Кванттық механиканың фундаментальды принципі анықталма-ғандық қатынаспен қатар қосымшалық принцип саналады. Оған Бор мынандай тұжырымда береді: «Бөлшек және толқын түсініктері бір-бірін толықтырады және сонымен қатар біріне-бірі қарама-қарсы, олар өтіп жатқан құбылыстарды қосымша бейнелермен толықтырады».

Микронысандардың корпускулалық-толқындық қасиеттерінің қарама-қайшылығы микронысандар мен микроқұрылғылардың бақылаусыз өзара әсерлесуінің нәтижесі болып саналады. Құралдардың екі класы бар: бірінде кванттық нысандар өздерін толқын ретінде, ал басқасында – бөлшек түріндекөрсетеді. Микроәлемді зерттеуші ғалым бақылаушыдан әсер етуші адамға айналады, себебі физикалық нақтылық құралға байланысты. Сол себепті Бор физика нақтылықтың өзін емес, онымен жеке түйіскенді ғана таниды.

Кванттық механика Шредингердің толқындық функцисы негізінде қаланады. Толқындық функция микронысандардың болашақтағы күйлерінің параметірін ықтималдылықтың қандайда бір дәрежесі ретінде анықтайды. Бұл бірдей нысандарға бірдей тәжирибелер жүргізгенде әруақытта әртүрлі нәтижелер алынатындығын көрсетеді. Бірақ кейбір мағыналар басқаларына қарағанда ықтималдылау болады, яғни тек қана ықтималды мағыналардың таралуы белгілі болады. Анықталмағандық, қосымшалық және ықтималдылық факторларды еске ала отырып, Н. Бор кванттық теория мәнінің «копенгагендік» деп аталатын түсіндірмесін береді: «бұрынғы физика тек қана біз айтып жүрген бүкіл әлемдік тартылысты сипаттауды ғана қабылдайтын. Бордың ұстанымын В. Гейзенберг, М. Борн, В. Паули және бір қатар басқа танымалы физиктер қолданады».           Копенгагендік түсіндірменің жақтастары микроәлемде себептілікті немесе детерминизимді қабылдамады және физикалық шынайылықтың негізінде анықталмағандық – индетерминизм жатыр деп саналады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *