Географиялық координаттар туралы мәлімет

Қазіргі кезге дейін астрономиялық бақылаулардың көпшілігі Жер бетінен жүргізілетіндіктен аспанның көрінерлік келбеті бақылаушының Жердегі орнына байланысты. Сондықтан біз астрономияда қолданылатын координат жүйелерін оқуды географиялық координат жүйесінің кейбір түсініктері мен терминдерін қарастырудан бастаймыз. Жердің пішінін шар тәріздес деуге болады (1.1-сурет). Суреттегі PNPS түзуі – Жердің айналу осі, ол Жердің ауырлық центрі арқылы өтеді. Ол Жер бетін…

Діндер географиясы

Дін (латын тілінен religio — «тақуа», «Құдайшылық», «қасиетті», «ғибадат ету») – жоғарғы күшке сиынуға негізделген, сонымен қатар моральдық нормаларға арналған мəдениет формаларының бірі, дүниеге көзқарас. Дін адам өмірінде əлеуметтік жағымен қатар, жеке өмірінде де маңызды рөл атқаруын жалғастыруда. Этностарды қалыптастыруда, олардың мəдениетін, мемлекеттілігін дамытуда діннің қатысуы айтарлықтай. Дінтану сабағы ЖОО оқытуға байланысты қазіргі бағыты өзгерді.…

Биогеографиялық ғылым дамуының негізгі кезеңдері

Биогеография ғылымы — флора мен фауна туралы мəліметтер белгілі бола бастаған кезде, яғни XVI ғасырдың бас кезінде қалыптаса бастады. Бұл кезеңде адамдарға өсімдіктер мен жануарлардың аз ғана түрі белгілі болатын. Мысалы, Гомердің өлеңдерінде (IX-VIII ғ.б.э.д.) 63 өсімдік, Гиппократтың еңбектерінде (460-377 ж.б.э.д.) – 236 өсімдік, Теофрастың еңбегінде 500-дей өсімдік туралы айтылған, ал жануарлардың түрлері одан да…

Ежелгі өркениеттердің географиялық таралуы

Б.з.б. 1 мыңжылдықта ежелгі өркениеттер Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін кең жолақта созылып жатты. Мұнда көп жағдайда Европалық өркениет және Шығыс өркениеттерін бөліп көрсетеді. Бұлар тек қана географиялық орналасуы жағынан емес, сонымен қатар тұрақтылығы, өмір сүру мен басқаруы, көзқарас, дінімен наным-сенімі, табиғатпен қарым-қатынасы, материалдық мәдениеті, әлеуметтік құрылымы және т.б. Европалық және шығыстық өркениеттердің тоғысқан аймағында…

Батыс Қазақстан облысының өсімдіктер əлемі

Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі құрғақ дала аймағындағы өсімдік қабаты құрғақ климаттың əсерінен қалыптасқандықтан, ылғалды көп қажет етпейтін ксерофитті өсімдіктердің болуы заңдылық. Құрғақ дала аймағы тегістей дерлік жыртылған. Жайылымдардың өсімдік қабатының негізгі түрін негізінен оңтүстік ылдидағы дəнді-жусанды бірлестіктер құрайды, ол жердің түсімділігі құрғақ массамен есептегенде 2-5 ц/га. Бұл жайылымдық алқаптар шөп отырғызу, тыңайтқыштар себу мен…

Батыс Қазақстан облысының климаты

Батыс Қазақстан облысының климаты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ұлғая түсетін шұғыл континенттілігімен ерекшеленеді. Күн мен түннің температурасы қарама-қайшылықты, қыстан жазға тез алмасады. Барлық облысқа жауын-шашынның аз жəне тұрақсыз түсуі, қардың аздығы мен далалардан қардың борап кетуі, ауа мен топырақтың құрғақтығының жоғары болуы, ылғалдың тез буланып кетуі мен барлық вегетациялық мерзім бойына тікелей түсетін күн жарығының молдығы…

Биосферадағы Адам баласы санының өсуі

Мақсаты мен міндеті: Дүние жүзілік халықтардың санының өсу көрсеткіштерінде әлеуметтік-экономикалық, табиғи жағдайлармен анықталатын демографиялық процестерінде географиялық айырмашылықтарды анықтау. Бұл айырмашылықтардың планетаның оңтүстік және солтүстік бөліктеріндегі ерекшеліктеріне тоқталу. Мыңдаған жылдар бойы адамзат санының өсуі баяу болды. Aуыл шаруашылығы пайда болғанға дейін, шамамен 10 мың жыл бұрын, жер бетінде 5 миллионға жуық адам өмір сүрді . Жаңа…

Куба Республикасы туралы мәлімет

Куба Республикасы — бұл жалпы аумағы 110860 шаршы километрді құрайтын, 1600 арал мен аралшалардан тұратын архипелаг. Олардың екеуі: Куба аралының өзі және Хувентуд аралдары (бұрын Пинос деп аталып келген Молодежи аралы) Үлкен Антиль аралдарына жатады. Жіңішкелеу ұзынша сипаты бар Куба аралы сырт қарағанда қолтырауынға ұқсайды. Оның ұзындығы -1250 км, ең енді тұсы — 193 км,…

Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті

Аумақтың табиғи-ресурстық әлеуеті — бұл белгілі бір аумақтың бірге алынған барлық табиғи ресурстары. Олар ғылыми-техникалық өрлеудің жетістіктерін есепке ала отырып, шаруашылықта пайдаланылуы мүмкін. Алайда ресурстардың жиынтығына қарағанда, «әлеует» түсінігінің мағынасы кең. Әлеует — бұл халықтың жоғары материалдық және мәдени өмір деңгейіне қол жеткізуі үшін мемлекет қолдануы мүмкін түп-нұсқаларды, мүмкіндіктерді, құралдар мен қорларды білдіреді. Табиғи ресурстардың…