Денсаулықты бұзатын факторлардың бірі – дұрыс және жүйелі түрдеөз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның салмағы артып. Шектен тыс семіріп кетеді. Ол неге әкеліп соғады, адамды ауруға шалдықтырады. Кейіннен өмірмен қоштасуға тура келеді. Қазіргі нарықтық кезінде біздің елдің көптеген адамдары денсаулықтарына онша көңіл бөлмеуде. Әсіресе, мектептегі оқушылар уақытылы тамақтарын ішпесе, денсаулықтары нашарлап, сабаққа деген ниеті де болмайды.Қорыта айтқанда салауатты өмір сүрудің салты тек табиғат қана емес, ол адамзат баласын асыраушы ана. Табиғаттың келешегі зор,берері мол. Оған бірді берсең онды, жүзді берсең мыңды аласың. Дегенмен, салауатты өмір сүру салтын көптеген адамдар сақтамайды. Бірде мен бір қарт адамға, неге темекі шегесіз дегенде, ол маған бір Алла- Тағаланың жазуы бар ғой, көп жасаймын ба, жоқ па, аз жасаймын ба, әйтеуір бір жазу бар ғой деді. Жоқ олай емес дедім,өйткені темекі шегу өмірді қысқартады. Салауатты өмір салтын әрқашанда бірінші орынға қою керек.Әсіресе, жас жеткіншектерді дене шынықтытуға баулуымыз керек.

Ерте заманда біздің ата-бабаларымыз күндіз-түнітаза ауада малдың соңынан жүріп отырған. Темекі, арақ –шарап, норкотик дегендерді тіпті де білмеген, сондықтан біздің ата-бабаларымыз ұзақ өмір сүрген. П.К.Иванов былай деп кеңес береді: «Егер ұзақ уақыт бойы аштыққа шыдай алмасаң,онда бір тәулікке ғана шыда» Сонымен қатар, жақсы тамақ ішуге , әбден үйреніп кеткенбіз, көп ішеміз, дәмді тамақтарды жақсы көреміз. Тамақ ішуге, жеуге әбден үйреніп алғанбыз. Бұл жануарлықтың белгісі, надандақ көрінісі. Тамақты көп ішу ақылды көбейтпейді. 42 сағат ашыққан кезіңізде өзіңізді қалай сезінер едіңіз, басыңыздың қалай жеңілдегенін байқадыңыз ба, деп ол өз-өзіне сауал қояды. Барлығына шыдау керек. Шыдамсыз ешнәрсе орындалмайды. Шыдамдылықпен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Бірінші күні ағза өзгеріске қатты ұшырайды. Қоректік заттарды адам айналаны қоршаған сыртқы ортадан алатынын П. К.Иванов айтады. Ауру қозған кезде ашыққан жақсы нәтиже береді.

Жексенбі күні сағат 12-де далаға шық. Табиғат көрінісін байқа, жалаң аяқ жүр, бірнеше рет терең дем ал. Ойлан. Бұл саған мереке сияқты күн болсын. Осыдан кейін , қанша тамақ, қандай тамақ ішсең де өз еркің. «тамақ ішер алдында – деп жазды – ол, сыртқы қораға, үй ауласына жалаң аяқ шық, басыңды жоғары көтеріп бірнеше рет кеңінен дем ал, мұрының арқылы атмосферадан ауаны бірнеше рет ішіңе тарт. Бұл тыныс алу адамның ағзасындағы болатын зат алмасу үрдісін үдетеді. Табиғат саған жақындап барлық жақсылығын сенен аямайды – деп адамдарды сендіреді

Есірткі заттар және денсаулық

Зиянды дағдылар: темекі тарту, арақ –шарап ішу, есірткі және улы заттарды пайдалану.

Наркотикалық заттарды –гаршишті Қытайда біздің заманымызға дейінгі 3500жыл бұрын аурулардан сауығу үшін пайдаланған.Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химиялық заттар алып, әр түрлі заттарға қолданған.Олар: анаша банг.Зиянды дағдылардың алдын алуға әсерін тигізетін кейбір қалыптасқан ережелерден тартымды етіп түсінік беру.Зиянды дағдылардың түрлерінен есірткі қосалқыларының қазіргі кездегі классификациясына түсінік беру.Есірткі қосылыстарға деген тәуелділік факторларын ашып түсіндіру. Арақ-шарап ішу мен шұғылданудың кезеңдері, темекі есірткісі-темекі түтінінің адам ағзасына әсері.Зиянды дағдыларды болдырмауға қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Қолға түскен есірткі заттарды аяусыз түрде отқа жағып,ұсталған адамдарды ешқандай аяусыз соттап жатыр. Осындай қатаң шараларға қарамастан, есірткі сатушылар азаймай-ақ тұр. Олар жылдан жылға көбейе түсуде. Мұның кең етек алып, кең таралуын бір қатар ғалымдар және педагоктар, психолгтар, медиктер және сауатты адамдар басқа келген апат деп түсіндіреді. Бұл адамдардың басына келген нағыз бақытсыздық. Мұны ғалымдар өркениет ауруы дейді. Есірткі заттармен айналысу дәрігерлердің алдында тұрған үлкен шешуі табылмай келе жатқан мәселе. Адам денсаулығына зиян келтіретін дағдылар: темекі шарап ішумен шұғылдану, есірткі және улы қосылыстармен айналысу.

Айта кететін бір жайт барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден өндіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының териториясында 500 мың гектар жерде конопля өседі. Конопля гүлденген кезде оның тозаңдарын жинап алып, сақтап, кептіріп сатуға дайындайды. Бұл үлкен қылмыс. Одан анаша өндіріледі. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі- тарту, екіншісі –ішу, үшіншісі арнаулы арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұғылданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді.25-26 жасында өмірімен қоштаса береді. Ол үшін өте күшті ерік боуы тиіс. Дағды- бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сонымен бірге табиғатына таңылып қалатын мінез- құлықтары«автоматтандырылған элемент» . Адамның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шартты рефлекстер тізбегі болып, ол дами түседі. Бұл шарттар рефлекстен құтылуға әбден болады. Егер, таңертең гимнастика жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады. Қан құрамы өзгереді. Адамнның көңіл-күйі көтеріле түседі.

Денсаулық және темекі шегу

Никотин-өсімдіктерде кең тараган у. Темекі түтінінің негізгі болігі. Таза күйінде сарғыш келген май сияқты сұйықтық, өзіне тән қолайсыз иесі болды. Темекі шегудің денсаулыққа тигізер зияны зор. Темекі тартқан адамдазат алмасу үрдісінің барлық түрлері зардап шегеді. Ер адамдардың жыныстық әлеуметтігікетеді. Бойжеткендер мен жас әйелдер де етеккір циклі бұзылады. Әсіресе темекі түтіні ұрық және нәрестеге зиянды, никотин туар баланың жаңа шығып жетіліп келе жатқан орталық жүйке жүйесінің жасушаларына зиянын келтіреді. Жүктілік токсикоздың дамуына әкеп согатын факторлардың бірі темекі түтіні. Кейінгі кезде темекі тартатын адамдардың саны өте көбейіп кетті. Оған байланысты өлім-жетім де көбейіп тұр. Темекі түтіні мен созылмалы уланудан өлетін адамдардың саны басқа себептерге қарағанда өте көп. Осылайша біздің жер депаталатын планетамызда тұратын адамзат баласының миллиондапөлетіндері әрбір 4 күн сайын маскүнем, әр 3 күн сайын автокөлік апатынан 1 құрбан, әр 3 күн сайын темекі түтінімен созылмалы уланудан 1 адам өмірмен қоштасып отырады. Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан алкоголь алу сонауY-YІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді.Алкоголь –ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь – рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі сезімдерге беріліп, әр түрлі қылмыстар жасайды. Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі бір мөлшерде болмайды. Сырада орта есеппен алғанда-3-6%, кейбір сыраларда бұданда көпмол жерде алкоголь –спирт болуы мүмкін-10-17%, шарапта-10-14%, виски, арақ, джин, бренди,ром, коньякта -40-50% болады. Қандағы алкогольдің мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Ал қанда алкоголь мөлшері0,40% адам ес түсінен айырылып қалады.

Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % адам өледі. Алкогольизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс –тіршіліктің сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеументтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысыныңауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар, физиологиялық-биохимиялық экологиялық факторлар.

Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сатпаев үш кезеңге бөлді.

  • Невростеникалық. Ақзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қасиеті мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ меңдеп алады. Неге болса соған ашулана береді.
  • Наркоманиялық алкогольдік психоз. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға жетеді. Тұрақты маскүнемдік көзге көріне бастайды.
  • Қортынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасына көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады.

Алкоголь – ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ақзаның жұқпалы ауруларға тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз өліп кетуіне әкеліп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез сіңіріп, қанға бірден өткізеді.Қан алкогольді денеге бірдентаратады. Ол ең алдымен мидың қызыметін бұзады.

Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттің у концентрациясы 70-80% дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48%.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *