Азия аварлары Ғұн (түрік) және вар (моңғол) атты екі түрлі тайпадан кұралған. Аварлар Еуропаға көшкенде түріктердің өмір сүрген жерлерінен өтіп бара жатқанда жол бойындағы түрлі тайпаларын қосып алып, осылайша Еуропа аварлары тарихында түрік мәдениеті үстем болып шықты. Аварлардың кол астында өмір сүрген көктүріктердің 551 жылы еркіндік алулары көктүрік әскерлерінен жеңіліп, 553 жылы және 558 жылдары батысқа қарай әрекет жасады. 558 жылы жолдарындағы сабарларды тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды да бірге алып, Кавказ және Еділ-Орал аймағына дейін ілгеріледі. Византиядан орналасулары үшін жер мен салық талап етті.

Византия бір жағынан, олардың талабын орындағанмен, бір жағынан да аварларды Балқан түбегінде, Дунай жағалауларында тоқгатуды жоспарлады. Шығыстан аяусыз дұшпандары болып табылатын көктүріктер өздерінің соңынан түскендері үшін аварлар Кавказ, Еділ (Волга) аймағында тұрақтай алмай Еуропа ішіне қарай жылжып, Византияның славяндарының көмегімен жүзеге асырған кедергісін жойып, Византиямен көршілес жерлерді өздеріне қаратты. Аз уақыт ішінде Орталық Карпат пен Венгрия айналасын қол астына қаратып, ол жерде күшті бір мемлекет құрған болатын. 582 жылы батыстағы франктар мен кейбір Византияның ішкі шекарасына жақын орналасқан қалаларын басып алды. Бұл кезенде үкімет басында керемет әскербасшы әрі мемлекет адамы болып табылатын Баян қаған еді. Дон өзенінен Галлияға дейінгі Солтүстік Славян аймағынан Италияға дейінгі жерлер Баян ханның қол астына қарайтын. Әскерінің үлкен бөлігі түріктерден тұратын, гермендықтар мен славяндардан да құралған көмекші күш табар еді.

Аварлардың тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып күмәнсіз Византия астанасы Коннстантинопольді олардың қоршап алуы жатады. 619 жылы жүзеге аскан алғашқы қоршау нәтижесіз болды, 2 айға созылған екінші қоршау болса сасанидтермен бірлесе отырып жүзеге асырылса да, кемелердің болмауына байланысты және құрлықта жүзеге асырылуы мен қала қорғандарының мықты болуына байланысты нәтижесіз аяқталды. Нәтижесінде кері шегінуге мәжбүр болған аварлар әскері үлкен шығынға ұшырап, қол астындағылардың алдында абыройының түсуіне әрі түрлі көтерілістердің орын алуына жол ашты. Балкан түбегі бұлғарлардың, Дунай-Сава аймағы харваттардың, Богемия чехтердің ата-бабаларының қол астына қарады.

Экономикалық дағдарысқа ұшыраған Авар мемлекеті VII ғасырдың соңына таман өте қатты құлдырап, 805 жылы Франция королінің шабуылынан кейін ыдырады. Шамамен 200 жыл бойы Еуропа тарихында сөз иесі болған аварлар, саяси жағынан да, мәдени даму жағынан да Еуропа халықтарының тарихында славяндардан кейінгі кезекте маңызды орын алды.

Хазарлар

Беленжер мен семендер есімді екі тайпадан тұратын хазарлар, сабарлардың жалғасы Кавказ, Қара теңіздің солтүстік-шығыс аймақтарында VII-X ғасырларда үкім жүргізген Хазар мемлекеті, көктүріктердің батыстағы қолын құрап, экономикалық, діни және басқару ісімен түрік және әлем тарихында ерекше орын алады. Хазарлардың басында «қаған» атағына ие басқарушы болды. 630 жылға дейін Кавказияда көктүріктердің атынан әрекеттер жасады және Көктүрік мемлекетінің Қытай қол астына кіруінің нәтижесінде тәуелсіздіктерін жариялады. Иранға қарсы ұйымдасқан Византия-Хазар одақтастығы, аз уакыт ішінде Иран жерін құлдыратты. Соның нәтижесінде 634- 637жылдар арасындағы соғыстар нәтижесінде хазарлар бұл жерді басып алды.

Иранның мұсылмандарының қолына өтісімен алғаш рет хазарлар Исламмен танысты және мұсылмандармен жақын байланыста болды. Бірақ бұл жолы мұсылмандарға қарсы ХазарВизантия одақтастығы құрылып, үйлену арқылы араларындағы қарым-қатынастарын арттыра түсті. Мұның нәтижесінде Хазар қағанының немересі Чичектің ұлы VI Леон, Византия тағына отырды. 665 жылы Кавказиядағы Бұлғар мемлекеті құлады және бұл өлкелертүгелдей хазарлардың қолына өтті. Хазар-араб байланыстары алғаш рет 651-652 жылы Хз. Османның халифтігінің тұсында мұсылман араб әскерлерінің Хазария астанасына дейін барған жорықтарынан басталды. Хазарлардың алдынан мұсылман араб әскерлері тағы да кері шегінуге мәжбүр болды және оларды қуғынға ұшыратқан хазарлар, Армения жерлеріне дейін барды. Бұл аймақтағы хазар-араб қатынастары 50 жылға созылды. VIII ғасырдың басында хазар-араб күресі күшейіп, көбінесе Әзірбайжан мен Армения жерлерінде болған соғыста хазарлар жеңіп шықты; 758 жылы Тбилисиді басып алып, Армения жеріне аяқ басты. Солтүстік Кавказия мен Шығыс Еуропада да оңтүстіктегідей өркениет орын алған болатын. Еділ бұлғарлары, түрік, моңғол солтүстіктегі славян, орыс варягтары мен жергілікті халықтар хазарлардың қол астына кірді.

Хазарларды орта ғасырдың ең күшті мемлекеті дәрежесіне жеткізген себептерге көз салатын болсақ, бірінші орынды сауда-саттық алады: Қытай, Ислам өлкелері Византия мен Скандинавия жерлеріндегі сауда жолдарының орталығында орналасқан хазарлар мүмкіншіліктерін жақсы пайдаланып, жоғарыда аталған мемлекеттермен қарым-қатынас жасай отырып, пайда таба білді. Ділі мен ұлтына қарамастан саудагерлерге түрлі жеңілдіктер жасап, астанасы Еділде әрбір ұлттың саудагерлеріне арнап жеке көшелер төседі, мал-мүліктерін де қорғау астына алды. Хазар мемлекетінің ресми діні иудаизм еді.

Алайда олардың тарапынан басқа діндерге шарт қойылмады әрі құрмет көрсетілді. Астанасы Еділде мұсылмандар, христиандар, йахудилер, Көктәңірі дініндегілер мен пүтқа табынатындар бірге өмір сүріп, ғибадаттарын еркін түрде жүзеге асырып отырды. Көктүріктердің мемлекетті баскару жүйесін жалғастырған хазарлардың VII-IX ғасырларда Кавказия мен Шығыс Еуропада құрған сауда-саттыққа байланысты тыныш және сенімді орта «Хазар бейбітшілігі» (pax khazarica) түрінде әлем әдебиетінде орын алды. Хазар қағандығы X ғасырдың орталарынан бастап әлсірей бастады. Жалдамалы әскерлердің санының көбеюі, сауданың төмендеуі, оның нәтижесіңде ұлттық дәстүрден жұрдай бола бастауы, тәртіпсіз әскердің пайда болуы, хазар қағандығының әлсіреуіне себеп болды.

Әсіресе, Еуропада сауда жасаған варягтар қуаттанып, алғашқы мәрте 862 жылы Ладога көлінің жағалауында Варяг-орыс мемлекетін құрған еді. Олег түріктері тарапынан құрылған Киев қаласын басып алып, ол қаланы өз орталықтарына айналдырған болатын. Осылайша тарихтағы алғашқы Орыс мемлекеті құрылған еді. Хазарлардың әлсіреуінің тұсында Хазар өлкесіне жорық ұйымдастырған орыстар 910-943 жылдары жиі шабуыл жасап отырды. Киев князі Святослав түрік әдісіне негіздеп құрған әскерімен 965 жылы Хазар өлкесіне жасаған шабуылдың нәтижесінде Хазар астанасын басып алып, түрік және әлем тарихының ең керемет мемлекті болып табылатын Хазар мемлекетін жеңді.