Ауыл қонысының (ауылдық елді мекеннің) белгілі бір анықтамасы жоқ. Кез келген елде орнатылған қала критерийлеріне жатпайтын барлық елді мекендер ауылдық елді мекен болып табылады деп айтуға болады.

Міне сондықтан, ауылдық елді мекендерге шағын өнеркəсіптік, көліктік, орман шаруашылығы жəне санаторий, демалыс үйлері, сорап станциялары, орман мектептері, ғылыми мақсаттағы нысандардың пайда болуы негізіндегі қызметтік кенттер деп аталатын қоныс мекендері жатады. Бұдан басқа, дисперсиялық қоныстандыруға (латыннан: disperses – «шашыраңқы») жалғыз құрылыс көлеміне қатысты: шолушылардың, орман күзетшілерінің, маяк қараушылардың жəне т.с.с үйлері жатады.

Айтарлықтай елдерде фермалық шаруашылықтармен ұсақ ауылдық мекендер желісі бар. Мысалы, Данияда немесе АҚШтағы гомстед зоналары (ағылш. homestead – қоныстанушыларға тегін немесе жеңілдікпен берілетін жер телімдері). Фермалық шаруашылықтар жарамды жерлерде орналасқан. Мұндай қоныстандыру біздің республикада да фермерлік шаруашылықты дамытумен байланысты болашағы бар.

Жер шарында ауылдық мекендердің жалпы саны бойынша бірыңғай мəліметтер жоқ, яғни көптеген елдерде ұсақ ауылдық мекендер ірі қоныстың бір бөлігі ретінде есептеледі. Бұл сан 12- 20 миллионға жуық.

Ауылдық мекендер қызметтік қатынаста ауылшаруашылықтық, ауылшаруашылықтық емес жəне аралас деп бөлуге болады. Ауылшаруашылық елді мекендерге халқының басым бөлігі ауыл шаруашылығымен жəне ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын мекендер жатады. Жер бетіндегі ауыл халқының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен байланысты. Сондықтан ауылдық елді мекендердің басым типі ірі емес ауылшаруашылық елді мекендер болып табылады. Олар дамыған елдерде 30-дан 70%-ға дейінгі мекендерді құраса, дамушы елдерде -100%-ға жетеді. Біздегі ТМД елдерінде бұл көрсеткіш 50%-ды құрайды.

Ауыл халқының жермен байланысы өндіріс құралы ретінде тұрақтың жəне еңбектену орнының жақын болуымен талап етеді. Мұндай жағдайда уақыт үйден жұмыс орнына дейінгі арақашықтыққа аз уақыт жұмсалады. Экономикасы дамыған елдерде, ең алдымен экономикалық пайда жəне табыс барлық істің негізі болып табылады, олар үшін, яғни фермер өндірушіге жақсы жолдар салып, электр жəне телефон сымдарын жүргізіп, тұрмыстық жағдайларын жақсартып: азық-түлікті дайындап, жылу, су қондырғысын жəне т.с.с. жағдайларын реттейді. Дəрігер, мал дəрігері, көшпелі дүкендер келе алады жəне балаларды мектепке апаруға болады. Сонымен бірге барлық шаруашылықты жүргізуге көмектесетін компьютерлер енгізілген – қожайын үшін қолайлы мəзірді жəне жануарлар үшін рациондарды есептеу, тіпті тасымалдаушы фирмаға компьютермен қажетті өнімдерге тапсырыс беруге де болады.

Батыста мұндай ұйымдар үшін XX ғасырдың І-жартысында неміс географтары В. Кристаллер жəне А. Леш орталық орын «кристаллер торы» атты өзіндік теориясын ойлап шығарды. Орталық орын деп олар берілген аумақтағы барлық басқа елді мекендердегі халықты тауар жəне қызмет етумен қамтамасыз ететін елді мекенді атады. Көлемі мен күрделілігі өндіруші мен қызметтердің түрлерінен қамтамасыз ету үшін орталық орындар рангы болуы тиіс – шағын ауылдық елді мекеннен астаналық орталыққа дейін.

Ең кіші орталық орын деп, олар халық шоғыры 1000 адамды құрайтын апта сайын базарды, полициялық қызметі, ұсақ шеберханалары бар елді мекенді кент деп есептеді. Ең ірі орынның келесі орталығы болып, бірінші ретті сот инстанциясы, банк, бастауыш мектеп, кітапхана, арнайы дүкендері бар елді мекендер табылады. Міне, осылай, орталық орынның əрбір келесі типі ең үлкен күрделі қызметтерді орындайды жəне оған тартылатын аумақ одан сайын ұлғая түседі. Батыста барлығы ұсақ елді мекендер мен жеке халықтың қажеттілігін ескере отырып, көрсетілетін қызметке, саудаға байланысты тұрғызылады.

Ауылшаруашылықтық емес ауылдық елді мекендер болып негізінен ауылшаруашылығымен айналыспайтын тұрғындар тұратын мекендер табылады. Онда халық шаруашылығы салаларының ұсақ кəсіпорындары, шикізат жəне еңбек факторларына бағдарлануына байланысты орналасады: өндіруші жəне өңдеуші өнеркəсіп, орман, орман дайындаушы, аң-кəсіпшілік, көліктік коммуникациялық қызмет көрсетулер, теміржол, құбыр жолдары жəне т.б.

Ауылшарушалықтық емес елді мекеннің ауыл тұрғындары халыққа рекреациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді (ең алдымен қалалық), сонымен қатар қорықтарда, қорғалатын зоналарда табиғатты қорғау функциялары жатады. Бұл елді мекендер қалада маятниктік миграциялар жұмыс жасайтын тұрғылықты орын болып табылады. Үшінші қызметтік топты құрайтын аралас ауылдық елді мекендерге біріншіден, аграрлық индустриялы елді мекендер; екіншіден, жергілікті əкімшілік жəне мəдени-тұрмыстық орталықтар қызметін атқаратын елді мекендер; үшіншіден, маятниктік мигранттарды көпшілік санымен байланысты қала маңы елді мекендері жатады.

Ауылдық елді мекендер (жоғарыда аталған функциялары мен шамасынан) басқа да белгілердің тұтас қатары бойынша жіктеледі. Қоныстанудың жоспарлық түрі табиғи зоналарға байланысты еркешеленіп, сипатқа тəн типтер мен формаларды түзеді: сызықтық солтүстік өзен маңы елді мекендер, оңтүстікке қарай, шоғырлы, кварталды типтерге бөлінеді. Құрылыс материалдары бойынша елді мекендер айтарлықтай нақты түрде бөлінеді: орман зонасында – отын, дала зонасында жəне оңтүстікке таман – күйдірілген кірпіш, саз, тас. Ауыспалы жайылым мен қыстауға немесе жайлауға мал шаруашылығымен уақытша тұрақтауға жəне малға жем-шөп дайындауда мал бағатын аудандардағы елді мекендер өзіндік ерекше формаларымен жайлауға жəне қыстауға бөлінеді.

Авторлық сілтеме:
Нүсіпова Г. Н. Халықтар географиясы: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы 5 В060900 – «География», 5 В011600 – «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ұсынылады. – Алматы: «Экономика», 2011. – 214 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *