Араб тайпалары

Шығу-тегі, атажұрты мен тілдері жоғарыда аталған сипаттар қарастырылатын арабтардың тарихы түрлі кезеңдер мен топтарға бөлініп зерттелінеді. Тарихшылардың көбісі арабтарды үш-үштен бөліп, зерттеген. Бірінші нұсқа: 1. Бағидә арабтары; 2. Арибә арабтары; 3. Мұстағрибә арабтары, немесе екінші нұсқа: 1. Арибә арабтары; 2. Мұстағрибә арабтары; 3. Табиға (ия да мұстағджамә) арабтары. Ибн Халдун осылардың екінші нұсқасының дұрыстығын қолдайтындардың қатарынан орын алады. Мұстағджамә арабтарына жататын арабтар соғыстардың барысында мұсылман арабтарға сіңісіп кеткен халық болып табылады. Солтүстік Африка мен Андалусия арабтары дәл осы арабтардан тараған.

Арабтардың тарихын «бағидә арабтары» (уақыт өте келе жойылып кеткен арабтар), «арибә арабтары», «мұстағрибә арабтары» деп классификациялап, олардың қатарына Исламның пайда болуы мен «мұстағджамә арабтарын» да қосып зерттеу көпшіліктің тарапынан ұнатылып, лайықты деген бағаға ие болды. Ерекше айта кету керек «бағидә арабтары» толығымен жойылуына, «арибә арабтары» мен «мұстағрибә арабтары»-ның Ислам дінінің пайда болуына дейін өмір сүрулеріне байланысты араб тарихын «бағидә арабтары» және «бақиә» арабтары деп екі негізгі бөлімге бөліп зерттесе де болады.

Бағидә арабтары

Тарихшылар бағидә арабтарының Нұх пайғамбардың үлкен ұлы Самның Лауез (Лұт) бен Ирем есімді балаларынан тарағандығы туралы көзқарасты ұстанады. Олардан амалика, ад, самұд, тасым, джедис, хадрамут деген қауымдар өрбіген. Бағидә арабтарын құрайтын бұл қауымдар өз уақытында мемлекеттер құрса да, кейнгі кезеңдерде өз биліктерін айырылып, құлдырауға тап болып отырған. Олардың орнын арибә арабтары мен мұстағрибә арабтарының мемлекеттері басқан.

Нұх пайғамбардың үлкен ұлы Самнан Лауез туған. Лауезден арабтар тараған. Олар Хиджаз бен Сина жерлерінде қоныстанған болатын. Амалика арабтары Лауез ұлы Имликтің баласы Джасимнің (Джасирдің) жеті баласынан тараған деген көзқарас бар. Ал араб жазушыларының айтуы бойынша амалика «амлик»-тің көпше түрі болып, амалика арабтары Арабстаннан солтүстік пен оңтүстікке қоныс аударып, Акабе мен Месопотамияның батысында орналасқан тайпалар екендігі белгілі. Вавилондықтар батыста көшіп-қонып, Акабе өңірінде өмір сүрген бұл арабтарды «малик» немесе «малүк» деп атаған. Кейінгі кезеңдерде бұл сөздің қолданылуы мен мағынасы өзгеріске ұшырап, «қауым» мен «үмбет» деген мағыналармен алғашында «амалик», кейінірек «аммалика» түрінде қолданылған болатын.

Ад қауымы

Амалика мен арамейлерден тараған деп белгіленген ад қауымы арабы бағдиәнің ең маңыздыларының бірі болып табылады. Тарихта Ады ирем деп аталатын бұл қауымның Ирем ұлы Ауистің баласы Адтан тарайтындығы туралы мәліметтер бар. Аталары Адтың немесе билеушілерінің бірі болып табылатын Шеддадтың құрғызған «Ирем» деген атпен берілген.

Ад қауымы Йемен мен Омман аралығында орналасқан Ахкаф пен Хадрамут жерлерінде өмір сүрген. Олар Оңтүстік Арабстанда Ирем ғимараты мен көптеген көп қабатты ғимараттарды құрған. Құранда «Шеддаттың аспалы бақшасынан өлеі» (иреме зағтильимад) 187 деген сөз қатарында ад қауымы туралы мәлімет бар. Оларға пайғамбар ретінде Хұд пайғамбар жіберілген. Хұд (а.с.) пайғамбар тұсында екіге бөлінген ад қауымының бір бөлігі Ад ибн Аллияның ұлы Лұқманды билеушісі деп танып, Хұд пайғамбарға иман келтірсе, екінші бір бөлігі Ад тбн Адлияның басқа бір баласы Қалжанды билеуші деп танып, Хұд пайғамбарға иман келтірмеген. Иман келтірмегендер нәтижесінде «сарсар» деп аталатын дауылдың салдарынан ғайып болып кеткен. 188 Ад қауымынң аты шыққан билеушілерінің қатарында Ад, Шеддад пен Шедид жатады.

Самуд қауымы

Бұл қауымның негізінен Иремнің немересі Самуд қалаған. Уағдиль-Кура мен Хиджр аудандарында қоныстанған. Самуд қауымы Арабстанда ад қауымынан кейінгі кезеңде үстемдік құрған қауым. Құранда ад қауымымен бірге аты аталатын самуд қауымы тау-тастан (бүгінгі Израильдегідей) зәулім ғимараттар құрып, жерлерін ұлғайтқан. Оларға пайғамбар ретінде Салих (а.с.) пайғамбар жіберілген. Салих пайғамбарға қарсылық танытқан самуд қауымы пайғамбардан мұғжиза көрсетуін талап етті. Алланың бұйрығымен жүзеге асқан түрлі мұғжизаларды өз көздерімен көрген күнде де пайғамбарды жалған пайғамбар деп шешуіне байланысты көктен түскен жан түршігерлік дыбыстың нәтижесінде ғайып болып кеткен қауым болып табылады. Құранда орын алған «Рес тұрғындары» (асхабу рес)189 дегеніміз Рей қаласында қоныстанған, кейініректе толығымен жойылған самуд елінің бір қолы болып табылады.

Набат қауымы

Палестинаның оңтүстігі мен Эдом немесе Идома деп аталатын жерлерде қоныстанған Набайут ибн Исмаилдың ұрпақтары болып табылатын қауым болып табылады. Алғашқы кезеңдерде Ирак өңірінде, кейіндері Эдом жеріне қоныс аударғандықтары айтылады. Ассириялықтардың тарапынан Ирак өңірінен көшуге мәжбүр болған набатилер б.з.д. 4 ғасырда Эдом жеріне қоныс аударған болуы керек. Шығу тегі туралы түрлі көзқарастар қадыптасқан. 18 билеушісі белгілі. Олардың ең алғашқы билеушісі І Харис өз атын таңбалатып тиын шығартқызған. Ал ең атақты билеушісі ІІІ Харис болса Шам қаласын Батламиустан жаулап алған болатын. набатилердің астанасы Петра қаласы деп білеміз. Бусра, Эрзух, Хиджр мен Эйле қалалары аудан орталықтарының қызметін атқарды.

Тедмүр қауымы

Амаликалықтардан шыққан, Шам мен Ирак жерлерін мекендеген қауым болып табылады. Пайда болуынан бастап «шейх»-тер тарапынан басқарылған тедмүр қауымы Тедмүр қаласын астана ретінде белгілеп, Тедмүр араб мемлекетін құрған болатын. Б.з.д. 4 ғасырда құрылған Тедмүр мемлекеті б.з. 270 жылға дейін ұзақ уақыт ұзақ уақыт өмір сүрді. Римдіктермен бірнеше мәрте соғысып, сан мәрте римдіктердің шабуылдарына ұшырап отырған. Тедмүр мемлекетінің өркениеті адамзат тарихында ерекше орынға ие.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *