Оның қызметінің негізгі бағыттары белгіленген, негізгі стратегиялық жоспарды жасап болғаннан кейін, банктік маркетинг кешенін жасауға кіріседі. Маркетинг кешені маркетингтің барлық жүйесінің ядросы болып саналады. Ол күтілетіндей нәтижелер алу мақсатымен, банк клиенттерге әсер ете алатын барлық айнымалы факторларды біріктіреді. Барлық айнымалы факторлар төрт топқа бөлінеді: — өнім — баға — тарату әдістері — ынталандыру кешені Маркетинг кешенін жоспарлау оның әрбір құраушысы үшін соған сәйкес стратегияларды әзірлеуді болжайды.

Экономикалық әдебиетте және тәжірибеде «банк өнімі» термині нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңінде пайда болды. Банк арқылы жасалатын кез келген қызмет немесе операция «банк өнімі» болып түсіндіріледі.

Дегемен, банктер қызметі аясының маңызды түрде кеңеюімен, қаржылық міндеттемелерге айналатын, банктер жасайтын сатып алу – сату сияқты, қызмет көрсетумен байланысты банк өнімдерінің жаңа түрлері пайда болды.

Көптеген қазіргі заманғы банктер, тәжірибе жүзінде банк қызметінің барлық аспектілерін қамтитын кең ауқымды өнімдерді ұсынады. Бірқатар банк қызметтерінің кеңеюі, банк қызметкерлерінен өнімдердің барлық үлгілерін білуді талап етеді.

Банк қызметтерінің ыңғайлылығын қарастыру және зерттеп-үйрену үшін олардың жіктеуін қарауға болады. Жіктеу банк өнімдері жүйесіндегі зерттеп-үйренетін қызметтердің орнын түсіну­ге көмектеседі.

Материалды ары қарай баяндау осы топтастыруға сүйенетін болады.

Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мерзімге немесе талап етілгенге дейін, салымға уақытша бос ақша қаражаттарын тарту бойынша банктердің операциялары. Банк депозиторлары болып, заңды және жеке тұлғалар қатысуы мүмкін.

Депозиттер (салымдар) – есеп айырысу немесе қол ақша түрінде пайдаланылуы мүмкін, клиенттердің банкке сақтауға салатын ақша қаражаттарының сомасы.

Құрылатын орыны бойынша депозиттер:

  • талап еткенге дейін
  • жедел депозиттер
  • жинақ (сақтық) депозиттеріне бөлінеді.

Талап еткенге дейінгі депозиттер клиенттің төлем құралы түрінде күнделікті пайдалануы үшін белгіленген. Ол ақша қаражаттары банкті алдан-ала хабардар етпей-ақ, кез келген сәтте салымшының тілегі бойынша салынып және қажетсінгенінде толық немесе жартылай ала алады (кіріс жылдықтан 5%-ке дейін).

Сақтық депозиттер – жеке тұлғалардың ақша қара­жат­тарын жұмылдыру үшін белгіленген.

Жедел депозиттердің әрекет етуінің айқын белгі­лен­ген мерзімі  бар. Ол бойынша белгіленген проценттік став­ка орнықтырылады және мерзімінен бұрын алу бойынша шектеу енгізіледі. Талап етілгенге дейінгі салымдарға қа­ра­ғанда, резервтердің неғұрлым төмен нормасы бел­гіленеді.

Нарықтың экономикасы дамыған елдерде осы шоттар арасындағы айқын шекаралар жойылады және жекелеген шоттардың кемшіліктерін түзетуге шақырылған, араласқан сипаттағы шоттар пайда болады.

Банктің инвестициялық операциялары. Инвести­ция­лар – пайда немесе кіріс алу мақсатында кәсіпкерлік қыз­мет объектілеріне салынатын алуан түрдегі құндылықтар болып табылады. Инвестициялардың негізгі көздері: меншікті қаржы ресурсы тартылған қаржы ресурстары, банк несиелерін кіргізуші, заемдық қаржы ресурстары мен облигациялық заемдар, субсидия, дотациялар түріндегі бюджеттік қаржыландырулар.

Инвестициялардың келесі түрлері бар:

  • қаржылық, яғни бағалы қағаздарға салымдар
  • шынайы, яғни күрделі қаржыға, өндірісті кеңей­туге арналған қаржылар
  • тікелей, яғни мұқтаждарынан шығара отырып, өзі үшін кәсіпорын анықтайтын шығындар
  • портфельдік, яғни үкімет жоспарлайтын, жалпы мемлекеттік ауқымдағы шығындар.

Инвестициялық операциялар – бұл бағалы қағаз­дар­ды айналымға шығару жөніндегі операциялар.

Несие беру банктің кәсіпорындарға, ұйымдарға, немесе халыққа же­делдік, ақылық, қайтарымдылық және қамтамасыз етушілік жағ­дай­ын­да мақсатты несиелер беруін, сондай-ақ клиенттерден ссудалық борыштарды және ол бойынша проценттерді өндіруді білдіреді.

Банктердің қызметін ұйымдастыру кезіндегі, марке­тинг­тік келіс, пайда ғана алуды емес, сонымен бірге кли­ент­тердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды бол­жай­ды, бұл дегеніміз қажетті пайданы қамтамсыз етеді. Бұл ұсынылатын қызмет шеңберін кеңейтуге банктердің түрт­кілік ниетін туғызушы негізгі себеп болып қатысады.

Банктің басқа қызметтеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • лизингтік қызметтер
  • факторингтік операциялар
  • клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көр­сету
  • құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер
  • сенім білдіру қызметтері
  • ақпараттық қызметтер
  • консультациялық қызметтер

Банк қызметі жүйесінде факторингтік операциялар айрықша орын алады. Факторинг – бұл мекемелердің клиенті болып саналатын кәсіпорын сатып алушылардан қаржыларды өндірумен байланысты, нарықтағы қызметтің айрықша түрі. Факторингтік бөлімдерге бірқатар отандық банктер ие. Факторинг оның айналыммен және айна­лым­сыз екі түрін ажыратады. Бірінші вариантта шартта көр­сетілген мерзім ішінде төлемші салмағын, есеп айырысу құжатында көрсетілген соманы, оның клиенті өндіреді. Екінші жағдайда төленбеген есеп айырысу құжатын банк сатып алғаннан кейін, жабдықтаушы (клиент) аталған құжатты уақытылы төлеуге жауап бермейді.

Банк жалға беруші болып, не жалға беруші мен жалға алушы арасында делдал болып қатысқан кезде, бұл жайлар лизингтік қызметтер орын алады.

Банктерде лизингтік бөлімдер құру, банктің беделі есебінен келісімнің сенімділігіне кепілдікке жалға берілетін өндіріс құралдарын алу үшін, несиелер алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Егер банк делдал рөлінде қатысатын болса, онды лизингтік қызметтер банк үшін жал­ға  беруші мен жалға алушыларды, лизингтік опера­ция­ларды әзірлеуді және ең жақсы деген варианттарды іздестіріп табумен байланысты болады.

Отандық коммерциялық банктердің есеп айырысу операциялары алуан түрлі. Дегенмен, солардың көбісі осы күнге дейін маңызды өзгерістерді басынан кешірді. Операциялардың алуан түрлерінің ішінен үш негізгі топты бөліп көрсетуге болады:

  • инкассалық операциялар
  • аккредитивтер көмегімен есеп айырысулар
  • аударымдар жасайтын операциялар.

Есеп айырысу операциялары – бұл түрлендіруге (моди­фи­кацияға) баяу берілетін, банк қызметінің аясы бо­лып саналады.

Есеп айырысу операцияларын ұйымдастырудың негіз­гі принциптерін қарастырамыз. Инкассалық операция – бұл өткізілген немесе есеп айырысу құжаты бойынша алынған клиент есебінен, банктің ақша қаражатын есепке алуы. Есеп айырысу қаражаттарының ішінде чектер мен век­сел­дер кең таралған.

Ақшаны төлеуші де, алушы да бір банктің  қызметін пайдаланған кезде, инкассациялық операциялар барынша аз болады. Инкассалық операциялар борышкердің шотынан ақшаны есептен шығарудан және кредиторлар шотына оларды есепке алудан тұрады, егер клиентке басқа банкте қызмет көрсетілсе, онда инкассалық операция, оларды алушының есебіне есепке алудың алдында борыш­кердің банктен алдын-ала ақша алудың қажет­ті­лігімен күрделі болады.

Аудару арқылы есеп айырысулардың аккредитивтік формасы банктің төлеушінің жабдықтаған тауарлары не­месе көрсеткен қызметіне ақы төлеу кепілдігін болжайды. Сатып алушының жеткізіліп берілген тауарға ақы төлей­тініне жабдықтаушы толық сенімді болмаған кезде, есеп-айырысудың осы түрі қолданылады. Аккредитивтер көме­гімен есеп айырысу халықаралық саудада кең тарау алған.

Аударымдар жасау операциялары – клиенттердің тап­сыру бойынша банктің бір бөлімшесінен екіншісіне қаржы аудару болып саналады. Мұндай аударымдар жасау елдің ішінде, сол сияқты шет елде жүзеге асырылады.

Аударымдар телеграфтық немесе почталық болуы мүмкін. Кез келген аударым, соның негізінде қай жерге аударым жасалса, сол банктен ақша алуға болатын, ауда­рылған ақша сомасына банктің клиентке квитанция, сон­дай-ақ чек береді.

Банктің ақшаны аудару бойынша операцияларының мәні банк-алушыға телеграф немесе почта бойынша, қандай сома, қандай мерзімде және кімге төленуге тиісті туралы хабарлаудан тұрады.

Соңғы уақытта ТМД елдерінің бөлшек нарығында әр алуан түрдегі төлем карточкалары айрықша к ең тарауға ие болды. Төлем карточкаларының жинақталған атауы – пластикалық карточкалар. Несие карточкалары, дебет карточкалары (клиент есебінен сатушы есебіне ақша есептен шығарылады), компанияның карточкалары (бұл карточкалардың иелері негізінен басшы қызметкерлер), сапарларға төлеу үшін карточкалар, дүкен карточкалары (Ұлыбританияның кооперативтік дүкендері) және т.б. айрықша тарау алды.

Кассалық қызмет көрсету – клиенттердің есебінен аудару түрінде қаржыларды есептен шығару және соған сәйкес қол ақша беру, клиенттер есебіне қол ақшаны есепке алу болған кезде, банктер жүзеге асыратын опе­ра­циялардың қажетті элементі болып саналады. Негізгі функ­циясы – қол ақшаны беру және қабылдаудың уақы­тылығын, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз ету.

Құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер клиент­тің иелігіне сейфті беру немесе болат камерада банктің құн­дылықтарды сақтауға қабылдауы түрінде қатысуы мүмкін.

Сейф клиентке жалға беріледі. Клиент арнайы куә­лік­ті көрсету арқылы, кез келген уақытта оны алуға мүмкін­дігі бар. Болат камераға сақтауға негізінен бағалы қағаздар жатады. Клиенттердің оған еркін кіру құқы жоқ. Банк мұн­дай жағдайда өзіндік үлгідегі агент қызметін орындайды.

Қандай да бір операцияларды жүзеге асыру кезінде ірі құндылықтарға дұрыс иелік ете білудің, тәжірибенің және уақыттың жетімсіздігі және басқа да көптеген себептер трасталық немесе сенім көрсетуші қызметтерді туғызды.

Мұндай ситуацияларға тез икемделе білген банктер, клиенттерге трасталық қызметтің тұтас түрдегі кешенін ұсына бастады. Дегенмен, оларды нақтылы сипаттау өте күрделі, өйткені олар аса дараланып тұрады және тікелейшарттарда анықталады.

Трасталық қызметтің бірінші әртүрлілігі бағалы қа­ғаз­дармен байланысты, яғни бұл облигациялық займ қыз­метін көрсету, орналастыру акцияларды, акцияға меншікті өткізу бойынша агенттің функиялары, купондарды төлеу, бағалы қағаздарды сақтау болып табылады.

Сенім көрсетуші қызметтің екінші әртүрлілігі, жедел депозитке айналуы мүмкін, ақша қаражатының тұрақты бөлігін анықтауға клиенттерге көмек көрсетуімен байланысты.

Сенім көрсетуші қызметтің үшінші әртүрлілігі, ол қайтыс болғаннан кейін, клиент мүлкіне иелік етуден, қамқор болу функцияларынан, мүлікті сату кезіндегі консультациялардан тұрады.

Банктер сенім көрсету (трасталық) операцияларын жү­зеге асыра отырып, көлемі орындайтын жұмыстың мөл­ше­ріне қатысты болатын және шартта белгіленіп, көрсеті­летін комиссиялық сыйақы алады.

Қазіргі уақытта ақпараттық қызметтерді дамыту үл­кен қажеттілікке ие олып отыр.

Ақпараттық қызметтер клиенттердің несие қабілеті, банктің актив және пассив операциялары бойынша проценттер, банклік қызмет нарығы туралы ақпараттарды жинау және оны берумен байланысты болады.

Банктердің ақпараттық қызметтерді ұсынуы банкі іші­лік немесе банкіаралық ақпараттар бөлімін құрудың қажеттілігімен байланысты. Банктерде экономикалық ақпа­раттарды жинаумен және өңдеумен айналысатын арнайы бөлімдер құрылуы мүмкін. Бұл ақпараттардың барлығы клиенттердің өтініштері бойынша беріледі. Одан басқа, мұндай бөлімдер әртүрлі экономикалық шолуларды жария­лау­мен айналыса алады.

Банктердің консультациялық қызметтері банк қыз­ме­ті­нің өзіне тән мәселелеріне, нақты экономикалық ситу­аци­я­лар үшін есеп айырысуларды әзірлеу, есептерді, ли­зингтік операциялардың шарттарын әзірлеу әдістемелерін ұсыну бойынша консультациялар беруден тұрады. Шетел валюталарының айырбас курстарына болжам жасауда клиенттерге көмек көрсету, консультациялық қызмет көрсетудің маңызды түрі болып саналады. Бұл қызметтерді банктер соншалықты қосымша пайда алу үшін емес, қайта клиенттердің санын, сол сияқты банктегі олардың айналым жиілігін күмәнсіз түрде көбейтетін, қызметтердің жаңа түрлерін, банк ісінің нәзік құпияларын клиенттерге түсіндіру үшін берулері тиіс. Консультациялық қызметке ақы төлеу консультациялардың ұзақтығына, күрделілігіне және оны көрсетуші қызметкердің біліктілігіне қатысты жүргізіледі.

Банктер мен клиенттер арасындағы барлық қатынас банк өнімдерінің себептері бойынша туындайды. Осыған орай банк өнімі стратегиясын әзірлеу, маркетинг стратегиясының маңызды элементі болып саналады.

Бірқатар қолда бар банк өнімдерін талдау тауардың өмірлік кезеңі тұжырымдамасының көмегімен жүргізіледі.

Кез келген өнім, оның ішінде банк өнімі бірқатар жал­ғас кезеңдерден: өнімді нарыққа шығару, өсім, толысу жә­не құлдыраудан өтеді. әрбір кезеңдердің өмірлік циклінің ерекшеліктеріне ғана тоқталып өтеміз.

  1. Нарыққа өнімдерді шағару.

Бұл сатыда банк бірінші рет өз өнімдерін мақсатты аудиторияға ұсынады. Негізінен, өмірлік циклдің бірінші кезеңі маркетингке жұмсалатын үлкен шығындармен және өнім туралы кең хабардар болушылықты қамтамасыз ету бойынша маңызды күш жұмылдырушылықпен байла­ныс­ты. Осы кезеңде банк үшін тәжірибе жүзінде бәсекелес­тіктің толық түрде болмауы, негізгі басымдығы болып саналады.

  1. Өсу. Бұл сатыда өткізудің тез өсуі болады, пайда мөлшері шарықтау нүктесіне дейін жетеді. Сонымен қатар, өсу сатысында бәсекелестіктің күшеюі білінеді, сондықтан банктің барлық күші алдағы уақытта нарыққа өнімдерді енгізуге бағытталады.

Өсу сатысында банк өнімдерінің өткізу аясын кеңей­туге және жаңа нарық сегменттеріне өтуге ұмтылады. Мұндай келіс банктің пайдасын барынша көбейтуге және жа­ңа клиенттердің маңызды санын тартуға мүмкіндік бе­ре­ді.

  1. Толысу. Бұл сатыда өткізудің өсуі баяулайды және оның тіпті қысқаруы болады. Бұны келесі себептермен түсіндіруге болады:
  • біріншіден, өнімнің толысу (пісіп-жетілу) сәтінде, тұтынушылардың мұқтаждары өзгеруі мүмкін;
  • екіншіден, нарықта неғұрлым жетілдірілген қызмет немесе өнім пайда болуы мүмкін;
  • үшіншіден, банк бәсекелестік қысымына шыдамауы мүмкін;
  • төртіншіден, капиталды салудың неғұрлым тиімді жа­ңа мүмкіндіктерінің пайда болуымен, банк үшін қызмет жеткілікті рентабельді болмауы мүм­кін.

Банктің негізгі күші нарықтағы өзінің үлесін ұстап тұруға, оны жетілдіру арқылы аталған өнімді тұтынуды көбейтуге бағытталған.

  1. Құлдырау. Бұл саты өткізу көлемінің тұрақты құлдыраумен және алатын пайда мөлшерінің төмендеуімен байланысты. Құлдырау сатысына іліккен банк қызметінің өнім қатарын сақтау аса пайдалы емес болып көрінеді.

Банк өнімдерінің өмірлік цикл кезеңдерін зерттеп-үйрену, олардың алдағы уақыттағы дамуы туралы сенімді стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Страте­гиялық шешімдердің варианттары әртүрлі болуы мүмкін. Осыған дейін бар өнімдерге қатысты, банк түрлендіру (модификация) стратегиясын қолдана алады, яғни мақ­сатты аудиторияларға ескі өнімдердің жетілдірілген вари­анттарын ұсынуы мүмкін.

Дегенмен, тиімді жұмыс жасау үшін банк қандай да бір күш жұмсаса да, жаңа өнімдерді әзірлеуге деген объективті қажеттілік болады.

Тауарды әзірлеу стратегиясы принципті түрде жаңа өнімдерді жасау арқылы жүзеге асырылады. Жаңа өнімдерді әзірлеу банктер үшін маркетингтің маңызды элементі болып саналады. Мұндай әзірлемелер, көп жағдайда банк қызметкерінің тәжірибесімен анықталатын, тиімділіктің әртүрлі дәрежесі арқылы жүзеге асырылады.

Стратегияның бұл түрін, әсіресе, банктер, бірінші кезекке сапалық параметрлер шыққан кезде, бағасыз бәсекелестіктің үстемдік етуі жағдайында белсенді пай­да­ла­нады. Мысалы, толықтырып тұратын және банктің негіз­гі қызметімен байланысты болатын, операциялық қызмет­тер­ді әзірлеу қажет.

Банк жаңа тауарлармен, өз үшін жаңа нарықтарға шы­ғу­ға ұмтылыс жасаған жағдайларда, диверсификация стра­тегиясына қолданады. Дәл осы стратегияны қолдану банк қызметін әмбебаптандыруға және әртүрлі несие-қаржы институттары арасындағы шекараларды жоюға әкелді.

Сонымен, біз банк қызметінің стратегиялық бағыт­та­ры­ның болуы мүмкін варианттарын және өнім страте­гия­сы­ның әзірлемелерін қарастырдық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *