Аңыздар және олардың түрлері

Аңыздар – аңыз дегеніміз қазақ фольклорлық прозасының жанры . Ол елдің рудың шыққан тегі, кешкен жолы жайындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар: хан, батырлар, би, шешендер, жайындағы сондай – ақ нақтылы бір жер – су, сол жерлерде болған оқиғалар туралы тарихи шындыққа негізделген халықтың есінде сақталған , дегенмен уақыт өте көркемдік сипат алған әңгіме Аңыздың жанр ретінде өзіндік ерекшеліктері бар. Олар: нақтылы тарихи тұлғалар қатысқан нақтылы тарихи оқиғаларды баяндалуы; оқиға өткен уақыт шектеулі болуы, жер атауының нақтылы көрсетіліуі танымдық қасиетке ие болуы. белгілі дәрежедегі аймақтық шектеулік (яғни, әр жерде, негізінен, сол өңірде жасаған адамдар, болған оқиғалар туралы аңыздар көбірек сақталады.) ретроспективалық сипаты болу ( яғни , өткенге мән беру) сюжеттік — копозициялық шарттылықтың сақтала бермеуі; Аңыздардың басқа жанрлардан өзіндік ерекшелігі – оның негізінде тарихи шындық оқиға жатады да, уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырап, қиялдық сипат ала бастайды. Тақырыптық сипатына қарай аңыздар: тарихи аңыздар; топонимикалық аңыздар күй аңыздар деп 3- ке бөлінеді Қазақ арасында көп тараған Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай, Райымбек, Сұраншы, Кенесары, Исатай т.б. көрнекті тұлғалар туралы аңыздар бірінші топқа жатса, екінші топқа нақтылы қоныстық тарихын баяндап, оның қай кеде, қалай аталуының сырын ашатын аңыздар жатады. Осы аңыздардың негізінде өзен су , су, жер , тау, қала ауылдардың аталуы қалай шыққанынан хабар алуға болады. Мысалы: «келіншек тау», «Мыңжылқы» , «Ешкі өлмес» (байдың жүз жылқысы өліп, кедейдің ешкілері тірі қалады) Қордай , «қалмақ қырғын», «Ордабасы » , «Домбауыл» , «Жасауыл қырғын»- жоңғар — қалмақ шапқыншылығы мен Шыңғыс хан жорығына байланысты туған . Аңыздар тобына кіретін жанрлардың басты ерекшелігі — олар көркемдік жағынан қарапайым, тыңдаушысын барынша иландырадыЕкіншіден олардың басты нысанасы – ғибрат , өсиет беру,.яғни танымдық қызмет атқару. Аңыздар тобына кіретін жанрларды шығарманың мазмұны мен шындыққа жанасатын оқиға баяндалмайтынына қарай топтауға болады. І.Миф пен хикаяда өмір көріністері айқын болмайды, кейіпкерлердің іс — әрекеттері бұлыңғыр болады. Миф – грек mythos баян , аңыз мысал – халық творчествосының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі. Ғылымда мифке берілген анықтама көп . Осы анықтамаларды жинақтасақ 2 үлкен топқа бөлуге болады.: миф дегеніміз — дүние туралы фантастикалық түсінік , әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі, миф дегеніміз – құдайлар мен қаһармандар жайындағы ауызекі әңгіме. Ал қазақ фольклористика тұрғысынан қарастырсақ миф — әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, типологиялық сипатымен оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстары мен объектілерінің пайда болуын аспан мен жердің жаратылыуын , адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез – құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп, баяндайтын прозалық шығармалар. Типологиялық сипатына қарай қазақ мифі ежелгі (архаичный) классикалық мифтер түріне жақын. Қазақ фольклорының ең бай саласы – эпостық жырлар. Олар ежелгі замандардан бері ұзақ даму жолдарынан өтіп, ауыз әдебиетінің түрлі жанрларымен тығыз байланыста өрбіді. Қоғамның әлеуметтік дамудың, қоғамдық экономикалық формациялардың , көркемдік талаптың өзгеруіне байланысты эпостардың ішкі – сыртқы белгілері де түрленіп отырады. Осының нәтижесінде эпостардың іштей жанрлық түрлері қалыптасады. Сонымен қатар эпос жанрының бір ғана түріне жатқызылып жүрген жанрлардың шындыққа қатысы , пайда болу, өсу, өзгеру сипаты да біркелкі болған жоқ. Осыдан барып эпостың көпқабаттылығы ( полистадиальнось), онда әртүрлі дәуірлердің белгілері ұшырасатындығы байқалады. Эпостық жырлардың ежелден келе жатқан ауызша және жазбаша түрлері болады. Ежелгі замандарда қалыптасқан жанрдың бірі –көне эпос. Оның өзгешіліктерін зерттеу, өзге жанрлармен байланысын анықтау жалпы эпос жанрының пайда болуы туралы мәселемен тығыз байланысты. М. Әуезов , Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаевтардың еңбектерінде көне эпостық белгілерін , батырлар жырына арқау болған желілерін ажыратуда үлкен септігін тигізеді. Ал Р. Бердібаев көне эпостарды жеке жанрлық түр ретінде арнайы қарастырады. Көне эпосты зерттеу ежелгі адамдардың тұрмыс – тіршілігін, рухани дүниесін мифтік түсініктерін тарихи – этнографиялық және фольклорлық аспектіде жан – жақты игеруде қажет етеді. Оның үстіне көне эпостың ішкі сипаты да әр халықта біркелкі емес. Мысалы: кейбір көне эпоста оқиға жануарлар мен адамдар арасында өтсе , келесісінде ойдан шығарылған түрлі құбыжықтар мен адамдардың арасында болады. Осыған байланысты көне эпос батырлық ертегі (В.Жирмунский) мифологиялық эпос (Е. Мелетинский), мемлекетке дейінгі эпос ( В. Пропп) , Ертегілік мифтік эпос (Б. Путилов ) деп аталып келді. Көне эпостарда мифтік, ертегілік, аңыз — әңгімелік көріністердің мол болуына байланысты ғылымда жоғарыдағыдай терминдер орын алады. Қазіргі зерттеу еңбектердің нәтижесіне үңілетін болсақ , көне эпостарда синкреттік сипат басым. Мысалы, М. Әуезовтың айтуынша , қазақ батырлар жырының арғы тегінде тұрмыс – салт жырлары – қосшатсу, естірту , жоқтау жатады. Сондай – ақ көне эпостар ішкі тақырыптық , сюжеттік құрамы жағынан да біркелкі емес., әсіресе анығырақ байқалатыны , бір тобында батырлық желі басым болса, енді бір тобында аңшылық , мергендік көбірек жырланады. Бұлардың алғашқысында ертегілік сарын басым болса, соңғысында миф пен шежірелік аңыздың ролі айқынырақ. Көне эпостың кейіпкерлері өз мақсатына түрлі тәсілдер, айла — амалдар арқылы жетіп отырады. Алдымен мұнда сөздердің магиялық, дүниені өзгерткіш күшіне сену басым. Сондықтан көне эпоста арбау – байлау өлеңдері үлкен орын алады. Екіншіден, кейіпкер өз күшіне сенеді. Үшіншіден, кейіпкердің өліп – тірілуі, түрлі күштерден жеңілуі, трагедиялық жағдайларға ұшырауы жиі кездеседі. Төртіншіден , көне эпостарда үйлену салтына байланысты жорықтар үлкен орын алады. Бесіншіден, көне эпос кейіпкері шайтан, жезтырнақ, аю , қырғи, сиқырлы әйел – бақсылармен күрес жүргізеді. Алтыншыдан, көне эпостағы оқиға әсерленіп, айшықты суреттеледі. Жетіншіден , оларда үлкен әлеуметтік мәселелр, таптық қайшылық, дін жолында күреске шығу мотивтері жоқ. Сегізінші , батыр өзіне жар таңдап, оны өз күшімен алады. Көне эпостардың басты белгілерін Р. Бердібаев төмендегіше жинақтайды: Көп ерліктер көрсетіп, кедергі атауларының бәрін жеңіп шығатын басты кейіпкерлердің бірі әйел болып келуі , матриархат дәуірінде туған; ертедегі батырлардың күштілігі соншалық — олардың айқайынан «ағаштар жапырылып, тастар талқан болып жатады.» батырдың астындағы аты жүйрік қана емес, керек кезінде «тіл бітіп» сөйлей алатын ақылшы серік. қалыңдық іздеген батыр көптеген қиын шарттарды орындап, күресте жарыста, мергендікте , бәсекелесінен озып барып, дегеніне жетеді. батыр қысылтаяң жағдайға түскенде оған жәрдемге келетін дос сиқырлы күштер болады. бірін – бірі көрмеген әке мен баланың алғашында айқасып, соңынан табысу сарыны.

Қазіргі ұлан- асыр эпикалық дәстүріміздің туып қалыптасуына көне эпостар тұрғанын осы белгілерден байқауға болады. Бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалар халық болып құрала бастады. Бұл өзгерістер эпостық шығармаларға да жаңа талаптар қойды. Олар елдің еркіндігі, халықтың мүддесі мен бірлігі үшін жүргізілетін күресті бейнелеуге тиіс болды. Дегенмен бұл жырлар көне эпостың дәстүрінде пайда болды. Сондықтан оларға ортақ бірнеше белгілерді атауға болады. Көне эпостағы қаһарманның үйлену мақсатындағы түрлі жорықтары батырлар жырында да эпикалық сюжеттің үлкен бөлігін құрайды.

Мұнда да әйелдер бейнесі негізгі кейіпкер ретінде суреттеледі. Қаһарманның жүріс – тұрысын , жаумен жекпе — жекке шығуын, аттың шабысын шамадан тыс ұлғайтып, көтермелеп суреттеу. Негізгі кейіпкердің атының адамша сөйлеуі адам өтпес жерлерден ұшып өтуі; Негізгі кейіпкердің ғажайып тууы, жедел өсуі, түс көру, қасиетті күштердің желеп – жебеуі.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *