік – «тазару» бар дейді.

Егер барлық католиктер ұйымшылдықпен біргежəне рим папасына (бұрынғы XVI папаБенедикт – ЙозефРатцингер) бағынса, онда православтардың автокефальды (тəуелсіз) ұлттық шіркеуі бар. Олардың барлық саны – 15: Мəскеулік, Константинопольдік, Александриялық, Иерусалимдік, Грузиялық, Американдық жəне т.б. Католицизмде Құдайға барудың қасиетті қызметшілері — монах арқылы жүзеге асады. Православта қасиетті қызметшілер үйленген болуы немесе некесіз болуға діни ант берсе, католиктерде – некеден безуші (целибат), міндетті некесіз болу керек.

Қызметке жөнелу кезінде де бірнеше айырмашылықтар бар: праславтық мұнарада органдық музыкасыз, тек хормен əн айтады, сенушілер тік тұрып сиынады, ал католиктер балаларын суға түсіріп шоқындырады, православтар баласын суға үш рет салады жəне кресті салуда да айырмашылықтары бар — православтар оңнан солға қарай жəне үш саусақты біріктіріп шоқынады жəне т.с.с.

Кейбір православтық шіркеулер католиктермен жақындасып, басқарушы рим папасын мойындайды (униаттық немесе грек-католиктік).

XVI ғасырда католиктен Реформалау деп аталатын протестантизм («протест» сөзінен) бөлініп шықты, ол Рим папасын жоққа шығарып, христианның үшінші негізгі бағыты болып қалыптасты. Ірі ағындары болып лютерандық жəне кальвинизм табылады. Протестантизм христианға үш жаңа қағиданы алға қойды: жеке сенімді құтқару, барлық сенушілердің қасиеттілігі жəне Библияның беделі. Əрбір христиан, болашақ таңдамалы жəне шоқынған (үлкен адамдарды шоқындыру), Құдаймен тілдесуге қабылдау алады, делдалсыз Құдайға қызмет етуді бастауға жəне жетілдіруге құқығы бар (шіркеулер, руханилық). Тек екі құпиялылық сақталған: шоқыну жəне тазалану. Бас тартқандары: қасиеттілерге бас июден жəне солардың құрметіне арналған мейрамдардан, бейнелерді құрметтеуге (олар дұға оқитын үйлерінде жоқ, алтарьда, қоңыраулар жəне т.с.с) болмайды, яғни олар Қасиетті жазуды мойындайды. Протестанттар Қасиетті жазбалардан – шіркеу əкелерінің еңбектерінен жəне соборлардан бас тартады. Құдайға қызмет ету уағыз айтумен, дүға оқумен жəне өз ана тілінде əн салумен өтеледі. Протестантта «соңғы протестанттық» деген атпен белгілі шіркеу, секта сияқты бірнеше ағымдар қатары бар: баптисте, методисте, адвентисте, Иегова куəгерлері, «құтқару Əскері», елужылдықтар, «Христиан ғылымы», жəне т.б. Протестанттың дүниежүзілік орталығы – АҚШ, онда бұл шіркеулердің штаб-пəтері орналасқан.

Ислам – пайда болуы бойынша дүниежүзіндегі ең жас дін болып Аравия түбегінде халықтар арасында таралған. Оның негізін қалаушы Мұхаммедті исламда үмбет немесе мұсылман деп жиі атайды (басқа нұсқа бойынша, «ислам», «мұсылман», Аллаға – «бас ию» сөзінен шыққан). Аллаһ — жалпысемиттік тілден «ал» сөзі «Құдай» ұғымын білдіреді.

Адам Құран бойынша, күнəға жақын əлсіз тіршілік иесі, ол өзінше ештеңеге қол жеткізе алмайды, тек Аллаһтың көмегімен. Осы дінді уағыздаушы Мұхаммед – тарихи тұлға. Ол 570 жылы туылған, жас кезінде ағасының қойын бағып, кейіннен ағасының жесір əйеліне үйленіп, Аравияда мемлекет басшысы болған. Мұхаммед Будда, Конфуций, Иисус сияқты терең ғұлама ойшыл болмаған, бірақ ол өзіне таныс дінді таратқан – исламның жасыл туы астында арабтарды жалғыз Құдайға сиынуға əкелді.

Ислам – қатал түрде монотеистік дін жəне Троица туралы христиан парызын жоққа шығарады. Мұсылман үшін Құдай жалғыз – Аллаһ, ал Иисус Христос – тек адам, көптеген үмбеттердің бірі (иудейліктер үшін де).

Басында Мұхаммед жаңа ілім дамытамын деп тұрған емес. Барлық парызы Библиядан алған: қорқынышты сот идеясы жəне жұмақ, сайтан (шайтан), пері (жындар). Осының салдарынан ілім араб дəстүрлерімен толықтырылған: көп əйел алушылық, шарап ішпеу жəне т.б. Басқа нұсқа бойынша, иудаизм жəне христиан дінінен ізін жалғастырушысы 3 рет көшірілуімен түсіндіріледі, ал халықтың этностық жəне рухани жақындастығы бойынша осы дін пайда болды. Араб жəне еврейлер этностық құрамы бойынша бір тілдік жанұясына – семит-хамитке, жəне тіпті бір топқа – семитке жатады. Сенім бойынша, екі халық та бір атадан – Ибрагимнен (Авраам) шыққан. Тек еврейлер – оның баласы Исаактан, ал арабтар – Исмаилдан (Измаил) тараған. Үшінші нұсқа бойынша ізін басушы ретінде ислам христиан дінінен кеш бөлініп шыққан.

Ислам пайда болғаннан кейін шиизм жəне суннизм тармақтарына бөлініп кетеді. Шииттер (көзқарастары дұрыс, олар аз) имам-халифті тек Алилер (халифа Алидің ұрпақтары жəне оның əйелі Фатима – Мұхамедтің қызы) деп мойындайды. Сунниттер Құранмен бірге, Суннаны (Мұхаммедтің үмбеттері мен туысқандарының сөзінен алынған қасиетті берілген жазбалар) жəне мəселені шешу кезінде жоғарғы мұсылман билігін (имам-халифті) мойындап, «барлық қауымның келісіміне» арқа сүйейді. (Бір жағынан, сунниттердің көзқарасы шиитерге қарсы, адамның еркін бостандығы бар екенін жоққа шығарады).

Сондықтан, бəлкім, діннің мазмұны мен құрылымына əр адам өзінше терең үңілу керек шығар. Бірақ та бұл сұрақта абай болған абзал. Қазіргі уақытта көптеген тоталитарлық секталар деструктивті ғибадатты уағыздауға шақырып жатыр. Тоталитарлық секталардан зардап шеккендер қатары жəне жастарды жалған діннен құтқару бойынша комитеті келесі əрекет ететін діни ұйымдарды қауіпті деп тануда: «АУМ Сенрике», «Ақ ағайынды», «Сайентология шіркеуі», «Кришнаны мойындаудың халықаралық қоғамы», «Иегова куəгерлері» жəне т.б.

Авторлық сілтеме:
Нүсіпова Г. Н. Халықтар географиясы: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы 5 В060900 – «География», 5 В011600 – «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ұсынылады. – Алматы: «Экономика», 2011. – 214 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *