Дəрілік өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктері

Қазақстанның өсімдік дүниесі көптеген пайдалы өсімдіктерге бай, солардың ішінде дəрілік өсімдіктердің маңызы орасан зор. Дәрі-дәрмектердің 40%-нан жоғары дəрілік өсімдіктерден жасалған. Өсімдіктерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы əсерінің аздығымен жəне көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде дамыған елдердің медицина саласындағы басым ғылыми жұмыстары жаңа, жоғарғы технологиямен дəрілік өсімдіктерден препараттар алуға бағытталған. Оның себебі, дүние жүзінің халықтарының 70–80% дəстүрлі медицина əдістерін пайдаланады. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дəрілік өсімдіктерге байланысты. Кейбір дəрілік өсімдіктердің дəрілік қасиеттері əртүрлі болғандықтан, əр аймақтың халқы дəрілік өсімдіктерді өздерінше пайдалануы мүмкін. Өйткені халық медицинасында қолданылатын көптеген дəрілік өсімдіктер ғылыми медицинада əлі күнге дейін белгісіз болып келеді. Өнеркəсіптің дəрілік шикізаттарға сұранысының артуына байланысты, олардың республика көлемінде өсетін жерлерін зерттеу жəне қорларын анықтау аса маңызды міндет болып табылады [1].

Дəрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады. Дəрілік өсімдіктерді зерттеп, емдік қасиетін анықтап, таныстыру ісінде республикада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін тереңірек білу үшін олардың жеке даму циклдарындағы морфологиялық жəне анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін білу ол өсімдіктерден алынатын шипа затты фармакологияда пайдалануға, сапасын арттыруға, экологиялық сипатын, жүйелілік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді [2]. Дəрілік өсімдіктердің біраз бөлігі биологиялық ерекшеліктерді байқаудың жеткіліксіздігінен тереңірек зерттеуді қажет етеді, бұл оларды сақтауға, қалпына келтіруге жəне Қазақстан флорасының биологиялық түрлілігін толықтырудың маңызды бөлігі болып табылады.

Дəрілік өсімдіктер қолдану кезінде фармакологиялық сараптаудан өткізілуі керек. Қазіргі кезде медицина саласындағы ғалымдар дəрілік өсімдіктерге барынша ден қойып, əрбірінің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дəлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде Сондықтан қазіргі таңда фитотерапияға деген сұраныс артуда [3]. Қазіргі таңда антропогендік факторлар (рекреация, жерді жырту, мелиорация, ағаштарды кесу, мал жайылымы жəне т.б.) əсерінен дəрілік өсімдіктер ресурстары жойылуы мүмкін, сондықтан оларды пайдалану мен қорғау қатар жүруі тиіс [4]. Дəрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын əлі күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдану пайдалы екендігі анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан, соңғы кезде қолданылатын жаңа химиялық препараттарға дəрілік өсімдіктерден дайындалған дəрілерге сұраныс көп деуге толық болады. Соған байланысты дəрілік өсімдіктердің химиялық құрамын ғана емес, оның морфологиялық жəне анатомиялық құрылымын зерттеу өзекті мəселе. Өйткені, өсімдіктің құрылымдық ерекшеліктерін білу олардың морфофизиологиялық критерияларын анатомиялық критериялармен толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол мəліметтер өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп өсімдіктің, əсіресе дəрілік өсімдіктердің табиғаттағы қорын тиімді пайдалануға жəне қажетті дəрілік өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан дұрыс жерсіндіруге мүмкіншілік береді.

Қазақстанда 700-ге жуық дəрілік өсімдіктер түрлері бар. Олар əртүрлі препараттарды алу үшін маңызды шикізат көзі болып табылады. Олардың құрамында: алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, илік заттар, эфир майы жəне т.б. болады. Əртүрлі дəрілік өсімдіктерде шипалық əсер етуші заттары өсімдіктің əртүрлі мүшелерінде жинақталады: тамырында, тамырсабағында, тек жапырағында, гүлдерінде жəне тіпті күлтелерінде жинақталады. Сондықтан, дəрілік өсімдіктердің əртүрлі мүшелерін жинау жəне кептіру өздерінің ерекшеліктеріне қарай жасалады. Соның ішінде пайдалы дəрілік өсімдіктердің бірі жүрекше сасықшөбі (Leonurus cardiaca L.) жəне Самарский сасықшөбі (Leonurus quinquelobatus Gilib.). Ерінгүлділер тұқымдасына жататын, биіктігі 30-100 см-ге дейін жететін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардан жүйкенің тез қозғыштығына, жүрекқан тамыр неврозы, гипертониялық аурулар, жүректің ишемиялық ауруына, миокардитте, ұйқысыздық, невроз ауруларына қарсы дəрілер алынады.

Ерінгүлділер тұқымдасына жататын – Leonurus cardiaca L., Leonurus quinquelobatus Gilib. Өсімдіктерінің құрамындағы биологиялық белсенді заттардың болуымен қызығушылық тудырады. Қазіргі кезде медицинада қолданылады, олардың фармакологиясын зерттеу жалғасуды. Қазақстанда бұл өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері зерттелмеген. Осыған орай зерттеу жұмысымыздың мақсаты: жүрекше сасықшөбі (Leonurus cardiaca L.) мен Самарский сасықшөбі (Leonurus quinquelobatus Gilib.) өсімдіктерінің əртүрлі даму кезеңдеріндегі морфологиялық құрылысын салыстырып зерттеу. Зерттеуге дəрілік өсімдіктерінің, ерінгүлділер тұқымдасына жататын Leonurus quinquelobatus Gilib., Leonurus cardiaca L. өсімдіктерінің үлгілері алынды. Өсімдік үлгісі Қазақстан флорасы арқылы анықталды [7].

Leonurus cardiaca L. – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30см-ден 100 см-ге дейін жететін тамырсабақты өсімдік. 4 қырлы сабағы түзу, сырты түкті. Жапырақтары қалақ тəрізді, саусақ салалы. Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғарғы еріні ақ түсті. Көп гүлді гүлшоғыры жапырақ қолтығына орналасқан. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – көп жаңғақша. Елдің Еуропалық бөлігінің орта жəне оңтүстік аймақтарында, Солтүстікте Батыс Сібір мен Қазақстанның елді мекен аймақтарында ған кездеседі. Жүрекше сасықшөбі тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі.

Leonurus quinquelobatus Gilib. – ерінгүлділер тұқымдасына жататын сұр түсті көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы 50 – 160 см-ге дейін жететін тік, қызғылт түсті, тармақталған болып келеді. Жапырағы ақшыл-жасыл, төменгі жағы сұр түсті, биіктігі 6 – 12 см. Гүлдері – қызғылт. Маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Еуразияның қоңыржай белдемінде, Қазақстанда Тобыл – Есіл, Балқаш – Алакөл алқабында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Алтай, Тарбағатай тауларында, Күнгей, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында кездеседі.

Cасықшөптен алынған препараттарды жүрек қантамыры неврозында, жүректің демікпелі ұстамасында (стенокардия), жүрек етінің қатаюында (кардиосклероз), жүрек бұлшық етінің қабынуында (миокардит), жүйке жүйесінің бұзылуында, қан қысымы көтерілгенде, бас айналғанда, ми зақымданғанда ішеді. Сондай-ақ, сасықшөптен алынған дəрі-дəрмекпен қояншық, Базедов ауруын емдейді. Халық медицинасында сасықшөпті шемен, ревматизм, асқазан ауруларын, созылмалы ішек ауруларын емдеуге пайдаланады. Гүлінен ара бал жинайды. Cасықшөптің құрамында: алкалоид (0,009 – 1,97%), эфир майы (0,04 – 0,15%), илік заттар (2,3 – 8,2%), С витамині бар [8].

Leonurus cardiaca L., Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдік түрлерінің əр жастағы морфологиялық құрылымын анықтау тамыр жүйесімен қатар зерттелді. Өсімдіктердің тамыр жүйесіне зерттеу құрғақ күйде қазып алу əдісі арқылы жүзеге асырылды [9]. Өсімдіктің əртүрлі кезеңдік топтары əдістеме бойынша жіктеліп, мынадай индекстермен: өскін тіршілік күйі (P), ювенильдік кезең (J), имматурлық кезең (Im), виргинилдік кезең (V), жас генеративтік кезең (G) белгіленді. Leonurus cardiaca L. – Жүрекше сасықшөбі 1. Өскін тіршілік күйі (P). Бұл кезеңде өсімдік биіктігі 4 мм, 2 жапырақты. Жапырақ пластинкасының ұзындығы 1 мм, ені 0,5 мм. Негізгі тамыры топыраққа 4-5 мм тереңдікте енеді. Тарамдалуы өте əлсіз. 2. Ювенильдік кезең (J). Өсімдік биіктігі 1,2 – 1,3 см. Жапырақ саны 4 – 5. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,1 мм, ені 1,7 мм. Негізгі тамырдың тереңдігі 7-8 мм-ге жетеді. Бірінші реттік бүйірлік тамырдың ұзындығы 4-5 мм жетеді, одан ұзындығы 2-3 мм болатын екінші реттік бүйірлік тамырлары қалыптасады. 3. Имматурлық кезең (Im). Өсімдік биіктігі 4,7 – 4,8 см. Онда 3-4 жапырақ жетіледі. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,7 мм, ені 1,3. Негізгі тамыры жақсы жетіліп, 2,1 – 2,2 см тереңдікке енеді. Одан ұзындығы 1,8 – 1,9 см бірінші реттік бүйірлік тамырлары жетіледі, екінші реттік бүйірлік тамырларының ұзындығы 2,4 – 2,5 см. 4. Виргинилдік кезең (V). Өсімдік биіктігі 3,5 – 3,6 см. Жапырақ саны 6- 7. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,6 мм, ені 1,3. Негізгі тамырдың ұзындығы 3,4 – 3,5 см, ал бірінші реттік бүйірлік тамырдың ұзындығы 0,5 см. Одан дамып жетілген екінші реттік бүйірлік тамырдың ұзындығы 1,5 см, үшінші реттік тамырдың ұзындығы 3,5 см.

1. Өскін тіршілік күйі (P). Өсімдіктің биіктігі 4-5 мм, 2 жапырақты. Жапырақ тақтасының ұзындығы 0,7 мм, ені 0,5 мм. Негізгі тамырдың тереңдігі 1,8 – 2 см. Негізгі тамырдан ұзындығы 0,5 мм болатын екінші реттік бүйірлік тамырлары қалыптасады. 2. Ювенильдік кезең (J). Өсімдік биіктігі 1,8 – 1,9 см. Бұл кезеңде жапырақ саны 2 – 3-тен аспайды. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,2 мм, ені 1,3 мм. Негізгі тамырдың топыраққа ену тереңдігі 2-3 мм. Бірінші реттік бүйірлік тамырдың ұзындығы 1 см жетеді, одан ұзындығы 0,5 см болатын екінші реттік бүйірлік тамырлары қалыптасады. 3. Имматурлық кезең (Im). Өсімдік биіктігі 4,8 – 4,9 см. Онда 4-5 жапырақ жетіледі. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,3 мм, ені 1,4 мм. Негізгі тамыры 1,7 – 1,8 см тереңдікке енеді. 2,5 см. 4. Виргинилдік кезең (V). Өсімдік биіктігі 5 см. Жапырақ саны 6-7. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,7 мм, ені 0,7 см. Негізгі тамырдың ұзындығы 1,2 – 1,4 см. Бірінші реттік бүйірлік тамырдың ұзындығы 1,3 см. Одан дамып жетілген екінші реттік бүйірлік тамырдың ұзындығы 2,7 см, үшінші реттік тамырдың ұзындығы 3,8 см.

Тұжырым. Зерттеу нəтижесінен төмендегідей тұжырым жасауға болады: 1. Leonurus cardiaca L. өсімдігінің морфологиялық құрылысы бойынша басты айырмашылығы жапырақ тақтасы тілімділген, ал Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің жапырақ тақтасы имматурлық кезеңде тілімделген, виргинильдік кезеңде бүтін болып келеді. 2. Leonurus cardiaca L. өсімдігінің тамыр жүйесі қарқынды дамыған. Leonurus cardiaca L. өсімдігінің виргинильдік кезеңде жапырақ саны бесеу болса, Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің жапырақ саны алтау.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *