Генетикалық детермирленген өкпе аурулары тыныс жүйесінің рецидивті және созылмалы аурулары байқалатын балалардың 4-5%-да анықталады. Моногенді тұқымқуалайтын өкпе ауруларын және басқа тұқымқуалайтын ауруларда өкпенің зақымдалуымен білінетін аурулар (муковисцидоз, алғашқы иммундық тапшылықтар, дәнекер тіндердің тұқымқуа- лайтын аурулары және басқалар) деп бөлу қабылданған.

Алғашқы цилиарлы диcкинезия көптеген бронхоөкпе жүйесінің созылмалы ауруларының негізінде жатады (бронхоэктазалар және басқалар). Картагенер синдромы ішкі мүшелердің керісінше (теріс) орналасуының (situs viscerum inversus) және бронхоэктазалар мен іріңді синуситтер қалыптастыратын, кірпікшелердің қозғалмауы синдромның қосарлануы. Біріншілік цилиарлы дискинезия диагнозы мұрын клегейінің немесе бронхтар биоптатының алынған бойда жүргізілген фазо-контрасты микроскопияға (кірпікшелердің қимылдарының қарқындылығына және сапасына) және/немесе биоптаттың электронды-микроскопиялық зерттеулеріне (кірпікшелердің құрлысының мүкістігінің сипатын анықтауға) негізделген. Біріншілік цилиарлы дискинезиясы 50-60% жағдайда ішкі мүшелердің теріс орналасуымен бірге анықталмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары. Оқулық. Ақтөбе 2011ж 927 бет.