Мақсаты мен міндеті: Дүние жүзілік халықтардың санының өсу көрсеткіштерінде әлеуметтік-экономикалық, табиғи жағдайлармен анықталатын демографиялық процестерінде географиялық айырмашылықтарды анықтау. Бұл айырмашылықтардың планетаның оңтүстік және солтүстік бөліктеріндегі ерекшеліктеріне тоқталу.

Мыңдаған жылдар бойы адамзат санының өсуі баяу болды. Aуыл шаруашылығы пайда болғанға дейін, шамамен 10 мың жыл бұрын, жер бетінде 5 миллионға жуық адам өмір сүрді . Жаңа ғасырдың басына қарай азық- түлік өнеркәсібі мен экологиялық ортаның жағдайлары халық санының өсуі 200-300 млн ға жетуін қамтамасыз етті. Орта ғасырларда халық санының өсу қарқыны індетердің және түрлі соғыстардың әсерінен баяулады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азия мен Африка, Орталық және оңтүстік Америка мемлекеттері дуние жүзілік денсаулық сактау ұйымының көмегімен ауруларға қарсы шешуші күрес жүргізді. Соның нәтижесінде өлім деңгейі төмендеп,туу деңгейі жоғарылады. Дүние жүзілік халық саны тез өсе бастады.Жер бетінде 1994 жылы 5,5 миллиарддтан астам адам өмір сүрді. Бір тәуліктің ішінде жер бетіндегі халық саны жарты миллион, ал бір сағатта 10 мың адамға артатыны туралы қолымызда деректер бар.

Демографтардың есебі бойынша, 1987 жылдың 11 маусымында адамзаттың саны 5 миллиард адамға жеткен.Кейінгі кездерде адамзат санының өсу қарқынының өзгеруін байқауға болады. Дүние жүзі халықтарының саны жыл сайынғы өсуі, аз да болса төмендеді: 1970 жылдары 2% тен 1990 жылдың басында 1,7% төмендеді. XXғ аяғында адамзаттың санының өсу қарқыны тежелуі мүмкін.

Әр аймақтардағы адамның әлеуметтік географиялық ерекшеліктері: Оңтүстік аймақтар. Азияның дамып келе жатқан елдері, Африка және Латын Америкасы жатады. Солтүстік аймақтарға экономикалық дамыған Солтүстік Америка Еуропа және солт. Азия жатады. Oңтүстік аймаққа дүние жүзі халықтарының ѕ жуығы яғни 4300 миллион адам жинақталған.

Дүние жүзіндегі ең халқы көп аймақ — Оңтүстік Азия. Мұнда демографиясы жоғары екі мемлекет: Қытай (200млн) және Индия (900 млн) орналасқан. Бұл аймақта халық саны өсуде.Халықтың таза өсімі орташа алғанда жылына 11% құрайды. Латын Америкасында 450 миллион нан астам адам тұрды.Танзания, Ливия, Сирия, Никарагуа және: сол сиякты басқа мемлекеттердің халық саны одан да тез өсуде.

Солтүстік аймақ. Аймақтағы жалпы халықтың саны 1200 миллион адамды құрайды.Ең ірі елдерде АҚШ та 250 миллион адам, Ресейде 150 миллион ға жуық адам тұрады. Халықтың санының өсуі 0,5% дейін төмендеді. Еуропада ол нөлге жуық.Оңтүстік және солтүстік аймақтардың демографиялық сипаттамасының бір-бірінен айырмашылығы бар. Қазіргі кезде әрбір 10 жылдан кейін бұл қатынас 20:1 тең болады. Аймақтың демографиялық айырмашылықтарының әлеуметтік экономикалық себептері. Дамып келе жатқан елдердің халықтар санының тез өсуін “демографиялық жарылыс” деп те атап жүр. Eкінші дүние жүзілік соғыстан кейін көптеген бұрынғы колониялар тәуелсіз мемлекет болды. Халықаралық ұйымдардың көмегімен халықтың жағдайын жақсартуға күш салды. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы осы елдердегі халықтың тіршілік жағдайын жақсартуға көмектесті, балалардың өлімі күрт төмендеді. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша ұйымы,ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсуіне жағдай жасады. Балаларды емдеу,оқыту қолға алынды. Нәтижесінде халықтың өлімі азайды да,халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , халық саны өсе бастады.

Демографиялық жетістіктер. Демографиялық процестердің стихиялық дамуы экономикасы дамыған солтүстік аймақтарға да ауыр және апатты экологиялық және әлеуметтік экологиялық жағддайға әкелуі мүмкін.Қазіргі кезде оңтүстік аймақтағы көптеген мемлекеттердің халқының санының өсу қарқыны, экономикасынын өсу қарқынын басып озды. Мысалы, бир адамға шаққанда азық -түлік өндірісінің төмендеуінде XXI басында, осы дамып келе жаткан елдердің үштен бірі өз халқын азық-түліктің өздеріндегі қорларымен қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, Нигерия мен Бангладештің 1 га егістік жеріне, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Франция мен Голландияға қарағанда 2-3 есе көп тамақ талап ететіндер келеді. Мұның өзі топырақ құнарлылығының азаюына және топырақ эрозиясына, ормандарды жаппай жоюға, көлшіктерді кептіруге және т.б сол сияқты экологиялық апатқа акеліп соғып отыр.

Еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша Қазақстанда ұзын саны 25 миллионға жетерлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір салтын ұстанған, білімі терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек.

Соңғы санақтың көрсетуі қаладағы қазақтардың санының өсуі, ол ішкі миграцияның ағымынан болды деп түсіндіріледі. Себебі ауылдағы тұрмыс дәрежесінің төмендігінен, жұмыстың жоқтығынан жастар қалаға көптеп келуде. Олар қалаға да тиянақты орналаса алмай, әлеуметтік – экономикалық тығырықтарға жолығып, демографиялық жағдайға кері әсерін тигізуде. Халық санының өсуі бір жағынан азық — түліктің жетіспеуі және жұмыссыздықтың өсуі әлеуметтік дағдарыстарға әкеліп тірегені белгілі. Демографиялық процесс дұрыс жүрүі үшін тууды ретке келтіру керек екені өмірдің өзі көрсетіп отыр. Көптеген дамыған елдерде олардың халқының саны тез өсе бастаған кезден бастап-ақ “отбасын жоспарлау “деген атпен тууды қысқартуға бағытталған шаралар жасалды. Бұл шаралар халқының саны өте көп Қытай мен Индияда жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *