Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі

Тұқымды өсімдіктер. Тұқымды өсімдіктер ашықтұқымдылар (қылқанжапырақтылар) және жабықтұқымдылар (гүлді өсімдіктер) деп екі үлкен топқа бөлінеді. Тұқымды өсімдіктердің споралы өсімдіктерден айырмашылығы — спора түзбейді, олардың көбею мүшелері көпжасушалы тұқым болып табылады. Тұқымды өсімдіктерде гаметофит және спорофит кезеңдері болмайды. Яғни қырықжапырақтәрізділердегі сияқты жеке өсетін өскін кезеңі және мүктерден қоректік заттарды соратын «паразитті қауашағы» болмайды. Себебі, споралар мен гаметофиттердің гаплоидты кезеңдері бүрлердің немесе гүлдің ішінде бірнеше жасуша көлеміне дейін кішірейген. Барлық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінде спорофиттің диплоидты кезеңі басым болады. Қылқанжапырақтылар да, гүлді өсімдіктер де — спорофиттер: аталық пен аналықтың ұрықтануынан түзілген жасушаларындағы хромосомалары жұп күйінде болады. Ал мейоздың нәтижесінде түзілген гаплоидты кезеңдері көбею мүшелерінде бірнеше жасушаларға кемиді. Енді осы үдерістерді толығырақ қарастырайық.

Ашықтұқымдылардың тіршілік циклін қарағайдың мысалында қарастырайық. Қарағай — аталық және аналық жыныс жасушаларын түзетін, бір үйлі өсімдік. Көктемде қарағайдың жас бұтақтарында екі түрлі бүрді көруге болады: қызғылт түсті — аналық бүр, сарғыш қоңыр түсті — аталық бүр. Олардың орналасуы да әртүрлі болады. Аналық бүрлер жас бұтақтардың ұшында, ал аталық бүрлер негізгі бұтаққа жақын орналасқан. Аталық бүрде пісіп-жетілген бүрлерден желмен таралатын көптеген сары түсті тозаңдар түзіледі. Өсімдіктердің тозаңдарында аталық жыныс жасушалары — спермалар немесе сперматозоид болады. Ал аналық гаметалары — жұмыртқа жасушалары тұқымбастамада дамиды.

Жыныс жасушалары түзілгенге дейін аталық бүр мен аналық бүрде спорогенез процесі жүреді. Алдымен жаңадан пайда болған бүрлерде мейоз жолымен гаплоидты жасушалар түзіледі. Аталық бүрлерде анағұрлым ұсақ болады, сондықтан оларды микроспоралар, ал аналық бүрлерде бұл гаплоидты жасушалар ірілеу болғандықтан мегаспоралар деп атайды. Содан соң бұл «спораның» гаплоидты жасушаларынан гаметофит жасушалары (аналық бүрде — мегагаметофит және аталық бүрде — микрогаметалар) түзіледі. Споралы өсімдіктерге қарағанда тұқымды өсімдіктердің гаметофиттері өздігінен фотосинтездеуге, ризоидтары арқылы топырақтан су мен басқа заттарды соруға қабілетті болмайды. Бұл белгілі бір бөлігі тіршілігін жоятын, гаплоидты жасушалар. Гаметофиттердің тірі жасушаларынан гаметалар түзіледі.

Қарағайдың аталық гаметалары — спермийлер тозаңқабында болады. Тозаңқаптың немесе шаң тәрізді тозаңдардың әрқайсысы екі қалың қабықтан, екі тыныс саңылауы болатын тозаң түтікшелері және екі гаплоидты спермийден тұрады. Мұндай тозаңдар желмен оңай таралады. Тозаңданғаннан кейін спермийлер жұмыртқа жасушасына тозаң түтігі арқылы жеткізіледі. Спермийдің біреуі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады.

Аналық гаметалар — (жұмыртқа жасушалары) аналық бүрде түзіледі. Олардың түзілуіндегі ерекшелігі — тұқымдағы қоректік зат қоры эндоспермнен бір жұмыртқа жасушасы мен бір гаплоидты жасуша пайда болады.

Жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі. Гүлді өсімдіктердің тіршілік циклі ашықтұқымдыларға ұқсас болады. Бірақ та аталық гаметалар — тозаңқапта, аналық гаметалар — түйінде дамиды. Түйіндер де, тозаңқаптар да бүрде емес, гүлде (даражынысты
қосжынысты) болады.

Тозаңқаптың тозаң түтікшелерінде микроспорогенез және микрогаметогенез үдерісі жүреді. Содан кейін бір тозаңқаптан немесе тозаң тцтікшелерінен гаплоидты екі жас жасуша түзіледі, оның біреуі — вегетативті, екіншісі генеративті жасуша деп аталады. Генеративті жасуша митоз жолымен бөліне отырып, екі спермий түзіледі. Ал вегетативті жасуша тозаң түтікшелерін түзеді. Аналық түйіннің ішінде мегаспорогенез және мегагаметогенез үдерістері жүреді. Бір тұқымбастамадан гаплоидты жұмыртқа жасушасы мен диплоидты хромосомалы орталық жасуша түзіледі.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *