Астана қаласының əлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары болған өзгерістер туризм саласында болған туризм саласындағы ұсыныстарды, нақты сұранысқа барынша жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Біздің еліміздің қазіргі келбеті жəне инфрақұрылымы бар, жас астанасы ретіндегі қалаға өсіп келе жатқан қызығушылық туризм саласының көптеген көрсеткіштерімен расталады.

Астана қаласында 2008 жылдың 1 қаңтарына қала қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 61 туристік фирма жəне 96 қонақүйі жұмыс істеді. 2007 жылы қаланың туристік фирмаларымен жəне қонақүйлерімен 455,1 мың туристке қызмет көрсетілді, оның ішінде келу туризмі 92,4 мың адам, шығу – 26,4 мың адам құрады. Ең үлкен үлес салмақ ішкі туризмге тиесілі – 336,5 мың адам (73,9%). Қызмет көрсетілген туристер саны 2006 жылмен салыстырғанда 33,7% немесе 114,8 мың адамға көбейді. 2006 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен, бұл өсім негізінен келу туризмі есебінен болды.

Барлық туристік фирмалармен жəне жеке кəсіпкерлермен 66,2 мың адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде туристік фирмалармен – 63,1 мың адамға, туристік қызметпен айналысатын жеке кəсіпкерлермен – 3,1 мың адамға қызмет көрсетілді, осыған байланысты 15,4 мың жолдама сатылған. Туристік фирмалар арқылы сатылған жолдамалардың жалпы құны 1252,3 млн. теңге құрады. Туристік фирмалармен жəне туристік қызметпен айналысатын жеке кəсіпкерлермен, сондай-ақ қонақүйлермен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 2007 жылы 9188,3 млн. теңге құрады. Туристік фирмалармен жəне туристік қызметпен айналысатын жеке кəсіпкерлермен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 1823,3 млн. тенге, оның ішінде турдың бағасына кірмейтін визалық жəне экскурсиялық қызмет көрсету көлемі 185,5 млн. теңге, орындарды сақтап қою бойынша қызмет көрсету көлемі 1636,0 млн. теңге, басқалары – 1,8 млн. теңгені құрады.

Нақты өндірудің ыңғайын табу мақсатында жəне ортақ жүйелі туризм индустриясын дамытудың «2007-2011 ж. Қазақстан Республикасының туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасын» Қазақстан Республикасының Туризм жəне Спорт министрлігі ұсынады, ол Елбасының үкімімен өңделіп жəне 29 желтоқсан 2006 жылы (№231) бекітілген.

Авторлық сілтеме:
Сұрағанова С. К., Сабатаева Б. О. Туризм инфрақұрылымы: Оқулық. Туризм мамандығына арналған. – Алматы, 2012. – 302 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *