Асыл тастардан əшекейлер жасау

Шақпақ тас — 300 мың жыл бұрын алғашқы адаммен игерілгіен алғашқы тас, ал соңғы, бір кеңінен танымал тас — чароит 1977 жылы ашылды. 2007 жылы жаңа тас ашылды — параиба аталған бірегей қасиеттері бар, берилланың бір түрі. Тіршілікті қамтамасыз етуге қажетті тастардан басқа, алғашқы адам 10 түсті тастарды пайдаланды: шақпақ тас, роговик, обсидиан, яшму, нефрит, жадеит, серпентинит, янтарь, кварц, тау сутас (олардың қазіргі аттары келтірілген). Ежелгі өркениеттер (шумер-аккад, вавилон-ассирия, мысыр, крит-микен) тағы 18 асыл тастарды қосты: малахит, амазонит, гематит, аметист, сард, агат, оникс, сардоникс, изумруд, гранат-альмандин, халцедон, лазурит, хризолит, бирюзу, берилл, стеатит, інжу, маржан. Антикалық дəуірдің соңында ежелгі гректер мен римдіктер 77 минералдар мен 27 жыныстарды білген. Айтап өткен асыл тастардан басқа опал, топаз, рубин, сапфир, ақық, плазма, хризопраз, гелиотроп, празем, гиацинт, алмаз, гагат пайдаланылды. Ортағасырлардың басында əлем асыл жəне түрлі-түсті тастардың 40 түрін білген.XVIII ғасырдан бастап табиғи қосылыстарды химиялық жəне XIX соңынан — физикалық əдістермен зерттеу, жаңа минералдардың санының тез өсуіне əкелді, соның ішінде асыл тастардың. Қазіргі уақытта 3000-нан астам минералдар белгілі. Жыл сайын олардың қатарына тағы да 20-30 қосылады. Зергерлік істе 100-ге жуық тастар қолданылады [1].

Асыл жəне жасанды тастар ежелден қолданбалы өнерде, интерьердегі бөлшектерді орындау үшін, зергерлік əшекей заттарды жасауда, табыну заттарында, салтанатты қаруларда жəне билік символдарында қолданылады. Алғашқы янтарьдан жасалған бұйымдар, ілмек түрінде қарапайым адам суреттері мен геометриялық фигуралары салынған, мезолит дəуіріне жатады ( б.з.б. 20 мың жыл). Кеш палеолиттің қоныстарында (б.з.б. 13 мың жыл) яшма мен тау сутасынан жасалған найза ұштары кездеседі. Неолит үшін (б.з.б 5-2-ші мыңжылдық) кварц, яшм, нефрит, обсидиан, халцедон, оникса жəне кəріптасты кең пайдалануы тəн [2].

Бұл тастар əшекейлік қызмет еткен, олардан тұмарлар, құдайлардың мүсіндері жасалатын. Қола дəуірінде тасты металдан жасалған жиектемеге орналастыра бастаған. Үндістан мен Бирмеде 7,5-10 мың жыл бұрын, тастан жасаған əшекей бұйымдар таққан жəне асыл тастармен қару-жарақтарды жəне тұрмыстық заттарды безендірді. Бұл халцедон, агаты, нефрит болатын. Үндістанда изумрудтар б.з.б. 2000 жылы пайда болды, сапфир жəне рубин Цейлонда б.з.б 600 жылы пада болды, Үндістанда — алмаз б.з.б 1000-500 жылы пада болды. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы орыс барокко зергерлік өнерінде — асыл тастардың бүкіл палитрасы пайдаланылды. Зергерлер XVIII ғасырды «Гаухар ғасыры» деп атайды. Гаухар мерекелік зергерлік əшекейлерде басым болады, дерлік жиегі елеусіз болып қалады. Классицизм дəуірінде (XVIII соңы — XIX ғасырдың басы) тастарды қырлауының сапасына жəне оларды бекітуінің тазалығына айрықша мəн берілді. Күндізгі əшекейлерге агат, оникс, сердолик, авантюрин жəне бирюзаны қолдануды дұрыс көрді. Антикалық өнермен қызығушылық, камеяларымен əшекейлердің тарауында жарқын көрінісін тапты. XII ғасырдан бастап ұмытылған мозаика өнері Ресейде тек XVIII ғасырда М. В. Ломоносовпен жанданды. XVIII ғасырда Ресейде тасқа ойып қашау жəне зергерлік өнер қарқынды дамуы басталды, оған себеп болған Оралда жəне Сібірде ашылған түсті тастар кен орындары. Орал малахиттерінің жəне Прибайкал лазуриттерінің ашылуымен, орыс мозаика өнері туады — мəрмəрдан немесе малахиттін өрнегіне келтірілген пликаларымен змевиктен немесе көк-барқытты лазуриттен жасалған күрделі пішінді бұйымдарды қаптау. Оралдың шеберлері флоренциялық мозайканың құпиясын да иеленген. Қазіргі уақытта бағалы немесе зергерлік тастар деп, əшекейлер ретінде пайдаланылатын кез-келген тастарды атайды. Ресей — асыл тастарға өте бай ел. Оның жер қойнауында алмаз, берилл, изумруд, александрит, топаз, хризолит, циркон, түрлі гранаталар, турмалиндар, аметист, цитрин, таулы сутас, ақық, хризопраз, агат, авантюрин, амазонит, лабрадор, малахит, лазурит, родонит, нефрит, чароит жəне басқа да көптеген асыл тастар кездеседі [3].

Тау-кен өнеркəсібінің дамуымен зергерлік бұйымдарда қолданылатын тастардың саны күрт өсті. Қазіргі уақытта олардың 200-ден астам түрлерін атап атауға болады. Олардың бірі — алмаз, рубин, сапфир, изумруд, аквамарин, александрит, опал, гранат, шпинель, топаз, турмалин, бирюза, аметист, лазурит, малахит, нефрит, жадеит — ертеден кеңінен қолданылып келеді, кейбір — танзанит, тзаворит, чароит, бразилианит, бенитоит жəне т. б. салыстырмалы жақын мерзімде ашылып, зергерлік əшекейлер ретінде жақында қолданыла бастады. Қатаң мағынада зергерлік болып табылмайтын, бірақ əдемі бояуы мен, астеризымы немесе мысық көз əсері бар минералдар, соңғы уақытта зергерлердің көңілін тарта бастады. Оларға скаполит, титанит, апатит, андалузит жəне басқа да көптеген минералдар жатады. Пайда болуы жағынан органикалық болып табылатын тастардың кейбіреуі зергерлік болып табылады, олар — інжу, кəріптас, маржан, гагат, сүйек, мүйіз жəне бірқатар жануарлардың азулары.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *