Алтын Орда мемлекеті (1242-1502)

Шыңғысхан (1227) тірісінде мемлекет басқаруын балаларына бөліп берді. Осы бөлісте мемлекеттің батысын үлкен ұлы Жошыға берді. Бірақ Жошы әкесі тірісінде қайтыс болуына байланысты үлесіне тиген жерлер үлкен ұлы Батуға тиді.

Шыңғысхан 1218 жылы батыс өлкелерді басып алу үшін әрекет жасайды. Бір жағынан хорезмшахтарға үлкен әскер жіберіп, бір жағынан да төменгі Сырдария бойындағы қалаларды басып алу мақсатымен тағы бір әскер аттандырды. Осы жылы хорезмшахтар өлкесі мен Сырдария бойындағы барлық қалаларды басып алды. Субетай (Сүбедей) бастаған әскерлер болса, 1222 жылдан бастап Дешті Қыпшақты басып алды. Сосын Субетай 1223 жылы Қалқа соғысында орыс кнәздіктерін жеңіп, қол астына қаратты. 1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды, сол себептен батыс жорықтары уақытша тоқтатылды. Моңғол басшылары Шыңғысхан қазасына сай Карақорымда үлкен кұрылтай жасады және Өгедейді Шыңғысханның орнына хан сайлады.

Жаңа хан әкесі қайтыс болуына байланысты тоқтап қалған батыс жорықтарын қайта бастауға бұйрық берді. 1235 жылы Бату, Субетаймен бірге Еуропаның ішіне карай жылжыды. Моңғол аттылары Далмация жағалауларына дейін барлық Еуропаны басып өтті. Бірақ 1242 жылы ұлы хан Өгедейдің Қарақорымда қайтыс болуына байланысты Батыс Еуропаны тастап, Еділ бойына карай шегінеді. Бату жаңа хан сайлау мақсатымен ұйымдастырылатын Қарақорымға үлкен кұрылтайға қатысуға кетті. Карақорымнан оралған соң Еділ бойында Сарай Бату қаласын құрды және біршама болса да, жартылай бағымсыз әрекет жасай бастады. Бұл қала Берке заманында (1257-1266 жж. дейін) мемлекет орталығы болды. Содан кейін Берке тағы да Еділ бойында Сарай Берке қаласын құрды және мемлекет орталығы осында көшті.

Алтын Орданың құрылуына байланысты түрлі пікірлер болса да, Өгедейдің қайтыс болған жылы 1242 жылды дұрыстайды. Өйткен мемлекеттің Каракорымға бағыныштылығы осы кезден бастап ауызда ғана айтылды. Негізінде Бату, Алтын Орданы орталықтан ажырату мен басқа мемлекет болуы үшін жұмыс жасады. 1255 жылы Батудың өлімінен кейін Алтын Орда мемлекетін ретретімен Сартақ (1256), Мағчы мен Берке сияқты билеушілері басқарған болатын. 1263 жылы Ислам дінін қабылдаған Берке моңғолдардың ұлы хандары Мөңке мен Хулагудың мұсылман мемлекеттеріне жорық жасауларына қарсылығын білдірді. Моңғолдардың ұлы ханы болып Арық Бұға атанғаннан кейін (1259) Илханидтер мемлекеті мен Алтын Орда мемлекеттері арасында едәуір қайшылықтар туындады.

1262 жылы болған шайқаста Берке әскерлері Илханидтер мемлекетінің ханы Хулагудың әскери күштерінен жеңіліс тапты. Алайда 1263 жылы Илханидтердің әскері үлкен жеңіліске душар болды. Тбилиси жерлеріне дейін барған қыпшақ әскерлері Беркенің қайтыс болуына байланысты қайта оралуға мәжбүр болды. Екі моңғол мемлекеттерінің арасында болған қарама-қайшылықтар ұзақ уақытқа созылған болатын. Берке ханнан кейін Алтын Орда тағына кезегімен Менгу Темір (1266-1280), Туда Менгу (1280-1287), Теле Боға (1287-191), Тоқта хан (1291-1312) отырды. Берке ханнан Өзбек ханға (1312-1342) дейіи Алтын Орда шындығында әлсіреп, ішкі кақтығыстарды тоқтата алмады.

Бұл кезеңнің ханы Берке ханның (1257-1266) Құлағуға қарсы бастаған күрестердің барысында өз қабілеттілігімен көзге түскен қолбасшы Әмір Ноғай болды. Хандардан озып шығып, мемлекеттің іште және сыртта өкілі болған тек қана Ноғай еді, соңында өзінің таңдап таққа отырғызган Тоқтаханға қарсы 1299 жылы Кукарлық жерінде болған соғыста жеңіліп, өлтірілді. Міне, осы кезеңде оның қол астында өмір сүрген ру-тайпалар кейіннен Ноғай халқы атын алды. Тоқта ханнан кейін мемлекет басына Өзбек хан (1312-1342) отырды.

Оның кезінде мемлекеттің күші Бату мен Беркі заманнындағыдай емес еді, бұрынғы күші мен құдіретін жоғалтқан еді. Өзбек хан мемлекетті сыртта және іште күшті қылу үшін қолға алды. Әміршілерінің бірі Құтлық-Темірдің көмегімен дұшпандарын әлсіретті; Алтын Орда жерінде Исламның тарауы үшін үлкен еңбек етті. Сарай қаласынан бастап үлкен отырыкшы орталықтар, мешітгер, медреселер және теккелер салынды; білім адамдары мен дін ғалымдарына көңіл бөлінді. Осы еңбектерімен әрі Ислам әлемінде, әрі өз халкы арасында аты шығып абыройлы болды. Жасаған білімімен мәдени жұмыстарының аркасында Еділ аймағы Ислам өркениетінің маңызды орталықтарының біріне айналды. Ішкі бірлік пен тірлікті қамтамасыз етіп халықты жан-жағына жинаған Өзбек хан Ислам әлемінің көмегімен илхандықтарға қарсы мамлюктықтармен байланыс құрды.

Византиялықтармен жақсы көршілік қатынаста болып, императордың қызына үйленді. Орыс княздіктерін өзіне бағындырып, өзін Мәскеудің ұлы князі етіп сайлады. Тарихта және халқына атын қалдыратындай үлкен із қалдырған Өзбек хан 1342 жылы қайтыс болды. 1342 жылы Өзбек ханның қайтыс болуына байланысты Алтын Орда мемлекетінің тағына Жәнібек отырды. Оның билігі тұсында Кавказ жорықтары ойдағыдай жүзеге асып, мемлекетте саяси тұрақтылық орнады. Алайда Литва мен Венгрияға жасаған жорықтары жеңіліске ұшырап, османдықтар Балқан түбегін қол астына және Қара теңізді қадағалауға алуы, Алтын Орда мемлекетін қиын жағдайға әкеліп соқтырды. 20 жылға созылған билігі кезеңінде мемлекетінің дамуын жандандыра түскен Жәнібек 1359 жылы у беріп өлтірілгеннен кейін оның орнына Тоқгамыс отырды.

Алайда билігі қысқа уақытқа созылған Тоқтамыс тақтан түсіріліп, Темірдің қол астына қарады. Ақ Орда билеушісі Ұрыс хан Темірден Тоқтамыстың кайтарылуын талап етті. Оның талабын орындағысы келмеген Темір Алтын Орда мемлекетіне қарсы жорық дайындады. Мемлекеттің ішкі жанжалдары мен таққа таластың және Темірдің жорықтарының салдарынан әлсіреген Алтын Орда мемлекеті Ресейдің қол астына кірген болатын. Темірдің әскері Алтын Орда мемлекетін жаулап алып, халқын жоқшылықка ұшыратты.

Едігенің Алтын Орда мемлекетінің тағына отыруы мен Шахрухтың Тимуридтер мемлекетінің басына келуінен кейін екі мемлекетгің арасында қалыптасқан жақсы қарым-қатынастар кысқа уақыт ішінде қайтадан бұзылды. 1465 жылы Алтын Орда мемлекетінің басына келген Ахмед хан Ресейді қол астына қарату мақсатымен 1480 жылы Мәскеуге жорық ұйымдастырды. Алайда Мендігирейдің қолдауынсыз қалған Ахмед хан жеңіске жете алмады. Угра бойымен қайта оралуға мәжбүр болды. Моңғол билеушісі Айбектің шабуылдарына қарсылық көрсете алмады, 1481 жылы өлтірілді. Литваның королі Александр Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Шейх Ахмедті өлтірді (1505).

Темірдің жойқын шабуылынан кейін өз-өзіне келе алмаған Алтын Орда мемлекеті XVI ғасырда ыдырап, бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Алтын Орда мемлекетінде барлық билік хандардың қолында болатын. Алтын Орда мемлекетінің ханы теория жүзінде Шыңғыс ханның зандарына тікелей байланысты болғанымен, оның билігі шексіз болатын. Мемлекеттің барлық басқару істері астанасы Сарайдан басқаралып отырған. Қытай, Ресей, Илханидтер мемлекетімен және Мысырдағы Мамлюктер мемлекетімен саяси қарым-қатынаста болған Алтын Орда мемлекеті XIII ғасырдан бастап мұсылман мемлекеттерімен жақын болуды көздеді.

Алтын Орда мемлекетінің хандары тек қана Шыңғыс ханның ұрпақтарынан болатын. Билік көбінесе мирас ретінде әкеден балаға өткен. Таққа отыру салтанаты моңғол дәстүрлері бойынша өткізілетін. Мемлекет билеушісіне «хан» деген атақ берілетін. Майда ақшаның бетіне қаған атағы жазылып отырған. Бекзадалар «ұлан» және ханзадаларды «аға» деп атаған. Билеущінің белгісі оның қолы мен «тамғасы» (мөрі) арқылы көрсетілетін. Ханның атына ақша бастырылып, акша бастыру оның заңды құқығы болып саналатын. Кең территорияға қоныстанған Алтын Орда халқы көп ұлтты еді, Қыпшақ, печенег, хазар, бұлғар және башқұрт сияқты ұлттар өмір сүретін. Дінге деген үлкен құрмет көрсеткен хандар халқының діни сенімдерінің, ғибадаттарының еркіндігін шектемейтін. Халықтың үлкен бөлігі түріктер мен моңғолдар Исламды қабылдағаннан кейін түрік тілімен қатар араб тілін де үйреніп, арабтардың Ислам өркениетінен әсер алған болатын. Қалаларда тұратын халықтың мәдени деңгейі жоғары болды.

Қалаларда кең көшелер, үйлер, моншалар, сарайлар мен мешіттер салынды. Облыстар мен аудандар, қалалар мен ауылдар арнайы басқарушылар арқылы басқарылып отырды. Мемлекеттің ең маңызды пайда көзі болып салықтар саналатын, моңғолдар да салық төлеуге міндетті болатын. Салықтың тамға, килан, салуг және хубшир деген түрлері болатын. Орыс княздықтарынан алым-салық алынып отырды. Ақша күмістеи жасалып, сом деп аталатын. Әйелдерге қалың мал төленіп, әдет бойынша еркек бірнеше әйел ала алатын. Әйелдер қоғамда маңызды орынға ие болған.

Алайда әлеуметтік және экономикалық киыншылықтарға байланысты қыз бен ұл балаларды сатуға мәжбүр болды. Мамлюктер мен айюбидтер жетіспейтін әскер санын сатылатын түрік және моңғол балаларының есебінен толықтырып отырған. Әскердің негізгі күші атты әскерден тұрған. Моңғолдар мен түріктерден құралған әскер ондық жүйе бойынша бөлінген. Әр әскер тобын бек немесе ұлан басқарып отырған.

Экономикалық деңгейі жоғары Алтын Орда мемлекетінде саудагерлер, ұсталар мен өнер иелері үлкен абыройға ие болған. Сауда-саттық, егін мен мал шаруашылығы дамыған болатын. Қалың ормандарға ие болуына орай аңшылық пен құрылыс ағаштарын өндеу жұмыстары жандана түскен еді. Экспортқа жіберілетін тауарлардың маңызды бөлігін кұлдар, тері бұйымдары мен егін өнімдері құраған. Әдетте көшпелі моңғол халқы арасында қолөнер мен ауылшаруашылығы манызды орынға ие еді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *