Adobe Photoshop-тың дидактикалық мүмкіндіктері

Қазақ елінің егеменді, іргелі ел болып, ұлттық тұғырдан орын алып отырған сəтте, қазақ азаматының тəрбиесі, оның тұрмыс салтына, əдет ғұрпына, бүкіл тыныс тіршілігіне, жалпы жаңа заманға сай өмір сүруіне байланысты болып отыр. Себебі, бүгінде экономиканың қарқынмен дамуына байланысты білім беру жүйесінде оқытудың құрлымы, мақсаты мен мазмұны, технологиясы түбегейлі өзгерді. Білім, білік дағдыны механикалық түрде емес, танымдық қабілеті дамыған жəне өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлғаның интелектін байытуда оқыту технологияларының орны зор. Ал жаңа заманның толық қанды, яғни компьютерді толық менгерген тұлға болуы қажет. Қазіргі кезде компьютерлік технология қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Оның бір сапалы компьютерлік графикаға сұраныс күннен-күнге артуда.

Алғашқы кезде компьютерлік графикамен тек комьютерлік технологияны жетік меңгерген мамандар айналысса, қазіргі таңда осы бағытта барлық қолданушыларға арналған программалар пакеті бар. Бұл программалар өте қарапайым əрекетті орындаудан бастап қиын да күрделі дизайнерлік жұмыстарды атқарады. Соның бірі Adobe Photoshop-та жұмыс істеу болып табылады. Растрлық графикамен жұмыс істеуде Adobe фирмасының Photoshop программасы үлкен орын алады. Бұл программа қазіргі компьютерлік графикада стандарт болып отыр.

Adobe Photoshop – суреттерді, мəтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге жəне шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге жəне басып шығаруға, газет беттерін сəндеу, суреттерді шаблондарға қолдану, логотип жасау, визит карточкаларын жасау, шақыру, құттықтау билеттерін жасауға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара əрекеттесу əртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған [1].

Adobe Photoshop программасымен жұмыс істеу мүмкіндіктері: -сканерлеуге; -импорттау мен экспорттауға; -аймақ пен контурды ерекшелеуге; -сурет салуға, түзетуге; -түстер, қабаттар, каналдар мен маскалар; -фильтрлер бейненің өлшемімен рұқсат етілуінің таңдауға түстік түзетулерге; -бейнені түрлендіруге, түс бөлуге, бейнені баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Adobe Photoshop программасына тоқталар болсақ, мұнда кез келген кескіндік суретті өңдеу, түзету, фондық түс беру сияқты əртүрлі ортада даярланған объектілерді біріктіру, жинақтау, өңдеу жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы арқылы ескі фотосуретті жаңалау, яғни басқа түске бояу, көйлекке жаға салу, шашты үлкейту, беттегі əжімді алу, бетті тазалау, ағарту, т.с.с. Қазіргі қолданылатын программалар арқылы үйлену, сүндет той, қыз ұзату, мүшелтой сияқты шақыру билеттері өңделіп даярланады. Əсемдік салонында адамдардың бет бейнесін бөлек шығарып оған шашын əсемдеуде, ал криминалистикада іздеу салу жұмыстарында, портрет жасау жұмыстарында қолданылады [2]. Оның келесі ерекшеліктері бар: x графикалық бейнелерді жоғарғы дəрежеде өңдеу; x эксплуатациядағы қарапайымдылық пен жұмыс істеу мүмкіншілігі; x бейнелерді жасау жəне оны өңдеудегі адам ойының барлық қажеттілігін қамтамасыз етуі; x растрлық бейнелерді өңдеуді автоматтандырудағы кең мүмкіндіктері; x көптеген түстік профильдермен жұмыс істей алуы жəне оны қағаз бетіне шығару мүмкіндігі; x əртүрлі көркемдік эффектлерді жасауға арналған фильтрациялау командалардың көпшілігі болып келеді. Photoshop программасының негізгі артықшылығы: — графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа; — жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық; — көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі; — негізгі сценарийлерды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер; — əртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі; — түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм [4]. Кез келген қолданушы жұмыс істеп отырған программаның жетіспеушілігін білу міндетті. Бұл практика кезінде кездескен кезде уақытты үнемдеуге көмектеседі жəне қай кезде бұл программаны қолдануға болады, қай кезде қолдануға болмайтынына көмектеседі.

Photoshop программасының кемшілігі: — көп түсті сызық жəне орбиталық қисық салуда; — симметриялы орналасқан көп көріспен бір уақытта жұмыс істегенде; — диалогтық терезесінен шықпай, əртүрлі фильтрлердің ісін көруге; — қолданған түзету қалыңдығындағы (слой) көріністі түзету командасын ауыстырғанда; — Сorel Photo-Paint файлдық форматы бар құжатпен жұмыс кезінде; — қолданушының еркімен программаның интерфейс элементтерін түзегенде; — мозайкалы суретті құру кезіндегі көріністі көбейткенде [4].

Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз, сонымен де бұл бағдарлама қазіргі таңда сұранысы өте жоғары, экономикалық жағынан кіріс көзінің негізін құрайтын өте беделді бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктеріне сай сұраныста алатын орны ерекше, ол кезкелген салада, технологиялардың шарықтап тұрған саласында өте қажетті бағдарлама. Сонымен, Photoshop бағдарламасында жұмыс жасау өте қызықты, əртүрлі тəсілдерді қолдану арқылы көптеген нəтижелерді көруге болады. Бұл бағдарламамен жұмыс істеу барысында көзделген нəтижеге жету, инициативтілік, төзімділік, сəндеп, көркемдеу саласына деген қызығушылық, əртүрлі мүмкіндіктерді қолдану барысында фантазияның шексіздігін сезінуге болады.Бағдарлама өте қызықты, кез келген жұмыстың нəтижесі адамды қызықтырып, шығармашылық жұмыстармен айналысуға деген құштарлыққа жол ашады. Тек қана оның жасалу жолдарын білу арқылы көптеген нəтижелерге қол жеткізуге болады. Кез келген адам өзінің шығармашылықпен айналысқанды жақсы көреді деп ойлаймын.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *