Балалардың даму және өсуінің жалпы заңдылықтары

Организм реакциясына ортаның әсері. Физиология негізін салушы И.М.Сеченов мынандай қорытынды жасаған: «Организмнің тіршілігін қолдайтын сыртқы орта, сондықтан организмнің ғылыми анықтамасына, оған әсерін тигізетін орта да кіруі тиіс. Шындығын айтқанда, табиғат пен әлеуметтік ортадан тыс адамның болуы мүмкін емес».

И.П.Павлов Сеченовтың ойын одан әрі дамытты: адам сыртқы ортамен тығыз байланысты болып тұратын біртұтас организм және оның сыртқы ортамен біркелкі тәуелді жағдайы әр уақытта сақталмақ.

Организм біртұтас, оның барлық ұлпаларының, мүшелер мен мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметі өзара байланысты. Қандай да болмасын бір мүше немесе жүйеснің жүйесі арқылы жүзеге асады. Сонда нерв жүйесі, мүшелер мен мүшелер жүйесінің өзара байланысты, организмнің біртұтас қызметін қамтамасыз етіп отырады.

Бала организмі ортаның белгілі бір жағдайына тәуелді түрде дамиды. Орта организмге үздіксіз әсер етіп, оның даму бағытын анықтайды. Сондықтан организмнің өсіп-жетілуі орта жағдайына тікелей тәуелді. Бала организмінің қүрылысы мен қызметінің өсіп-жетілуіне әлеуметтік ортаның тікелей маңызы бар. Әлеуметтік орта баланың психикасы мен денесінің дамуына белсенді, жүйелі және мақсатты әсерін тигізеді.

Қоршаған табиғаттың әр түрлі факторлары бала организміне тұрақты әсер етеді. Мысалы, ауа, температура, жарық сәулесі судың құрамы, тамақ, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері және басқалар. Ос ытабиғи жағдайлар балалардың ой-өрісіне және денесінің дамуына ықпалын тигізіп, физиологиялық қызметіне әсер етеді: зат алмасуына, тыныс алуына, қан айналымына, астың қорытылуына және басқалар.

Дене еңбегі мен дене жаттығуларына тәрбиелеуді, оқытуда, тамақтануды, күнделікті өмірді тиімді ұйымдастур арқылы баланың ақыл-ойы мен денесінің өсіп-дамуын дұрыс бағытқа өзгертуге болады. Жүйелі дара еңбегі, әр түрлі жаттығулар мен спорт ойындары, сезім органдары мен жүйке жүйесі қызметін жетілдіре түседі, ой және дене еңбегіне жұмыс қабілетін жоғарылатады, организмінің құрылысын және оның реакция туғызу қабілетін өзгертеді.

Организмнңғ өзі И.П.Павлов айтқандай, жүйелердің жүйесі болып есептеледі. Сөйтіп, барлық клеткалар, ұлпалар, мүшелер мен мүшелер жүйесі бірлестікте қызмет атқарып, организмнің біртұтастық тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

  1. Даму және өсу үдерісінің негізгі заңдылықтары. Организмнің өсіп – дамуы сыртқы орта фактораларымен қатар, ішкі факторларға да тәуелді. Ішкі факторларға тұқым қуалау, жүйке жүйесінің жағдайы мен ішкі секреция бездерінің әрекеті, әсіресе гипофиз, жыныс бездері, қалқанша безі және т.б. жатады.

Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, сыртқы және ішкі орта факторлары ұрпаққа тек қана ана организмі емес, сонымен қатар әке организмі арқылы да жағымсыз әсер етеді. Әкесі мен шешесі ішкілікке шалдыққан жағдайда ұрпақтың дамуы жиі бұзылады. Маскүнемге айналған адамдардың дүнеиге келген балаларының ақыл-ойы қабілеті төмен болады.

Организмнің өсуі мен дамуы туралы мәселе биологиялық іргелі мәселесінің бірі болып саналады. Өсу – организмнің анатомиялық және морфологиялық жағынан өзгеруі яғни дененің ұзындығы мен салмағы. Өсу жас мөлшерінің және байланысты белгілердің, бала организмінің сан жағынан өзгеруіне байланысты сипатталады. Даму – ұлпалардың, мүшелердің және бүкіл организмнің физиологиялық жағынан, яғни олардың белгілі бір уақыттың аралығында функциялық жағынан жетіле түсуін сипаттайтын әрекеттері күрделене түседі.

Қалыпты жағдайда өсу және даму процестері үздіксіз жүріп жатады, бірақ әр уақытта бір қалыпты бола бермейді. Ондай жағдай осы екі фазаның гетерохрондылығы деп аталады. Бұл жағдайдың мәнісі, ол сан жағынана пайда болған өзгерістер белгілі уақыттың аралығында кенеттен өзгеріп, организм жаңка сапалы өзгеріске ауысады. Сонда денесінің бір бөлімінің мөлшері дененің басқа бір бөлімінің мөлшеріне теңесетіні байқалады. Бұлшық еттердің күші мен қозағлу қарқыны, ақыл-ой әрекетіне сай келеді. Соның нәтижесінде өсу мен даму гормониялық немесе үйлесімді даму жағдайына жетеді.

Бала организмінің өсу және даму жағдайындағы гетерохрондық пен гармониялық өзгерістер көптеген биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты болады. Өсу мен дамудың биологиялық факторы организмнің өзінде айқын өзгерістер түрінде көрінеді, ал әлеуметтік фактор қоғам құрылысында, тұрмыс жағдайларында, білім және тәрбие беру жағдайында. Бұл факторлар өсу және даму процесіне сапа жағынан баға беру кезінде еске алынады.

Бала организмінің өсуі мен дамуының біркелкі болмауы тек дененің өсуіне әсер етіп қоймай, сонымен бірге психикасының даму дәрежесі әр түрлі болады. Ол тек басындағы ой-өрістің дамуына байланысты болып қоймай, соынмен бірге баланың тәрбие жағдайына да тәуелді. Өсіп – даму процесінің сырт көрінісінде дене пропорциясының өзгерісі байқалады: жас жоғарылаған сайын бастың мөлшері бір шама кішірейеді де, қол мен аяқтың ұзындығы біршама ұзарады. Жыныстық жағынана алғанда балалардың өсіп даму процесі шамалас болып келеді.

3.Жас кезеңдері және оны бөлудің физиологиялық-педагогикалық негіздері. Қазіргі психологтар мен педагогтар баланы туғаннан бастап, нәрестенің тіршілік етуіне байланысты өзгерістер мен әртүрлі дағдарыстарын санамағанда. Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықта 3 дағдарысты кезеңдерге бөлген.Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене оырып жас кезеңдеріне топтастырады.

Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі . Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:

а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);

б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);

  1. 1-ден 3 жасқа дейінгі кез — сәбилік кезең деп аталады.Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. 3-тен 7 жасқа дейінгі кез — мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның    рөлдік ойын түрі пайда болады.  8-ден 11 жасқа дейінгі кез — бастауыш мектеп жасы деп аталады. 11-15 жас — жеткіншектік жас кезеңі деп аталады.

Бұл кезде балада   психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды. Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды. Жас шамасымен жас кезеңінің арасында мынадай байланыс бар. Әр мемлекет өзінің бекіткен заңы бойынша мектепте оқыту жасын белгілейді. Мысалы: қазір 2-жастан бастап яслиге алып 6-7 жастан бастап мектепте оқытып жүр. Дегенмен адам өмірінде жаңа жас кезеңі басталғанда мүндай кезендерге бөлудің жалған көрсеткіш екені байқалады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *