Ауа секілді қымбат бағалы термин, әсіресе, оған мұқтаж адамдарда аурудың себептерінің көптеген қауіптерімен байланысты жиі қолданылады. Ауа арқылы тасымалданатын микроорганизмдер атам заманнан бері қарай асқынулар мен өлім жітімнің негізгі себептері болып келеді. Ауада химиялық агенттер мен бөлшектелген ластаушы заттардың өте кең таралуы, әсіресе индустриялы елдерде байқалады. Бұл жерде, біз сыртқы мен ішкі ауадағы осы қауіптерді талқылаймыз.

Сыртқы ауаның ластануы

Индустриялы елдердегі қоршаған ортаның ауасы газ тәріздес және бөлшектелген ластаушы заттармен, әсіресе, үлкен қалалар мен ауыр индустрия аймақтарында күшті зарарланған. Құрама Штаттарда Қоршаған Ортаны Қорғау Агенттігі алты ластаушылардың: күкірт диоксиді, көміртек тотығы, озон, азот диоксиді, қорғасын және бөлшектелген заттардың рұқсат берілген жоғары деңгейлеріне шек қойып және қадағалап отырады. Бірлесе отырып, осы агенттердің кейбіреулері жақсы белгілі тұмшаны туғызады, ол кейде Каир, Лос Анджелес, Хьюстон, Мексико Сити және Сан Пауло сияқты үлкен қалаларды тұншықтырып тастайды. Ауаның ластануы қазіргі заманның феномені болып табылса керек. Ластанудың қазіргі деңгейі Сенека жазғандай: «Римнің зиянды буларын, қара күйесін және ауыр ауасын» тастап шығысымен-ақ өзінің жағдайының қаншалықты жақсы өзгергендігін сезген кездегідей емес болса керек. Қоршаған ортаны бақылау туралы алғашқы заңды 1306 жылы Эдвард І жариялаған болатын және ол өзінің: «көмір өртеген (жаққан) деп айыпты болып табылған адам кім болатындығына қарамастан өзінің басынан айырылуы тиіс» деген ашықтанашық қарапайымдылығымен сипатталады. Қазіргі заманда ауаны ластаушылардың табиғаты мен шығатын көздері және сонымен қатар олардың шығарылуын бақылау жасайтын қағидалардың түрлері де өзгеріп кетті.

Ауаны ластаушылар көптеген жүйелердің ағзаларын зақымдайтындығына қарамастан (мысалы, төмендегі қорғасынмен улану мен көміртек тотығының әсерлерін талқылауды қараңыз) өкпелер ауаны ластаушылардың алғашқы зиянды салдарын өзіне қабылдап алады. Осы жердегі темекі шегу туралы кейбір пікірлерден тыс, ластаушы агенттермен туғызылатын өкпе аурулары талқыланады. Бұл жерде біз озонның, күкірт диоксидінің, бөлшектелген заттардың және көміртек тотығының денсаулыққа негізгі әсерлерін қарастырмыз.

Озон ауаны ластаушылардың ішіндегі адамға ең бағынбайтын, ең қайсар біреуі болып есептеледі, оның деңгейі көптеген үлкен қалаларда Қоршаған ортаны қорғау агенттігі стандарттарынан асып кетеді. Озон, негізінен автомобильмен шығарылатын азот тотығының қатысуы арқылы күн жарығының қолдауымен жүргізілетін реакциялардан пайда болатын газ. Тотықтармен және өте майда бөлшектелген заттармен бірге, озон жақсы таныс «тұмшаны» (түтін мен қалың тұманның қоспасын [“smog”, mixture of smoke and fog]) құрастырады. Оның уыттылығы құрамындағы тыныс алу жолдарындағы эпителийлік жасушаларды және альвеолалық жасушалардың І типін зақымға ұшырататын еркін радикалдардың пайда болуымен байланысты. Озонның төмен деңгейлеріне сау адамдардың төзімділігі жақсы болады, бірақ ол бөлшектелген ластаушылармен біріккен кезде, әсіресе, астма мен эмфизема бар науқастарда өкпенің функциясы үшін залалды. Өкінішке орай, ластаушылар жалғыз түрде өте сирек кездеседі, оның орнына олар біріге отырып нағыз «мыстан кемпірдің тұндырмасын» құрастырады.

Күкірт диоксиді, майдаланған бөлшектер және қышқыл аэрозольдер көмір мен май жағатын зауыт-фабрикалармен және осы жанармайларды қолданатын индустриялық үдерістермен шығарылады. Майда бөлшектелген заттар осы қоспалардың ең маңызды зиянды компоненттері болып табылады. Бұл бөлшектерге химиялық немесе физикалық жақсы сипаттама берілмегендігіне қарамастан, олар асқынулар мен өлімнің негізгі себебі болуы тиіс деп есептеледі. Диаметрі 10µm кем бөлшектер әсіресе, зиянды болып табылады, өйткені олар ауаның ағымымен бірге тыныс жолдарына дейін жетіп алады да, ол жерлерде макрофагтармен және нейтрофилдермен фагоцитоздалады, сөйтіп респираторлық қабыну реакциясын туғызатын медиаторлардың бөлініп шығарылуына алып келеді. Үлкендеу бөлшектер мұрынмен шығарылып жіберіледі немесе сілемейжыпылықтағыш «эскалатор» арқылы қақпанға түседі.

Көміртек тотығы (СО) тітіркендірмейтін, түссіз, дәмсіз, иіссіз газ. Ол көміртектес материалдардың толымсыз тотығуы нәтижесінде пайда болады. Бұл өнімнің шығу көздеріне автомобиль моторлары, қазба материалдардың жанармайын қолданатын өнеркәсіп орындары, тұрғын үйді жылыту үшін қолданылатын жанармай (табиғи емес газ) және темекі түтіні жатады. Қоршаған ауада жиі табылатын төменгі дозалары тыныс алу функциясын нашарлатуы мүмкін, бірақ олар өздігінен өздері өмірге қауіп төндірмейді. Дегенмен, тоннель және жер астындағы гараждарда түтіннің әсеріне жоғары деңгейде шалдығатын, шектелген ортада жұмыс істейтін адамдарда созылмалы улану дамуы мүмкін. Көміртек тотығы бұл жерде ауаны ластаушы ретінде қарастырылып отыр, дегенмен, ол сонымен қатар кездейсоқ және суицидтік өлімнің де маңызды себебі болып есептеледі. Кішкентай, жабық гараждарда орташа автомобильден 5 минут ішінде шыққан газ өлімге алып келетін кома туғызады. СО жүйелік асфиксант (тұншықтырғыш) болып табылады, ол орталық нерв жүйесінің депрессиясын туғызу арқылы өлтіреді, өлім білінбестен орын алатындығы соншалықты тіпте, оның құрбандарында өздерінің қауіпті жағдайлары туралы ешқандай күдік пайда болмайды, сондықтан олар өздеріне жәрдем беруге шарасыз келеді. Гемоглобиннің көміртек тотығына туыстығы оттекпен салыстырғанда 200 есе жоғары. Нәтижесінде пайда болатын карбоксигемоглобиннің оттекті тасымалдауға шамасы келмейді. Гемоглобин көміртек тотығымен 20%-дан 30%-ға дейін қаныққан кезде жүйелік гипоксия пайда болады, ал қанығу 60%-дан 70%-ға жеткен кезде адам ес түсін жоғалтады және өлім орын алуы мүмкін.

Морфологиясы. Көміртек тотығымен созылмалы улану дамуы мүмкін, өйткені карбоксигемоглобин бір түзіліп алғаннан кейін айтарлықтай тұрақты болып қала береді және төменгі деңгейдегі тұрақты түрдегі СО әсеріне шалдықтырады, ол сонымен қатар қанда өмірге қауіп төндіретіндей концентрацияға дейін аккумуляция болуы мүмкін. Баяу дамитын гипоксия білдірместен орталық нерв жүйесінің кеңінен жайылатын ишемиялық өзгерістерін туғызуы мүмкін; бұл өзгерістер, әсіресе, базальды ганглий мен жасымық тәрізді ядрода айтарлықтай байқалады. СО әсеріне душар болу тоқтатылғаннан кейін науқас әдетте, айығып кетеді, бірақ жиі неврологиялық өзгерістердің қалдықтары сақталып қалады. Көміртек тотығымен улану диагноз қойылуы негізінен қанда карбоксигемоглобиннің айтарлықтай деңгейінің анықталуына тәуелді болады. Көміртек тотығымен жіті улану негізінен оның әсеріне кездейсоқ шалдығу немесе суицидтік әрекет жасау салдары болып табылады. Ақшырайлы адамдарда, жіті улану карбоксигемоглобинмен туғызылатын өзіне тән тері мен сілемей мембраналарының жайылып кеткен шие тәрізді қып-қызыл түске боялуымен сипатталады. Егер өлім тез арада орын алатын жағдайда, морфологиялық өзгерістер байқалмауы мүмкін; ал егер өмір сүру ұзақтау болған жағдайда ми аз ғана ісінген, нүктеленген геморрагиялар мен гипоксиямен туғызылған неврологиялық өзгерістер байқалады. Морфологиялық өзгерістер спецификалы болып есептелмейді; олар тек қарапайым жүйелік гипоксияның белгілері есебінде байқалады. СО әсеріне душар болу ұзаққа созылмаған кезде, толық айығып кету мүмкін; дегенмен, кейде еске сақтап қалу, көру, есту және сөйлеу қабілеттерінің бұзылыстары сақталып қалады.

Ішкі ауаның ластануы

Біз өздеріміздің үйлерімізді сыртқы қоршаған орта ауасын кіргізбес үшін «түймелеп-сырмалап» жатқан кезімізде ішкі ауаның ластану қаупі жоғарылап кетеді. Ең кеңінен таралған ластаушы агент темекі түтіні (кейінірек жеке талқыланады) болып табылады, бірақ қосымша жәбірлеушілерге СО, азот диоксиді (сыртқы ауаның ластаушылары ретінде айтылған болатын) және асбест жатады. Бұл жерде тек кейбір басқа ластаушы агенттер туралы ғана азғантай пікір келтіріледі.

Ағаш түтіні құрамында азот пен көміртек тотықтарының әртүрлі бөлшектері болады, ол өкпе инфекцияларына бейімдеуші тітіркендіргіш және оның ішінде карциногендік полициклдік көмірсутектер болуы мүмкін. Радон, ураннан шығатын радиоактивті газ, топырақта және тұрғын үйлерде кеңінен таралған. Радонның әсеріне шалдығу уран шахталарында істейтін жұмысшылар үшін өкпе қатерлі ісігін туғызатын кәсіби қауіп болып есептелетіндігіне қарамастан, оның әсерлеріне үйде созылмалы душар болу өкпе қатерлі ісігі қаупін жоғарылатпайды, әсіресе темекі шекпейтіндерде. Биоаэрозольдарға Легионерлердің ауруы, вирустық пневмония сияқты инфекциялық аурулардың және суық тиюдің себебі болатын микробиологиялық агенттер, сонымен қатар қаупі төменірек бірақ осыған қарамастан үй айуандарының қайызғағынан, майда заттардың шаңынан шығатын азап шектіретін аллергендер және ринит пен көздің тітіркендіруін, тіпті астма туғызатын зең мен саңырауқұлақтар кіреді.

Қоршаған ортаның аурулары және қоршаған ортаның ластануы • Қоршаған ортаның ауруларына сыртқы қоршаған ортадағы, жұмыс орнындағы және жеке қоршаған ортадағы химиялық немесе физикалық агенттердің әсеріне шалдығу нәтижесінде пайда болған жағдайлар жатады. • Экзогендік агенттер организммен ингаляция, жұту және терімен жанасу арқылы абсорбция болатын ксенобиотиктер ретінде белгілі, олар организмнен шығарылуы немесе май тінде, сүйекте, мида және басқа тіндерде аккумуляция болуы мүмкін. • Ксенобиотиктер уытты емес өнімдерге айналып кетуі мүмкін немесе цитохром Р-450 жүйесі қатысуымен жүретін екі-фазалы реакция үдерісі арқылы уытты қосындыларды өндіруге белсендіріледі. • Ауаны ластаушылардың ішіндегі ең жиі кездесетіндеріне: озон, ол тотықтар мен майда бөлшектелген заттармен біріккен күйінде тұмшаны құрастырады; күкірт диоксиді; қышқыл аэрозольдар және диаметрі 10µm кем бөлшектер жатады. • Көміртек тотығы ауаның ластаушысы, сонымен қатар кездейсоқ және суицидтік өлімнің маңызды себебі болып табылады; ол гемоглобинді жоғары туыстық дәрежесінде байланыстырып алады, сондықтан жүйелік асфиксияны және орталық нерв жүйесінің депрессиясын туғызады.

Авторлық сілтеме:
Дерттану негіздері (жеке ағза мен жүйелердің аурулары): Оқулық / Кумар В., Аббас А. К., Фаусто Н., Р. Н. Митчелл / ауд. Қ. Қарымбаев – Алматы, 2016. – 732 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *