Алғашқы мұсылман араб мемлекеті

Пұтқа табынған арабтардың үлкен бөлігі 613 жылдан бастап Ислам дінін қабылдай бастады. Адамзатқа жіберілген пайғамбарлардың ең соңғысы болып табылатын, Ислам дінінің пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) араб тегінен шыққан болатын. Ибрахим пайғамбардың ұрпағына жататын Мұхаммед (с.ғ.с.) аднанидтердің бір тармағы болып табылатын құрайыш тайпасының хашим руынан шыққан. Оның атасы Шайба (Абдульмутталиб) Меккедегі құрайыш тайпасының ру басшысы еді. Әкесі Абдуллах сауда-саттықпен айналысатын. Ол жас кезінде (570 жылы) қайтыс болды. Абдуллах қайтыс болған тұста пайғамбардың анасы Әмина Мұхаммедке жүкті болатын.

Ислам пайғамбары әрі мұсылман арабтардың алғашқы мемлекетін құрушы болып табылатын Мұхаммед (с.ғ.с.) 571 жылы раббиуль-аууәл (сәуір-апрель) айының он екінші (12) жұлдызында дүниеге келген.197 Балалық шағын атасы Абдульмуталибтің, ер жеткен кезеңін көкесі Абу Талибтің қасында өткізген. Ерте жасынан жетім атанып, қиыншылықтарды басынан өткізіп, ержеткен Мұхаммед (с.ғ.с.) 25 жасында Хадиша есімді әйелге үйленген. Олардың Қасым Үммү Күлсүм, Рахия, Зейнеп пен Фатима есімді сәбилері дүниеге келген. Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) 40 жасқа толғанда (610 жылы) Ұлы Алла Тағаланың тарапынан пайғамбар ретінде тағайындалды. Пайғамбарлығының 12 жылын Мекке қаласында өткізді. 622 жылы Мәдина (Йасриб) қаласына қоныс аударды. «Хиджра» деп аталатын бұл оқиға адамзат тарихында ерекше бір орынға ие болып табылады.

Хиджраның (көштің) жүзеге асқан 622 жыл Меккеден Мәдинаға қоныс аударған мұсылман арабтардың алғашқы Ислам мемлекетін құру жылы болып табылады. Өзінің туыстары болып табылатын меккеліктерден адам атына кір келтіретін зұлымдық пен жаманшылық көрген Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) Ислам дінін насихаттау мақсатымен жаңа бір жер қарастыруға мәжбүр болды. Сөйтіп Тайф қаласына жол шекті. Тайф қаласының тұрғындары тарапынан да зұлымдық көрді. Йасрибтен (Мәдинадан) Меккеге Пайғамбарды іздеп келген арабтармен Акабе маңында кездесіп, олармен келісімшарт жасасты. Аз бір мерзім ішінде мұсылмандықты қабылдаған йасрибтіктер өздерінің қаласы Йасрибке (Мәдинаға) Хз. Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) сый-сияпат көрсету ниетімен қонаққа шақырды. Осы шақыруға байланысты Ислам дінінің пайғамбары Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) мен меккелік мұсылмандар топ-топ болып, Алланың ризалығы үшін Ислам дінін тарату ниетімен Йасрибке көш ұйымдастарды.

Йасрибтіктер пайғамбарымыз бен оның серіктерін (сахабаларын) өздерінің қаласына шақыра отырып, аус пен хазрадж руларының арасындағы толассыз соғыстың және арабтар мен йахудилердің аарсындағы дұшпандықтың аяқталуын Хз. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шешіп, бейбітшілік орнататындығына шын жүректен үміттенген болатын. Бейбіт өмірдің орнайтындығына еш күмән келтірмеді.

Аус пен хазрадж тайпаларының Йасрибте қоныстанған кезеңдердің басында қала йахудилердің тарапынан басқарылған. Малик ибн Аджлан йахудилердің әскери күштерін жеңгеннен кейін аталмыш тайпалар өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Осы кезеңннен бастап Йасриб қаласында орталықтанған билік жүйесі болмай, әр тайпа өз бетінше өмір сүрген. Орталықтанған биліктің басына өз тайпаларының бір өкілі отырғанын қалайтын. 199 Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Йасриб қаласына көшкеннен кейін ұзақ уақыт бойы бір билеушінің билігін мойындамаған халықты өз қолының астына қарату мен бір мемлекеттік жүйенің негізінде билеуді жүзеге асырды. Ислам дініне шақыРимен қатар жаңадан құрған мемлекеті де жаңа бір жүйе екендігін дәлелдеп берді. Мемлекеттің саяси және әкімшілік жүйесі екінші Акабе келісімшартының негізінде қаланды. Бұл аталмыш жүйелердің негізгі принциптері арабтардың саяси және әкімшілк түйсіктері мен Ислам дінінің қағидаларынан құралған.

Ислам пайғамбары Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Акабеде йасрибтіктердің және толассыз қақтығыстар мен соғыстардың титығы шыққан аус пен хазрадж тайпаларының арасында бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтастықтың үкімет отын жаққан болатын. Мәдиналықтардың бекіткен келісімшарттар мен заңдарға негізделген қоғамда тайпалық және феодалдық қарым-қатынастар түрлі нәсілді болған қауымдардың бірлігіне негізделген болатын. Жаңадан құрылған Мәдина мемлекеті «конфедерация» мәртебесіндегі мемлекет еді. Жекелеген билеушілердің түсінігіне емес, мемлекеттік жүйеге негізделген болатын. Йахудилер, христиандар мен пұтқа табынушылардың саяси және әкімшілік одағының билеушісі, оның үстіне пайғамбар әрі діни көсем Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) болды.

Соғыс және бейбітшілік жағдайларында Мәдени мемлекетінің билеушісі тәрбие, білім, әлеумет, экономика салаларында, әділет және сот мәселелері мен тайпалар арасындағы келіспеушілктерді, сыртқы саясат мәселелерін шешумен айналысқан. Үкімет басшысы қызметін де атқарған Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мәселелерді шешуде түрлі тайпалардың өкілдерін қызметтерге тағайындады. Тайпа басшылары, әскербасшылар, аудан әкімдері, шенеуніктер, мұғалімдер, оқушылар, зекет жинайтын қызметкерлер, базар қызметкерлері, қажылық сапарларды реттеумен айналысатын қызметкерлер пайғамбарға қызмет атқарған. Мұсылмандықты қабылдаған тайпалардың басшыларын өзінің «өкілі» немесе «орынбасары» ретінде тағайындап отырды.

Алланың елшісі тарапынан тағайындалып отырған әкімдер, орынбасарлар, өкілдер, тайпа басшылары, әскербасшылар, зекет жинаушы қызметкерлер өз істеріне жауапкершілікті өз мойындарына алып отырған. Осылайша, мемлекеттік қызметкерлерді сайлауда жауапты қызметтерге тағайындауда олардың сана-сезімдері мен білім деңгейіне назар аударып, көпшіліктің ой-пікірінің ортақтығына сүйене отырып, тайпалардың құрылымын сақтап, бейбітшілікті қорғау жұмыстарын жүзеге асырды. Дегенмен де, шиеленіскен жағдайлар мен шешілуі қиынға соққан мәселелердің пайда болған тұстарда орталық үкімет араласуға хақы бар еді. Тайпаның істерін басқаруда жеткілікті дәрежеде жетістіктерге қол жеткізген басшылар мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығына ие болған. мемлекеттік қызмет барысында әділетсіздікке барып, өз істеріне немқұрайлылық танытқандар, жазаландырып, орындарынан алынып тасталып отырған. Сонымен қатар, қарсылық танытқан күшті бюрократтар да өз жазасын алмай қоймайтын.

Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өсектердің тарауы мен қате пікірлердің қалыптасуына жол бермеу мақсатымен хашим руының ішіндегі тағайындауларға аса ерекше мән берген еді. Зекет жинаушы қызметтеріне өз туыстарын емес, басқа ру өкілдерінен де тұлғаларды тағайындаған. Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) халық мәселелерін шешу ісшараларының тез арада және оңай түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететіндей принциптерді ұстанған. Оның «оңайлатыңыз, қиындатпаңыз, жақсы хабар айтыңыз, жек көргенбіз»200 деген әмірі осы мақсатпен айтылған.

Хз. Пайғамбардың (с.ғ.с.) оқыған мына бір дұғасы көңіл аударарлықтай дәрежеде: «Аллахым! Егер кімде-кім үмбетімнің біреуінен затын тартып алып, қиындық көрсет! Кімде-кім үмбетімнің қиындықтарына ортақ болып, көмектесетін болса, сен де ол адамға көмектес!»201 хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуді әлеуметтік күрес ретінде бағалаған. Мұндай міндетті мойнына жүктейтіндер әкімшілік және діни мәселелерді шешуге қабілетті, білімді, өнерлі, ақылды, ақкөңіл, дұрыс ниетті адамдардың қатарынан таңдалатын. Бір қызметке тағайындалмасам болмайды деген адамдар осындай тұлғалардың тарапынан билік басына өткізілмейтін.

Өйткені мен боламын деп қызмет орнына ұмтылған адам сол қызметке кіріскен күнде де қызметіндегі билікті жамандыққа қолданып, парақорлық пен таныстық қарым-қатынастардың етек алуына жол ашады.202 Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл мәселеге байланысты: «Бір мемлекеттік қызметкерді сайлау барысында оның қызметті өз мойнына алуына қыштамаңыздар! Өйткені, егер сіздің қалауыңыз бойынша сізге бір жұмыс жүктелсе, бүкіл жауапкершілік сіздің мойныңызға түседі. Ал егер оның қалауы бойынша сізге бір жұмыс жүктелсе, ол бұл жұмыстың атқарылуы барысында сізге көмек көрсетеді!» деген.

Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мемлекеттің әкімшілік жұмыстарына адам таңдаған тұста олардың қолдарынан іс келетіндігі мен қабілеттеріне аса мән беретін. Мысал келтіретін болсақ, Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мұсылмандықты ерте кезеңдерде қабылдаған асхабтардың бірі болып табылатын Абу Зер әл Джаффардың әкім болуын қаламаған. Өйткені хадис бойынша ол қызмет орнында жеткілікті құрметке ие болуын қамтамасыз ете алмайтындығынан сәтсіздіктерге душар болуының салдарынан әрі өзіне, әрі халыққа зиян келтіргендігін айтқан.

Бұл жағдай ҚұранКәрімдегі «аманаттарды лайықты адамдарға тапсырылуы» туралы принциптерге байланысты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әкімшілік жүйенің түрлі сатылары мен қызметтерін аманат деп біліп, «бір іс лайықсыз адамға тапсырылса, қияметті күт» деп айтып кеткен.

Сөйтіп Мәдина қаласының әкімшілік өмірінде орын алған Ислам мәдениеті Хз. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) алғашқы тәжірибелерінің, өмірі мен үгіт-насихаттарының нәтижесі болып тарихтан өз орнын алды. Хз. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тарапынан Мәдина қаласында қалыптасқан мемлекеттің саяси және әкімшілік құрылымының құқықтық жағы ретінде қарастырылатын «мәдиналықтардың келісімшартын» қортындыламастан бұрын Мәдинадағы жалпы құрылысқа көз тастамауды жөн көрдік. Мәдина қаласында араб тайпаларынан басқа түрлі еврей және христиан халықтары өмір сүрген. Еврейлер кайнукалықтар, надирліктер мен күрейзалықтар болып басты 3 топқа бөлінген. Йасриб қаласының тұрғындары тайпалық жүйеден бас тартпаған.

Араб тайпаларының арасында да, еврей тайпаларының арасында да бірлік болмаған. Олар өз басшыларынан басқа бір де бір адамды көсем ретінде қабылдамаған. Тайпалардың бірігуі мен бөлінуі саяси әкімшілікке бағыт берді. Еврейлер рулары мен араб рулары бірбірімен бірігіп, басқа тайпаларға қарсы одақ құрған болатын. Арабтардың хазрадж рулары кайнукалықтармен, аус руы күрейзалықтармен және надирліктермен одақ құрды. Құрылған бұл одақтар туралы 2 түрлі жорамал жасауға болады. Біріншісі мәдиналық еврейлер арабтарды бөліп, оларды әлсірету мен жою мақсатымен одақ құрған.

Исламға дейінгі кезеңдерде аус пен хазрадж рулары арасында болған қанды шайқастар бұл жорамалды дәлелдей түседі. Екіншісі, мәдиналық еврейлер де өз арасында бөлініп бірбірімен соғысқан. Араларында бөліну немесе жанжал орын алған күнде де, оның экономикалық үстемдік үшін бәсеке болғандығы айдан анық. Йасрибте тайпа басшыларының тағайындалуы туралы толық мағлұматымыз болмаса да, Арабстанның басқа жерлерінен өзгеше болмаған деген ойдамыз. Әр тайпаның жалпы жиналыстары болғанда тайпа басшыларының мәселелерді талқылау мен түрлі ойын-сауықтар өткізу үшін жеке орындары болған. Надирлік еврейлердің өмірінде орын алған фонд іспеттес арабтарда әр тайпаның соғыс, шапқыншылық, табиғи апаттар сияқты жағдайлар мен күтпеген тосын оқиғалар барысында пайдалану үшін бай адамдардың жинаған ақшаларынан тұратын ортақ кассасы болған. Араб тайпаларында әлеуметті қамсыздандыруға арналған жаңа жүйе болған. егер ру мүшелерінің бірі құн өтеуді қажет ететін бір қылмысы үшін жазаландырса, адам құнын тек сол қылмыскер ғана емес, қылмыскердің руы да өтеуі керек-тін. Басқа тайпаларда ортақ лидер болмайтын. Әділетті жүзеге асыру үшін қылмыскер қайтыс болған адамның руынан емес, басқа бір рудың өкілі болса, тек күш қолданылып отырған. Кейбір әлсіз руларға өтелетін құн күшті руларға өтелетін құнның тек жартысын құрайтын. Заңдарда тұтастық жоқ еді. Тағайындалған басшылардың үкімдері олардың жеке басы мен тайпа дәстүріне негізделген.

Хиджрадан кейін Мәдина мұсылмандарына еврейлердің қарсылық танытуларының негізгі себептерінің бірі Мәдинаның және оның маңындағы баюдың қайнар көздерінің үлкен бөлігінің мұсылмандардың қолына өтуінен қауіптенулер еді. Еврейлердің араб халқына үстемдігі мен қанаушылық саясатының аяқталуынан үрейленуі еді.

Бұдан хабары болған Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өзі мен мұсылмандардың келуінен риза болмаған еврейлермен жылы шырайлы қарым-қатынас жүргізді. Олармен жүргізген мұндай қарым-қатынас арқылы өзінің момын екендігін және келісімге баруға дайын екендігін танытты. Оларды араларында ортақ болған бір сөзге шақырды.208 Өзіне Алла тарапынан білдірілмеген мәселелерде оларға мойын ұсынып, намазын олардың құбыласы «Құддыстағы қасиетті мешітке» жүзін қаратып оқыған. Хиджрадан кейін олардың ораза тұтқанын көріп, оның себебін сұраған.

Алланың Мұса пайғамбар мен Израиль халқын перғауыннан құтқарған күніне байланысты ораза ұстайтындықтарын естігенде, 209пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандардың да бұл оразаны ұстаулары керектігін айтқан. 210Осы оқиғаға байланысты түскен бір аят бойынша өзіне ергендерге еврейлердің соңынан малдарын жеуге және иманы бар еврей әйелдермен үйленуге рұқсат берген.211 Кейде ол «Бану Израиль» әңгімелерін айтқан. Оларды түсіндіргенде ешкімнен жасырмаған. 212Еврейлермен жүргізген қарым-қатынастарына осылайша мән берген Алланың елшісі нәтижесінде еврейлер мен Мәдина қаласының басқа да тайпаларын келісімшарт жасуға көндірді. Хиджраның І жылы бекітіліп, Исламның ата заңы деп те аталған213 бұл келісім шарттың тексті бізге түрлі кітаптарда сақталып жеткен. Бұл заңның арқасында Мәдина «қала мемлекеттің» негізі қаланған еді. Сол себептен Хз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өзі мен мүміндердің арасында орын алған құқықтар мен міндеттерді жариялау қажеттігін түсінді.

Сонымен қатар, мүміндердің мұсылман емес арабтармен және еврейлермен болған қарым-қатынастарды реттестіретін, әлеуметтік өмірді ұйымдастыратын құралдар қажет еді. Бұл үшін сот, қаржы әскери, дін мен білім беру ұйымдарын құру бөлімі мұсылмандарға, ал басқа бір бөлімі мұсылмандықты қабылдамаған арабтарға және еврейлерге қатысты алғашқы атазаң орын алып, қала тұрғындарының Хз. Мұхаммедтің төрелігіне жүгінуіне жол ашты.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Мәдинада араб тайпаларынан басқа еврейлер де бар еді. Еврейлер негізгі үш тайпаға бөлінетін: кайнука ұлдары, надир ұлдары, күрейза ұлдары. Кайнука еврейлері арабтардың хазрадж тайпасымен, ал күрейза және надир еврейлері арабтардың аус тайпасымен одақ құрып, біріккен болатын.

Мәдина қаласы мен ол қаланың айналасындағы экономика мен сауда-саттықтағы үстемдікті қолдарына шоғырландырған еврей әулеттері пайда табу немесе аталмыш экономикалық аудандағы үстемдікті бөлісу мақсатымен бірден-бір себебі де: Мәдина қаласы мен оның айналасындағы үстемдікті мұсылмандардың қолына шоғырлана бастаған еді. Осы себепке байланысты еврейлердің арабтарға жасаған қанаушылық қарым-қатынастары аяқталған болатын. Кез келген мәселеде үстемдік танытқан мұсылмандардың Мәдина қаласындағы сауда-саттықты қолдарына шоғырландыруы, ең болмағанда еврей саудагерлерімен және қолөнершілерімен бәсекеге кіруі, еврейлердің экономикалық және сауда-саттық жүйесіне қарсы бір альтернатив ретінде орын алуы еврейлердің Мәдинадан Хайберге қоныс аударуларына үлкен әсерін тигізді.

Алайда 120 жылдық кезеңнен бастап тайпалар соғысының (мысалы, Буас соғысы) салдарынан әлсіреген және адамдардың тарапынан қадірін жоғалтқан христиандық пен иудаизм діндерінен бейбітшілікпен тыныш өмірдің негізін таба алмаған мәдиналықтар өздеріне бейбітшілік, тыныштық пен молшылық әкелетін бір дүниетанымдық жүйе іздестіруде еді. Араларындағы 100 жылдық соғысты тоқтату үмітімен құрайыш тайпасына барып, өздері тілеген жүйенің өкілімен кездесті. Акабе қаласында Хз. Пайғамбармен кездесіп, сөйлесті. Ол оларға іздегендерінен де қайырлы нәрсе беретіндігі туралы уәде берді. Мәдиналықтарда оның өз араларындағы (аус-хазрадж арасындағы) соғысты тоқтататындығына, Мәдина қаласына бейбітшілік пен тыныштық әкелетіндігіне сенім артты.

Алланың елшісін олар өздерімен бірге өмір сүруі ниетімен Мәдина қаласына шақырды. Шақыруды қабыл алған Хз. Пайғамбар 622 жылы Мәдина қаласына хиджрет (көш) жасап, әуелі мұсылмандарды қоғамдастырып, бір үкімет және мемлекет құруға тырысты. Ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету де оның алдыңғы қатардағы ісі еді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру барысында мұхаджилер (Меккеден көшкен мұсылмандар) мен аңсарлардың (мәдиналық мұсылмандар) арасында «жеке бауырластық», бүкіл мәдиналықтардың (мұсылмандар, мүшрик арабтар және еврейлер) арасында «азаматтық-жерлестік» келісімшартын бекітті. Мәдина мешітін құрғызды. Нәтижесінде мұсылмандарды «Ислам бауырластығы» күмбезінің астына біріктіруімен қатар мәдиналықтарды олар күткен бейбітшілікпен және бақытты өмірмен қамтамасыз етті.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *