Жастарымыздың дене белсенділігін дұрыс ұйымдастыру зорығудан және оның салдарынан қорғайды, жас ағзаны қалыптастырады, әрі нығайтады. Зорығу еңбек қабілетінің уақытша төмендеуімен – шаршаумен сипатталады. Аз уақыт тыныққан соң зорығу тез басылады. Бұл қалыпты физиологиялық күй, соның арқасында ағза әртүрлі жүктемеге бейімделеді. И.П.Павлов «Мен өз тәжірибемді жасау кезінде қатты тітіркенген болсам да, дене еңбегімен айналысқан соң, тез арада тынышталатыныма бірнеше рет көзім жетті. Дене еңбегі ерік күшін, шыдамдылықты дамытатынын ұмытпаған жөн. Ақыл-ой қабілетінін жоғарғы қимыл белсенділігін де нығайтады. Ақыл-ой еңбегімен айналысатн адамдар гиподинамияға жиі ұшырайды. Гиподинамия кезінде жүректің қызметі әлсірейді, дене массасы артып кетеді, бұлшық ет жүйесі әлсізденеді. Қимыл белсенділігінің бұзылуы ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын төмендетеді, жұмыс қабілетін нашарлатады.

Тыныс алғанда жұтылған ауа құрамында оттегінің аз болуы жылдам шаршауға себеп болады. Сабаққа дайындалу кезінде үстел басында ұзақ отыру қанның және мидың оттегімен қамтамасыз етуін қиындатады. Ұзақ уақыт бір ғана түрдегі жұмыспен айналысу жүйке жүйесін біртіндеп тежейді. Сондықтан әрбір 45 минут сайын жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін үзіліс жасап отырған жөн. Егер адам шаршағаннан кейін күшін қалпына келтірмесе, онда зорығуы мүмкін. Әсіресе балалар ақыл-ойдың зорығуына бейім. Зорыққан кезде бас ауырады, айналады, әлсіздік пайда болады, ұйқы бұзылады, есте сақтау қабілеті төмендеп, ұмытшақтық пайда болады, адам ашуланшақ болады және т. б. Зорығуды болдырмау үшін тиімді күн режімін сақтау керек, яғни белсенді қимылдау, дұрыс тамақтану,сабақты уақытымен орындау, мектептегі үзіліс кезінде белсенді тынығу және таза ауада тынығу қажет. Гигиенашылардың зертеулеріне қарағандакүндізгі уақыттың 82-83 процентін оқушылар қимыл-қозғалыссыз өткізгендігін көрсетті.

Ал дене шынықтыру сабағы оқушының қажетті тәуліктікқозғалыстың 11-12 процентін ғана өтейді. Сондықтан үйдегі және мектептегісабақ басталардағы жаттығула, сабақ үстіндегіфизкультпаузалар, денешынықтыру сабағындағы жоғарғы белсенділік, үзілістегі қимыл ойындары және таза ауадағы ойындар ақыл-ой қабілетін жақсартады. Зорығудан сақтану үшін жағымды көңіл-күй мен мектепте және үйде айналадағылармен жақсы қарым-қатынаста болу да маңызды.

«Адамның ақыл-ой және дене дамуының арасында тығыз байланыс бар. Ақылдың өсуіне дамуына сәйкес дененің де дамуын талап етеді және керісінше біржақты тек денені дамыту ақыл-оймен жеткіліксіз тексерілмеген және бағытталмаған іске ұрындырады», — деп жазды көрнекті ғалым П.Ф.Лесгафт.

Мықты денсаулықты, қозғалыс мәдениетін, дене жетілуін қамтамасыз ететін дене тәрбиесі жүйесі ақыл-ой, жұмыс қабілеттілігі үшін күш беру көзі болып табылады. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнында өзара байланыстағы білім беру жақтары айырмаланады.

Дене және ақыл-ой тәрбиесінің өзара байланысы. «Адамның ақыл-ой және дене дамуының арасында тығыз байланысбар. Ақылдың өсуіне дамуына сәйкес дененің де дамуын талап етеді және керсінше бір жақты тек денені дамыту ақыл-оймен жеткіліксіз тексерілмеген және бағытталмаған іске ұрындырады»,- деп жазды көрнекті ғалым П. Ф. Лескафт.

Спорт психологиясы дене шынықтыру мен жаттығуларымен, әсіресе, спортпен шұғылдануда кең интеллектуалдық негізде іске асады.

Дене және ақыл-ой тәобиесінің екі жақты мәнін жалпыға бірдей түрінде келесі ережелерде анықтауға болады. Мықты денсаулық, қозғалыс мәдениетін, дене жетілуін қамтамасыз ететін дене тәрбиесі жүйесі ақыл-ой, жұмыс қабілеттілігі үшін күш беру кезі болып табылады. Өз кезегіндешұғылданушыныңойлау қабілетін дамытуға бағытталған ақыл-ой тәрбиесі олардың қозғалыс әрекеттерін терең ойланып және шығармашылықпен меңгеруін дұрыс іске асырып, олардың дене қабілетін еңбек және спорт мүддесі ұтымды жетілдіруін қамтамасыз етеді.

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны.Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнында өзара байланысты білім беру жақтары айырықшаланады. Білім беру жағы шұғылданушыларды арнайы біліммен қамтамасыз етеді.(мысалы, үйретілетін қозғалыс әрекетінің негізгі механизме, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары туралы және дене сапаларын тәрбиелеуге, таңдап алған спорт түрінің әдістерінің ерекшеліктеріне, дене жаттығуларының адам ағзасына жалпы және шектелген әсеріне, денеге түсетін жүктемелер жайлы, жаттығулардың мөлшеріне, гигиеналық талаптарына және т.б.).

Психологтар арқылы дамытудың бірінші қажетті жағыдайы құбылыыс туралы ақиқатты білу деп тұжырымдайды. Білімсіз қарапайым ақыл-ой қызыметінің болуы мүмкін емес. Арнайы білімді күнделікті меңгеру және кеңейту қозғалыс әрекеттерінде оны мақсатқа сәйкес ұтымды пайдалануды тәрбиелеу дене тәрбиесі жүйесінде ақыл-ой қызыметінің басты мазмұнын құрайды. Дегенмен арнайы білімнің маңызы қанша зор болғанмен, шұғылданушылардың ақыл-ой белсенділігін дамытуда бұл білімдердің және сапаларының көмегінің ақыл-ой қызыметінің тиімділігін өздігінен қамтамасыз ете алмайтындығын көңілден ұмыт қалдырмау керек. Алған білімді бір жерге келтіріп, бұл білімді және қозғалыс тәжрибелерін өмірдегі әр түрлі жағыдайларда еңбекте, спортта қолдана білу қажет. Бұған кейде қозғалыс әрекетіне үйрету барысында шұғылданушылардың танымдық қабілеттерінің дамуы жәрдемдеседі.

Осы заманғы психологияда тиімділікпен, шығармашылықпен және қайта есіне түсірумен, ұдайы үдіріспен ойлау айырмаланады. Дене тәрбиесі тәжірибесінде қозғалыс әрекеттеріне үйрету ереже бойынша шұғылданушылардың танымдық белсенділігін көз алдына келтіру негізінде іске асырылады.

П.К.Ивановтың қарғаш ілімі 12 қағидадан тұрады.

  1. Күніне екі рет табиғи суға шомыл, өзіңе жақсы болсын. Қайда болса да шомыл өзенде, көлде, ваннада, душ қабылда. Суық суды өзіңе ақтара сал. Бұл сенің шарттарың. Ыстық суды суықпен аяқта.
  2. Суға түсер алдында не кейін, мүмкін болса бір уақыт далаға шық, болмаса бірнеше рет тыныстап алда, ойша өзіңе және барлық адамдарға денсаулық тіле.
  3. Ішкілік ішпе, темекі тартпа.

4.Аптасына 1 тәулік ас судан бас тарт, жұманың 18, 20 сағатынан, жексенбінің сағат 12-іне дейін. Бұл сенің шартың.

5.Жексенбінің сағат 12-де далаға шық, жалаң аяқ жүр, сейіл құрып бірнеше терең тыныс алып, ойлан, жоғарыда айтқандай. Бұл сенің мерекең. Осыдан кейін тәбетің тартқанша тамақтан.

  1. Қоршаған табиғатты сүй, жағалай түкірме, қақырма. Осыған үйрен – бұл сенің денсаулығың.
  2. Әрқашанда қайда жүрсеңде, әсіресе қарт адамдармен амандасып жүруіңіз керек. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле, олармен сәлемдесіп жүр.
  3. Жұртқа мүмкіндігің келгенше көмектесіп жүр, әсіресе кедейлерге, жарымжан кісілерге көмектес, елеусіз қалған қарт адамдарға көмектес.Мұңайған адамдардың қайғы-қасіретін бас. Мұны қуанышпен істе.Кімнің болмасын қажет-керегіне бүкіл жаныңмен жауап беріп,мұқтажына жарауға кіріс. Одансоң досыңды табасың., осылайша бейбітшілікісіне көмектесесің.
  4. Өзіңдегі ішітарлықты, жалқаулықты, дандайсуды,көрсе қызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлығыңды жең. Адамдарға сен және оларды сүй. Олар туралы қаңқу, жалған сөзді айтпа, біреулердің оларды діттегенін қаперіңе алма!10. Басыңды ауру-сырқаудан, өлім туралы ойлардан босат! Бұл сенің жеңісің!11. Ойыңды ісіңнен бөлме! Оқыған екенсің –жақсы, бірақ ең бастысы- істе!
  5. Айтып жүр, осы тәрбиеңді басқаға тарат, бірақ мақтанба, осымен көтерілемін деме, қарапайым бол.

Мен сіздерденсұрап, жалынамын – деп жазды ұстаз П.К.Иванов- табиғатпен бірге болып, өзіңнің орныңды табиғаттан тап.Сіздің орныңыз бос тұр оны ешкім басқан жоқ. Ол орынды ешкім де сатып алған жоқ, ешкімге ешқандай ақшаға сатылмайды да, өзіңнің еңбегің мен ісің мен табиғаттан рахат табасың.

П.К.Ивановтыңжүйесін пайдалана отырып, бронхитті, туберкулезді, созылмалы тонзилиттерді, жүрек ауруларынан бірден айығып кетулеріне болады. Табиғатта денені шынықтырумен айналысу әркімнің қолынан келеді.Бірақ шектен шығып кетуге болмайды. Өзіңе қажеттісін таңдап ал.

П.К.Ивановтың жүйесі мен қағидалары бойынша табиғи сауықтырумен айналысушы адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп кетеді. Аурулар денеден кете бастайды. Өлім туралы ойларкөңілге мүлдем келмейді. Тіршілік өмірде мәнсіз жүріс-тұрыс болмайды. Адам бар болмысымен өмірге, саулыққа, қуанышқа, жақсылыққа, жасампаздыққа біржола бетбұрыс жасап, шаттыққа орана бастайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *