Ең алдымен, ислам діні әлемдік діндердің ішінде ең жасы екендігін айта кеткен жөн. Ортағасырлық ислам мәдениетін қалыптастыру үшін антикалық мұра, мұсылман діні және араб тілі маңызды мәнге ие болды. Тарих, география, химия, медицина, теңіз ісі, құрылыс, экономика, математика және астрономия – бұл арабтардың ғылыми ойлары бағыттарының толық тізбесі емес, олар осы арқылы таңқаларлық және нағыз көптеген жаңалықтарды ашты. Араб-мұсылман әлемінде сауаттылық пен кітапқа жоғары дәрежеде мән берді. Халифтердің сарайында ақындар, филологтар, тарихшылар, заңгерлер, дәрігерлер, аудармашылар, және каллиграфтар болды. Халиф әл Мамун аудармашы Хунайн ибн Исхакқа аударған шығармасының салмағындай алтын төледі. Ал, «Ежелгі араб патшаларының тарихын» жазғаны үшін Халиф әл Мамун оның авторы Әл Асмаиға жерді сыйлады. Әрине, ежелгі грек, ежелгі еврейлік және парсы тілдерінен жасалған аудармалар араб ғылымының дамуына ерекше қарқын берді.

Практикалық бағыттылық арабтың ғылыми ой-жүйесіне тән сипат болып табылады. Мәселен, Мұхаммед ибн Мұса Әл Харизми, алғашқы Бағдад математиктерінің бірі (846 жылы қайтыс болған), халиф әл Мамунға арнаған өзінің атақты алгебралық трактатында мынадай алғы сөздер жазған: «Мен қарапайым және күрделі арифметиканы қамтитын алгебра мен альмукабаланы есептеу туралы қысқаша кітап жаздым. Өйткені, бұл адамдарға мұраны бөлуде, өсиет қалдыруда, мүлікті бөлуде және сот істерінде, сауда мен барлық мәмілелерде, сондай-ақ жерді өлшеуде, каналдарды жүргізуде, инженерлік өнерде және басқа әртүрлі істерде қажет». Сондай-ақ, Х ғасырға жататын Әл-Баттани мен Абдаррахман Ас Суфаның жұлдыз каталогтары, ай күнтізбесін есептеуге, намаз оқу мен ораза ұстау уақытын анықтауға, құбыла бағытын білуге арналған. «Футух әл Булдан» («Елдерді жаулап алу») деп аталатын арап жаулаушыларына арналған алғашқы тарихи шығарманың авторы Ахмед ибн Йахйя ибн Джабир әл Балазури болып табылады. Бұл кітапта ҮІІ-ҮІІІ ғасырлада арабтардың жасаған бүкіл әскери жорықтары сипатталады. Тарихқа жақын ғылым география болды. Арап тіліндегі бірінші географиялық шығарма «Худуд әл-Алам» («Дүниенің шегі») деп аталады. Географ Абу Касим Убайдаллах ибн Ахмед ибн Хордадбег «Жолдар мен мемлекеттер туралы кітаптар» шығармасының авторы болып табылады. Атақты араб географтардың және саяхатшылардың еңбектері:

  • Масуди (X ғ.) «Саяхат туралы ХХ томдық трактаттар» .
  • Абу-Абдаллах аль-Идрис «Дүниежұзілік карталар».
  • Ахмед Ибн Фадлан «Саяхат кітабы» (Орта Азияға, Еділге саяхаттар туралы).
  • аль-Кинди Якут көп томдық многотомный «Мемлекеттер кітабы»
  • Ибн Батуты » Саяхаттар кітабы» .
  • Ибн Руст (Х ғ. басы) Географиялық энциклопедиясы және т.б.

Араб математикасы астрономиямен тығыз байланысты. Мұхаммед ибн Кетир әл-Ферғани, астроном әрі географ (830 жылы қайтыс болған) Птолемейдің жүйесін дамыта отырып, астрономия элементтерін сипаттап берді. Оның трактаттары ежелгі еврей тіліне, содан кейін латын тіліне аударылды. Сонымен қатар, әл-Ферғани астролябия приборы және күн сағатының құрылысын математикалық тұрғыдан жазды.

Арабтың ұлы астрономдары мен математиктерінің бірі – Мұхаммед ибн Джабир әл Баттани (854-929 жж.), 882-ші жылдан бастап 900-шы жылға дейінгі кезеңде өзінің аспан жұлдыздарын бақылау негізінде атақты астрономиялық кестелерді жасаушы. Оның еңбегі латын тіліне аударылып, Еуропаға кеңінен таралды. Әл Баттани маңызды жаңалық ашты: жер орбитасының процессиясының және эксцентрлігін, жер перигелийінің ілгері қозғалуын айқындады; тропикалық жылдың мөлшерін есептеп шығарды – 365 күн, 5 сағат, 46 минут және 24 секунд, яғни бұл күні бүгінгі қабылданған уақыт өлшемінен екі минут қана кем. Әл Баттани тригонометрияны жетілдірді. Арабтардың теориялық медицинада және практикалық емдеудегі табыстары да зор: адам ағзасының жұмыс істеу жүйесі толықтай сипатталды және диагностикадан хирургияға дейін дәрігерлік істің теориясы әзірленді. Сондай-ақ, арабтың алғашқы энциклопедисі Йакуб ибн Исхак әл Кинданың есімін атамай кетуге болмайды.

Әбу Әли Гусейн ибн Абдаллах ибн Сина, (лат. аты Авиценна) философ және дәрігер. Ол Ибн Сина деген атаумен белгілі, Бұқарада 980 жылы дүниеге келді. Математиканы, астрономияны, медицинаны зерттеді. Ибн Синаның медицина жөніндегі оның Еуропада даңқын шығарған ең атақты еңбегі канон деп аталады. «Қағида» («Канон») араб тілінде Еуропада тек алғаш рет, яғни 1593 жылы Римде баспадан төрт том болып шығарылды. Одан кейін бұл кітап латын тіліне аударылып, кеңінен таралды. Ибн Синаның басқа да көптеген медициналық және философиялық шығармалары латын тілінде жарық көрді. Ибн Синаның метафизика бойынша трактаттары ерекше назар аудартты. Ол Аристотельдің метафизикаға берген түсіндірмесін ұсынды. Христиан әлемінде латын тіліне аударған космология туралы Ибн Туфейлдің (1110—1185 жж., лат.аты — Абубацер) еңбегі болды. Туфейлдің шәкірті алъ-Битруи (XII в., лат.аты — Алпетрагий) космология туралы еңбегі, Михаил Скоттпен латын тіліне аударылып, 1217 жылында Толедо қалада «Астрономиялық кітап» деп жарық көрді.

Аристотельді араб тіліне алғашқы аударғандардың бірі әл-Фараби. Арабтың ұлы ғалымдарының бірі Әбу Зайд Абдрахман ибн Мұхаммед ибн Халдунның (1332-1406) өмірі Испаниямен байланысты болды. ХҮІІ ғасырдың түрік аудармашысы Хаджа Халифтің «Мукаддима» («Кіріспе», немесе «Пролегомендер») деген ғалымның ұлы шығармасы — әлеуметтік мәселелерге арналған әлемдегі бірінші ғылыми трактат.

Ибн Халдунның өзі бұл еңбекті былай деп атаған: «Ғибраттық мысалдар кітабы және арабтардың, парсылар мен берберлердің және жоғары билікті иеленушілердің замандасы болған адамдардың күндері туралы ақпаратының және бастауының жинағы». Ортағасырлық ислам мәдениетінің жетістіктерін оқып-үйрену кезінде ХІІ ғасырдан бастап, оның деңгейі діни ұстанымдардың күшеюіне байланысты төмендегенін айта кету керек. Міне, осы кезден бастап христиандарды және иудейлерді қуғындау мен өлтіру, зайырлы мәдениетті ығыстыру, жаратылыстану ғылымына қысым жасау басталды. Сондықтан, ислам мәдениетінің негізгі жетістіктері ерте орта ғасыр кезеңіне жатады. Жаратылыс ғылымдары, математика да дамымаған ХІІІ-ХҮ ғасырлада мұсылмандық дін үстемдік етіп тұрған кезде тарих жалғыз ғылым болып қалды (Макризи, Ибн-Халдун).

Мұсылмандық Шығыс мәдениетін қалыптастыру ерекшелігін қарастырған кезде оның Арабияда, Иракта, Сирияда, Палестинада, Египетте және Солтүстік Африкада, сондай-ақ Кордова халифаты мен араб князьдіктері салтанат құрған кездегі Оңтүстік Испания аумағында таралғанын ескеру қажет. Исламды нығайту араб тайпаларын біріктіруге көмектесті.

Ортағасырлық Шығыс адамдарының дүниеге көзқарастарын, оның ішінде олардың көркем шырғамашылық көзқарастарын, тек діни ұғымдармен байланыстыруға болмайды, өйткені мәдениеттің өзіне тән ерекшелігін дін айқындаған жоқ, ол оған ықпалын тигізді. Ал, адамның рухани дүниесіне жалпы адамзаттық мәннің өнегелілік идеалдарын құруға назар аудартты. Орта ғасырдағы адамның дүниетанымы ақиқат шындықты тануға орай идеалистік және материалистік ағымдармен, схоластика және ұмтылыстың қарама-қайшылықтарымен көрінді. Ортағасырлық Шығыстың ұлы ғалымдары мен философтарының бірі Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), дүниенің құдай жаратқанын мойындады және сонымен қатар, ғылыми философиялық білімнің діни сенімнен тәуелсіз болатындығын дәлелдеді. Ибн Сина, Ибн Рушд (Аввероэс), Фирдоуси, Новаи және көптеген Шығыстың ортағасырлық ойшылдары адамның ерік-жігері мен ақыл-ойының күшін, ақиқат дүниенің құндылығы мен байлығын растады, бірақ олар әдетте атеистік тұрғыдан ашық қарсы шыққан жоқ. Барлық шығыс әдебиеті мұсылман діні мен Құранға біріктірілген: одан алынған үзінділер мен тұжырымдар жиі кездеседі. Әдеби жанрлардан лирикалық поэзия — араб және парсы поэзиясы мықты дамыған. Шығыстың классикалық поэзиясы — Омар Хайям, Низами, Новаи, Физули, Саади және т.б. Көптеген халықтардың көркем шығармалары атақты «Ләйлі мен Мәжнүн» поэмасында, «Мың бір түн» ертегі жинағында жинақталған және т.б. Мұсылмандық Шығыс мәдениетінің дамуында оның жоғары дамыған Иранмен, Орта Азия және Кавказ жағалаулары мәдениетімен өзара байланыстары маңызды рөл атқарды.

Ислам мәдениетінің қалыптасуы арабтанған елдерде заңдылыққа айналып, олар ислам мен араб тілін қабылдады. Араб тілі мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранның ғана тілі емес, оны сонымен қатар Батыс Еуропадағы латын тілі тәрізді көптеген ғалымдар, жазушылар мен ақындар көп тілді халифаттың барлық бөліктерінде қолданды. Араб Шығысы халықтарының қосқан зор үлесі олар антикалық дәуірдің көптеген құнды жетістіктерін сақтады және оны кейінгі ұрпақтарға берді. Араб халифатында философия, астрономия, медицина, қолөнер және саудамен байланысты – математика, география дамды. Исламдық діни дәстүр құдайды бейнелеу мүмкіндігін теріске шығарды.

Мешіттерде және басқа діни ғимараттарда адамдардың бейнелерін қоюға тыйым салынды. Құран және басқада діни кітаптар тек оюөрнекпен ғана безендірілді. Бірақ исламда алғашқы кезде діни заң ретінде тұжырымдалған тіршілік иелерін бейнелеуге тыйым салу болған жоқ. Тек кейіннен, яғни ІХ-Х ғасырларда исламның иконмен күрес ағымы о дүниеде жазаға тартылудан қорқып, бейнелеудің белгілі бір санаттары үшін тыйым салуды қолданды. Мұндай шектеулер өнердің жекелеген түрлерінің дамуына өзіндік із қалдырғанын тарих көрсетіп берді, мұсылман елдерінің бәрінде бірдей маңызға ие бола қойған жоқ, және бұл әсіресе мұсылмандық діннің күшейген кезінде ғана қатаң түрде орындалды. Сондықтан мұсылман әлемінде сурет өнері дамымай қалған, бірақ бұл орайда миниатюра, әсіресе кітапқа арналған түрі, недәуір дәрежеде жетістіктерге жетті. Тұтастай алғанда араб өнеріне тән сипаттар бояудың әралуандығы, өрнек салу болып табылады. Бұл орайда бояулар мен өрнектердің үйлесімі араб символикасына бағынды. Орта ғасырларда архитектура арабтардың грек, рим, иран көркемдік стильдерін қайта өңдеу негізінде дамығанын айта кеткен жөн. Мұсылмандық Шығыс архитектурасының өзіне тән стилі қалыптасты: арка, күмбез, сарайдың периметрлері бойынша галарея, мұнаралар мен кесенелер. Храмдардың ғибадатханасы Мекке жаққа қаратылды.

Мұсылмандық Шығыс елдерінің көркемдік мәдениетінде қолөнер айырықша маңызды рөл атқарды. Оның экономикалық дамуына қолөнер кәсібінің қарқынды дамуы әсер етті. Тарих ғылымында араб мәдениеті туралы дұрыс пікір бірден қалыптаса қойған жоқ. Өткен ғасырда да, қазіргі кезде де, көптеген ғалымдар арасында VII-IX ғасырларда Араб Халифатына енген және исламды қабылдаған елдерде біртұтас «араб» мәдениеті қалыптасқан деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Араб мәдениетін осылай түсіну, үстірт бағалау ирандардың, әзірбайжандардың, өзбектердің, тәжіктердің және басқа да көптеген ортағасыр дәуіріндегі халықтар мәдениетінің дербес дамуын теріске шығаруға әкеп соқтырады. Ал шын мәнінде халифат құрамына кірген, араб халқы болып табылмайтын елдер ежелгі дәстүрлеріне, жергілікті мәдениеттеріне сүйене отырып дамыды, олар да араб мәдениеті тәрізді орта ғасырлық өркениеттің дамуына өзіндік үлесін қосты. Әрине, Таяу және Орта Шығыс халықтары арасында ортағасырлық жағдайларда ортақ сипат алған олардың мәдениеті үшін күрделі әрі маңызды өзара ықпал ету орын алды.