Ас қорыту мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктері

Ас қорыту мүшелерінің дамуының жас физиологиялық ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы. 1.Түрлі жас кезеңдеріндегі балалардың ас қорыту мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктері. Тамақ – ағзадағы заттар мен энергияның жалғыз өзегі ретінде. Тағам өнімдеріндегі құрамы және баланың дамуы мен өсуіндегі маңызы. 

Түрлі жас кезеңдеріндегі балалардың ас қорыту мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктері. Ас құрамындағы қоректік заттар адам денесіндегі ұлпалардың жаңаруына, жасуша түзілуіне, адамның өсу-дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалы, тіршілікке жұмсалатын энергия көзі. Тағам құрамындағы қоректік заттарды қарапайым қосынды – мономерлерге дейін ыдыратуды асқорыту деп атайды. Асқорыту – өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып организмге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады, бұлардың әсерін күрделі заттар қарапайым заттарға ыдырайды.

Су, минералды тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидролаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. Аутолитикалық ферменттер – тағамдық заттар (ана сүті құрамындағы ферменттер).
  2. Симбионттық гидролазалар – бактериялар мен бір клеткалы жасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік процестерді іске асырады (мысалы, күйіс қайыратын малда клечатканы ыдырататын ферменттер). Адамда симбиоттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі.
  3. Меншікті гидролазалар – жануарлар, адам организмінде асқорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.

Гидролиз ферменттерінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі асқорыту болып екіге бөлінеді: жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды (лейкоцит, лимфоциттерде, ретикулоциттер және гистоциттерде ас осылай қорытылады).

Жасушадан тыс жерде асқорыту – дистанттық (қуыстық) және контактық (мембраналық) асқорыту болады. Дистанттық асқорыту ферменттер түзілетін жасушадан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контактық асқорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларда гликолистік ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликоликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителий бетіндегі микротүтіктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді.

Асқорыту жүйесі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер, бауырдан тұрады.

Асқорыту жүйесінің қызметі:

  1. Сөл шығару (секреция, секреторлы қазмет) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер (гидролазалардан) тұрады: протеаза (белоктарды пептид, амин қышқылдарына ыдыратады), липаза (майды – май қышқылы мен глицеридке), карбогидролазалар – полисахаридтерді (крахма, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.
  2. Қимыл (моторлық қызмет) қызметін бірыңғай салалы еттер атқарады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтардан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі тарылып, ұзарады, ал ұзыннан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар сыртқа шығарылады.
  3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Адамға қажетті қоректік заттар қарапайым қосындыларға ыдырап, биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Жалпы алғанда қоректік заттар ащы ішекте сіңеді.
  4. Экскреторлық қызмет- тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі.
  5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарын кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Мұндай гормондар – гатроинтестиналдық гормондар деп атайды. (гастрин, секретин, панкиреозимин – холецистокинин, энтерокинин, гастрон).

Сонымен ішек-қарын гастроинтестиналдық гормондары:

  1. Асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді.
  2. Арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция (түзіліс) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді.
  3. Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіреді, биологиялық мембрананың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп пофилактикалық әсер етеді.

Асқорыту түтігінің қабырғасы күрделі 3 қабаттан тұрады: ішкі-шырышты, ортаңғы-етті, сыртқы–дәнекер ұлпасы, ір қабаты.

Тамақтану — адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеуметтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар:

  1. Адам организмінің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуы керек.
  2. Тағамның құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липид, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болу қажет.
  3. Тағам алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық т.б. тағамдар енуі керек.
  4. Ас жақсы сіңірілетін, тәбетін ашатын, дәмді, жақсы иісі, көлемі және калориясы жағынан да жеткілікті болуға тиіс.
  5. Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары, улы заттар болмау керек.
  6. Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.

Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.

Дұрыс тамақтану және балалар денсаулығы Организмдегі зат алмасу дұрыс тамақтануға байланысты болады. Балаларды дұрыс тамақтандыру – организмді, бала организмінің қалыпты өсуі мен жұмыс істеуіне қажетті алуан түрлі тамақтық заттардың, минералдық тұздардың, витаминдердің оптималды мөлшері бар тамақпен дұрыс ұйымдасқан түрде және мерзімінде қамтамасыз ету.Тамақта организмнің клеткаларымен ткандары құралатын заттардың бәрі болуға тиіс. Сонымен қатар тамақта организмдегі энергия көзі болып табылатын заттар- майлар мен углеводтар болуы керек.

Белоктарөмір сүру негізі. Олар тамақтың мейлінше бағалы бөлігі болып табылады. Тамақтың құрамына жануар белоктарымен қатар өсімдік белоктары да енуге тиіс. Нағыз жануар белоктарының шығар жері – сүт,ірімшік,сүзбе,айран (және басқа ашытылған сүт өнімдері) ет, құс еті, балық, жұмыртқада, өсімдік белоктары бұршақта, ас бұршақта, сұлыдан жасалған «геркулес» жармасында, картопта, әр түрлі жармаларда, овощтарда және басқаларда болады.

Углеводтар мен майлар энергияның негізгі көзі болып табылады. Углеводтардың аса маңызды шығар жері – нан, жарма, (қара құмық, күріш ұнтағы), қант, картоп, ақ қауданды капуста, сәбіз, қызылша, алма; майлар – сары май, қаймақ,сүт және сүт өнімдері, жұмыртқада болады .Балалрдың тамағына күнбағыс майы және басқалары сияқты өсімдік майларын да аздаған қосу қажет.Су барлық органдар мен тканьдардың, сондай-ақ қанның, лимфаның және ас қорыту сөлінің құрамына кіреді. Бала салмағының 2\3 бөлігі су болады. Адам организмінде несеппен, терімен, нәжіспен біге, дем алғанда, дененің булануынан сұйық үнемі жоғалып жатады. Жас бала суды өте қажет етеді, ол ересек адамнан 3-4 есе көп  керек болады. Бөбек шөлге шыдамсыз келеді, ол енжар тартып бозарып кетеді, оның терісі әдеттегі шымырлығын жоғалтады. Жылдың ыстық кезінде бала қосымша су берілуін қажет етеді.

Минералдық заттар сияқты, тамақта витаминдердің де орны ерекше . Баланың тамағында витаминдер жоқ болса немесе жетіспесе, оның дұрыс өсуі мен дамуы бұзылады.Қазіргі кезде ондаған витаминдер мәлім, бірақ адамның өмір сүруі үшін олардың бәрі бірдей маңызды бола бермейді. Балаларға әсіресе А, С, Д витаминдері мен В тобының витаминдері қажет.А витамині көру, өсу процестерін, терінің және шырышты қабықтың қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін қажет. Балаларда А витаминінің жетіспеуі бойының өспей қалуына әкеп соғады.В1 витамині углеводтардың, майлар мен судың алмасуына тікелей қатысады. Организмде бұл витаминнің жетіспеуі бірқатар ауруларға, соның ішінде қарын-ішек жолы қызметінің бұзылуына, бұлшық еттің әлсіреуіне, алуан түтлі ауру нышандарына соқтырады.В2 витамині тканьдардың тыныс алу процестеріне қатысады, демек организмде энергияның пайда болуына жәрдемдеседі. Балалардың тамағында оның жетіспеуі олардың бойының өсуі мен салмақ қосуының баяулауына әкеп соғады. В тобының витаминдері сыра және наубайхана ашытқыларында, қара құмық және сұлы жармаларында, қара бидай нанында, көкеністе, сүтте, етте және басқаларында болады. Тамақта С витаминімен (аскорбин қышқылымен) байыта түсудің аса зор практикалық маңызы бар. С витамині жұмыс қабілетін арттырады,организмнің жұқпалы ауруларға қарсы күресуіне көмектеседі, капиллярлардың қалыпты өтімділігін қамтамасыз етеді және т.т..Балалар үшін тамақ рационында С витаминінің үнемі және жеткілікті болуы мейлінше қажет.Аскорбин қышқылының көздері ( өнімнің 100 грамына шаққанда миллиграм есебімен

Кептірілген қызыл итмұрын 1500  Түсті капуста                     70

Қара қарақат                    300       Шәңгіш жидек                        70

Тәтті қызыл бұрыш       250       Қызыл қауданды капуста      50

Укроп                              150       Ақ қауданды капуста             30

Петрушка(жапырақ)     150         Картоп                                    10

Жаз бен күзде балалар С витаминін  тамақ өнімдерімен бірге алады. Барлық тамаққа жас көк укроп , петрушка, пияз қосқан жақсы. Ұсақтап туралған көкөніс тура ас ішер алдында сорпаға салынады, тұздыққа, етке себіледі. Бұдан тағам да неғұрлым тартымды, хош иісті болады, ал ең бастысы, витаминдермен байи түседі.

Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру Нәресте кезінен бастап дұрыс тамақтандыру баланың жақсы өсіп жетілуіне жәрдемдеседі, көптеген аурулардың алдын алады. Нәресте өмірінің алғашқы жылында оның тамақ қорыту мүшелерінің қызметі нашар болады, сондықтан да дұрыс тамақтандырмау оның функционалдық жағынан елеулі бұзылуын туғызуы мүмкін.

Табиғи қоректендіру Нәресте өмірінің алғашқы жылындағы ана сүті – ең тамаша, еш нәрсемен алмастыруға болмайтын тамақ, онда жетіліп келе жатқан организм үшін қажетті қоректік заттардың бәрі мейлінше жұғымды формада болады және атап айтқанда, белокты заттардың өте жақсы жиынтығын асқазан мен ішек өте  оңай қорытады, әлі қатаймаған организмнің  өмірдің алғашқы кезеңінде ауруларға жақсы күресуіне көмектеседі, өйткені кейбір ауруларға қарсы ерекше заттар–жұқпалы ауруларды болдырмайтын денелер болады. Балаларды ана сүтімен қоректендіру медицинада табиғи қоректендіру деп аталады. Ана емшегінде сүт жеткіліксіз болғанда немесе мүлде болмағанда нәрестені өмірінің  алғашқы айларында (3-4 айға дейін) ең жақсысы донорлық сүтпен (сауып алынған ана сүтімен) қосымша қоректендіру.Нәрестені сауып алынған ана сүтімен қоректендіру — өз анасы сүтін алмастырудың жақсы жолы, бірақ оған теңеле алмайды, өйткені сауып алынған сүт, әсіресе стерилденген немесе пастерленген сүт, кейбір биологиялық қасиеттерін жоғалтады.

Аралас және қолдан қоректендіру. Аралас қоректендіру ана мен баланың денсаулық жағдайын негізге ала отырып дәрігер тағайындайды. Бұл ретте емшектегі балаларға ана сүтінеқосымша басқа тамақ— екінің бірінде сүт қоспасы беріледі. Аралас қоректендіргенде  сәбиді тойғызбау немесе тым тойғызып жіберу оңай. Мұны болдырмау үшін бақылап  өлшеу арқылы сәбидің емшек сүтін  қанша еметінін анықтап алу керек. Бұл мөлшерді орта есеппен анықтап алған соң, сондай-ақ осы жастағы нәрестенің емшек сүтін қанша қажет ететінін біле отырып, қосымша тамақтың мөлшерін есептеп шығару оңай. Тәулігіне бір немесе бірнеше рет қосымша қоректендіру қажет.

Қоректендіруде ерекше жағдайларда – ана нәрестені емізе алмайтын жағдайда барады. Өмірге келгеніне бірнеше ай болған балалар үшін қолдан қоректендіру айтарлықтай тамақ болмайды. Амалсыздан аралас қоректендіру, тіпті қолдан қоректендіру жағдайында еліміздің көптеген ауыл шаруашылық аудандарында , оның ішінде колхоздарда  да болатын сүт асханаларында дайындалған балаларға арналған сүт қоспалары ұсынылады. Егер сүт асханаларының қызметін пайдалануға мүмкіндік болмаса, балалар тамағының сүт қоспаларын пайдалануға болады, олардың біздің өнеркәсібіміз барған сайын көбірек шығаруда.Құрғақ сүт қоспалары сатылады. Сәбиді қоректендіру үшін қандай қоспаны таңдап алу керек екенін дәрігер шешеді. Бала жақсы сіңіру үшін сүт қоспасының қандайы болса да қоректендіру кезінде жеткілікті дәрежеде жылы болуға тиіс.

Қосымша тамақтандыру 3 айдан бастап алғашқы қосымша тамақтандыру (ананың емшек сүтінің  мөлшеріне қарамастан ) енгізіледі. Бұл уақытта бір ғана емшек сүті жеткіліксіз. Нәрестенің организмінде минералдық тұздар атап айтқанда, темір, кальций, фосфор, белок жеткіліксіз бола бастайды.Қосымша тамақ түрлерінің бәрі  бірте-бірте және аз-аздап (10-15г), міндетті түрде емшек емізердің алдында беріледі. Қосымша тамақтың жаңа түрі сәби бұрын беріліп жүрген түріне үйренгеннен кейін ғана тағайындалады.Алғашқы қосымша тамақ жартылай сұйық,жақсылап ұнтақталған овощ пюресі болуы мүмкін (5,5 айдан бастап овощ пюресіне пюре мөлшерінің 3℅-і шмасында сары май қосылады). Алғашқы күні 20-30 г (2-3 шай қасық) пюре немесе ботқа беріледі, оны емшек емізердің алдында кішкене қасықпен беру керек. Біртіндеп қосымша тамақ мөлшері көбейтіледі.

Бір жастан асқан балалар тамағы Өсіп келе жатқан организмнің тамаққа деген талабы барған сайын арта түседі. Тамақтың сан құрамы ғана емес, сонымен қатар сапа құрамы да өзгереді. Бір жастан асқан балалар тамағы неғұрлым алуан түрлі, бірақ ересектердің тамағынан әлдеқайда ерекше болады. Балалардың асқазан-ішек жолының ас қорыту қабілеті ересектердікінен гөрі төмен, ол алуан түрлі зиянды факторлардың әсеріне қарсы тұруға әлсізірек. Сондықтан балалардың асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуы жиі және ауыр болады. Міне сондықтан да өнімдердің  тү-түрі, олардың сақтау мен тамақ дайындау ережесі, тамақтың мөлшері мен сапасы, оны ішіп-жеу, қысқасы, бала тамағына белгілі бір дәрежеде байланысты нәрсенің бәрі ең жоғары гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға тиіс.

Азық-түлікті сақтау. Балалар тағамының сапасы көбінесе ясли-бақшаларда азық-түлік сақталуының қаншалықты жақсы  ұйымдастырылғанына байланысты.Тағамдық азық-түліктің бәрі сақтудың бірдей жағдайларын талап ете бермейді, бірақ олардың бәрі де бұзылудан және пайдалы қасиеттерін жоғалтудан сақтауды қажет етеді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *