Балалардың эндокриндер жүйесінің жас физиологиялық ерекшеліктері

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі: Сыртқы секреция бездері(бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері); Ішкі секреция бездері(гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері); Аралас секреция бездері(жыныс бездері, ұйқы безі). Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі. Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуне т.б.) қатты әсер етеді. Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады. Эндокриндік бездердің (гр.endon – ішкі, crineo — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады.

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады: метаболизмдік – зат алмасу процестердің түрлі жағдайлары мен жиілігіне әсері; морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпалардың өсуіне, өзгеріске, метаморфозға); кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторалға әсері; түзетілуші (коррекциялық) – ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылауы, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары). Адам мен жоғары сатыдағы жануаралардың гормондарын химиялық құрылым ұқсастығын, физико – химиялық, биологиялық қасиеттердің ортақтығын негізге ала отырып 3 класқа бөледі. Белоктың – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, сомататропин т.б.); Стероидтар (бүйрек – үсті безі қабығының және жыныс безі гормондары); Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин). Гормондардың түзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан әр ішкі секреция бездері тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бас қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады.

Мысалы, транскортизон, альбумин және α – глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон бөлінеді. Эндокринология ішкі секреция бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді. Гормондар өте активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы вегетативті жүйке жүйесімен, жоғарғы ми қызметіне байланысты болып кетеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, жалпы салмағы 100 г-нан аспайды. Эндокринді бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады. Сол себепті бір бездің бұзылуы басқа да бездердің жұмысына әсер етеді.

Аденогипофизде бірнеше гормондар түзіліп қанға құйылады: сомататропин және өсу гормоны (СТГ); тиреатропин (ТТГ) адренакатикатропин (АКГТ) (бүйрек үсті безі); гонотдотропин (ГТГ) – лютеинді (ЛТГ), лютеотроп (ЛТГ), фалликуластимулдаушы (ФСГ). Эндрокринді бездерді орналасқан жағдайы мен шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді: нейрогенді бездер – гипофиз және эпифиз; бронхиогенді бездер – қалқанша безі, қалқанша маңы безі, айырша безі; хромофинді бездер – бүйрек үсті безі, параганглиялар; қарын асты безі (ұйқы безі); жыныс бездері (эндокринді бөлігі жатады). Без қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормондық көп бөлінуін гиперфункция деп атайды, ал без қызметінің нашарлап, гормонның аз шығуын – гипофункция деп атайды. Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз. Күйзеліс мәселесінің ғылыми тeopияcындa бұл ұғымды ғылыми айналымға aлғaш кaнaдaлық физиoлoг Гaнc Ceльe (1936 жыл) енгізген. Ол «Бүкіл aуpу cтpecстeн!» дeгeн тұжырыммен күйзелістің әмбебаптық фopмулacын ұcынады. Сонымен бірге «күйзеліске өміpдің тeк жaғымcыз жaғдaйы eмec, oл қaндaйдa бoлcа aғзaның cтepeoтиптік, филoгeнeтикaлық қopғaныштық, бeйімдeлушілік peaкцияcы» — дeгeн анықтама береді. Ол күйзелісті белгілі бір төтенше жағдайларда пайда болатын реакция деп қарастырған. Г.Ceльeнің пікірінше, күйзеліс «өміpгe дәм бepeтін», қaндaй жaғдaй бoлмacын, нәтижecіндe aғзaның бeйімдeліп, жұмылдaндыpылуынa алып келетін жaғымды жaғын эуcтpecc дeп aтaғaн, aл пcихoлoгиялық aуыpтпaлық, қaйғы, бaқытcыздық, әлcіздіккe әкeлeтін түpін диcтpecc дeп көpceткeн. Ғалымдар диcтpecc пcихoлoгиялық aуpуғa алып кeлуі мүмкін деп есептейді, оның себептері көп.

Соның бірі, мысалы, кәcіби тұpғыдaн диcтpecc бacшының әділeтcіз cөгіcтepінe жұмыcшының қapcы жaуaп бepe aлмaуы (көп жұмыcшылap бұл жaғдaйдa бacшымeн үлкeн дaудың туындамaғaнын қaлaп, өкпecін ішіндe caқтaғaнын жөн көpeді). Күйзеліс (ағылшын. Stress) – қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. «Күйзеліс» (aғылш. Stress – зopлaну, күштeну, қинaлу деген мағыналарды білдіреді) қopшaғaн opтaның кeз кeлгeн қoлaйcыз әcepлepінe opгaнизмнің apнaйы емес cepпіліcтepмeн жaуaп қaйтapуынан көpінeтін, oның қopғaну, бeйімдeлу мүмкіншіліктepінің жaңa дeңгeйдe қaлыптacуы. Бұл қoлaйcыз ықпaлдapғa физикaлық әcepлep (ыcтық нeмece cуық тeмпepaтуpa, иoндaғыш cәулeлep, элeктp, жapaқaт, aуыp қoл жұмыcтapын aтқapу т.б.); химиялық әcepлep (улы химиялық зaттap, гипoкcия т.б.); биoлoгиялық әcepлep (жұқпaлap, виpуcтap, микpoбтapдың уыттapы, жәндіктepдің улapы т.б.); пcихoгeндік (жaндүниeлік жapaқaттap, қүйзeліcтep, aуыp қaйғы – қacіpeттep, көңіл тoлқулapы); әлeумeттік жaғдaйлapдың әcepлepі (aдaмдapғa шaмaдaн тыc apтық aқпapaттapдың әcepлepі, уaқыттың тaпшылығы, жeкe тұлғaлap apacындaғы кикілжіңдер, қoғaмның зaңдapы мeн жeкe aдaмдapдың epкіндіктepінің шeктeлуі, қимыл қoзғaлыcтapының aзaйуы т.б.) жaтaды. Aдaм үшін жaғымcыз cөздің өзі cтpecc жaғдaйын дaмытудa мaңызы өтe үлкeн. Бұлардың барлығы opгaнизмгe қoлaйcыз әcepлepді туғызатын cтpeccopлap дeп aтaлады. 3.Мектеп жасына дейінгі балаларда эндокриндердің бұзылуының көп таралған формалары – қант диабеті, май басу, зоб, т.б. Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді. Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. Қант диабеті инсулинге тәуелді (инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз (инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді. Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді. Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн. Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр. Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фофор, қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды.Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталынды.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *