Нəсіл (француз тілінен race, итальян тілінде razza — «туыс», «тек», «тайпа») — шығу тегі бір болуымен байланысты, яғни жалпы ата-тегінен, негізінен, сыртқы (дене бітімі) белгілерімен сипатталатын тарихи қалыптасқан адамдар тобы.

Нəсілдер, біріншіден, биологиялық категориялар бойынша барлық əлеуметтік ортақтықтан сапалы түрде этностық, тілдік, діни жəне т.с.с. белгілермен ерекшеленеді; екіншіден, нəсілдер түрдің жиынтығы емес, ол популяциялар жиынтығы, яғни адамдар аумақтық орта ішінде жиі некеге тұрады (топтық жəне тұлғалық белгілер өзгергіштіктері сəйкес келмесе де).

Мəдениет, өркениет дамуымен қатар, əртүрлі халықтар арасындағы биологиялық өзара əрекеттесудің дамуы нəсіл ареалының шекарасын біртіндеп тарылтып, нəтижесінде бүкіл адамзаттың нəсіл белгілері үйлескен жаңа орындар пайда болуда.

Нəсілдік ерекшеліктер əдетте бір-бірінен алыс орналасқан адамдар тобында жақсы байқалса, жақын орналасқан адамдарда аса байқалмайды. Нəсілдердің араласуы мыңдаған жылдар бойы созылады жəне де үздіксіз, сонымен қатар жылдамдатылған үрдісті қалыптастырады. Жер шарындағы халықтардың үштен бір бөлігін аралас жəне аралық нəсілдер топтарының үлесі құрайды. Қазіргі кезде адамдар тобын «ақ», «сары» жəне «қара» нəсілдерге бөлу туралы түсініктер кең таралған. Тері түсінің айырмашылықтары теріге түс беретін меланин затының мөлшеріне байланысты, яғни ол – физикалық жəне химиялық қасиеттеріне байланысты барлық нəсіл өкілдерінде бірдей. Бірақта тері түсі нəсілдерге бөлудің жалғыз белгісі емес, ал кейбір жағдайда ол нəсілдерді шектеудің де негізгі белгісі болып табылмайды.

Антропологтар осылай бөлу үшін шектеу жиынтығын қолданады, ең алдымен көбінесе сыртқы белгілеріне қарайды, бірақ мұнымен ғана шектелмейді. Негізгі нəсілдік белгілерге мыналар жатады: тері түсі, шаш жабындысының сипаты, бет бөлігінің құрылысы, дене бітімі пропорциясындағы айырмашылықтар, алақан мен табандағы ерекше сызықтар (əжімдер немесе терең сызықтар), саусақтағы шеңберлер жəне т.с.с. Əрі қарай ағзадағы кейбір физиологиялық ерекшеліктер ескеріледі, «көрінбейтін» белгілері бойынша: қан құрамы, ұлпадағы микроэлементтердің құрамы, ақуыз сығындылары, түс ажырату түрлері, тіс құрылысы жəне т.с.с.

Кез келген нəсілдік бөліну қандайда бір жағдайда шартты. Тіпті айтар болсақ, барлық адамдар бір-бірінен алыс болса да, тікелей алғанда қан жағынан туыстас болып келеді. Адам арасындағы дене бітімі бойынша айырмашылықтар – шындық, олар ескеруді, зерттеуді жəне жіктеуді қажет етеді. Бірақ мұның барлығы көп ретті дəлелденген шындықты жоя алмайды, яғни ең бастысы жəне айтарлықтай болып өмір үшін маңызды болып табылатындар – сезім мен ойлау, қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне қарай əртүрлі нəсілдегі адамдардың барлығы тең жəне бірдей. Ең көрнекті дəлелдердің бірі – аралас некеден туған ұрпақ өмірге қабілетті жəне өсімтал болып келеді. Француз Александр Дюманың («Үш ноян», «Граф Монте – Кристо» жəне т.б. романдардың авторы) əжесі негр нəсілінен болған, Ұлы орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкин – атақты жəне атақты емес орыс тегінен шығып қана қоймай, сонымен қатар «Ұлы Петр арабының» – қара түсті Ганнибалдың (Абрам Петрович, 1697–1781жж., эфиопиялық князьдың ұлы) ұрпағы.

Үлкен жəне кіші адам нəсілдері

Үлкен Еуропеоидтық нəсіл. Еуропеоидтер ашық немесе қоңырқай тері түсімен; əртүрлі түстегі толқынды немесе тік жұқа шаштармен, үшінші ретті шаш жабындыларының қатты дамуымен (ерлердегі сақал), көз түстерінің алуантүрлілігімен (қоңыр көзден ақшыл сұр жəне көк көзге дейін), биік жіңішке қыр мұрынмен, қалыңдығы жұқа немесе орташа болып келетін еріндерімен ерекшеленеді. Кез келген қытайлық үшін үлкен мұрын – еуропалықтың белгісі. «Үлкен мұрынды жын-пері» деп бұрынғы кездері Қытайда христиан дінін таратушы еуропалық миссионерлерді атаған. Еуропеоидтарды іріктеу əрекетіне терісі, көзі мен шаштарының ашық түс болуы негіз болса, яғни мұндай мутациялар анықтаушы белгілер ретінде Солтүстік жəне Орта Европада тіршілік етуі мен таралуы бойынша ең үлкен мүмкіншілікке ие болды, мұнда орта палеолит кезінде айтарлықтай деңгейде бұлттылық пен күн төмен салқын, əрі ылғалды климат басым болды.

Үлкен еуропеоидтық нəсілдер үш топқа бөлінеді (дақтың қарқындылығы бойынша): солтүстік – ашық тері, сары жəне ашық күлгін түсті шашты, сұр жəне көкшіл көзді ие адамдар үлесі басым; оңтүстік топқа – қоңырқай түсті тері, шаштары мен көздері қою түстес; аралық топқа орташа дақтану тəн. Дақтану ерекшеліктері жəне топтағы «бас көрсетуі» бойынша кіші нəсілдерді немесе екінші жəне үшінші ретті нəсілдерді бөліп көрсетеді. Бас көрсеткіші – қаңқадағы ми бөлігінің бітімі, бастың ең үлкен енінің оның ең үлкен ұзындығына қатысты пайыздық қатынасы. Егер бастың ені оның ұзындығына қарағанда 75%-дан төмен болса, онда адам долихокефалға – ұзын басқа (грек тілінен. dolіchos — «ұзын», kephale — «бас») жатады, егер бастың ені ұзындыққа қарағанда 80%-ды құраса, брахикефалға – қысқа басқа жатады. Аралық қатынастар мезодолихокефал жəне мезобрахикефалға жатады.

Тек бөлек мысалдарды қарастырайық. Ашық еуропеоидтардың солтүстік тобы нордиялық (долихокефал) жəне балтық (брахикефал) кіші нəсілдеріне бөлінеді. Дақтану бойынша аралық топ еуропеоидтарын (көп бөлігі брахикевалдар – қысқа басты) альпілік, ортаеуропалық, жəне шығыс еуропалық (орыстың көп бөлігі кіреді) топтарға бөледі. Құрамында үндіжерортатеңіздік нəсілдерден тұратын оңтүстік топ мысалы, жерортатеңіздік (долихокефальды) жəне арменоидтар (брахикефальды) кіші нəсілдерге бөлінеді.

Үлкен Моңғолоидтық нəсіл. Моңғолоидтардың сыртқы сипаты: сарғыш түстес тері; тік, қалың (қатты) қара шаштар; нашар дамыған үшінші ретті шаш жабындысы, қоңыр көзді; жалпақ бетті, жіңішке орташа кең, төмен орналасқан танаумен, эпикантустың – көзді жəне оның жас тесігін жауып тұратын жоғарғы қабақтың ерекше қатпарының болуы. Соңғысы, көзді қатты желден жəне құмды дауылдардан сақтау қажеттілігі нəтижесінде температураның тəуліктік жəне маусымдық тез ауытқуымен сипатталатын құрғақ континенттік климат үшін айтарлықтай тəн Орталық Азияның дала жəне жартылай шөлейттенуінің қалыптасуымен байланысты.

Үлкен моңғолоидтық нəсіл екі негізгі топтан тұрады: азиялық жəне американдық (үндістер, эскимостар, алеуттер). Американдық үндістерде жалпы моңғолоидтық бет пішіні тегістеу, эпикантус сирек кездеседі, мұрны əдетте қатты байқалады. Азия моңғолоиды екі негізгі топқа бөлінеді: континенттік жəне тынықмұхиттық (кəрістер, солтүстік кəрістер). Континенттік моңғолоидтар дақтанудың аздығымен ерекшеленеді, қаңқаның үлкен массивтілігімен жəне ұзын бет пішінімен сипатталады. Өз кезегінде, континенттік моңғолоидтар арктикалық нəсілге (эскимостар, чукчалар, коряктар), солтүстік азиялықтарға (эвенкілер, эвендер, юкагирлер), орталық азиялықтарға (моңғолдар, буряттар, якуттар), қиыршығыстықтарға (қытайлар, кəрістер) бөлінеді.

Үлкен Негроидтық нəсіл. Сыртқы ерекшеліктері: қарқынды дақтанған қою-қоңырқай тері, бұйра қатты қара шашты, қоңыр көзді, қатты прогнатизм (жақтың шығуы), кең танау, қалың ерінді. Қара тері ағзаны ультракүлгін сəулеленуден қорғаса, бұйра шаштар табиғи тығыз «бас киім» ретінде күюден қорғайды. Танау пішіні мен ерін құрылысы, тері бездері – буландыратын ылғалды аз үшін термореттеуші маңызға ие.

Негроидтық белгілер Африкалық Сахарасының оңтүстік бөлігіне қарай тұратын «негр» атауымен белгілі халықтарда жақсы байқалады. Үлкен Негроидтық нəсіл үш топтан тұрады: негрлер, негриллдер, бушмендер жəне готтентоттар. Тері түсі негізінде зоналылыққа, сонымен қатар Африканың əртүрлі облыстарында басқа да негроидтық белгілер температурадан жəне күн жұтылуына байланысты байқалады. Экваторлық белдеудегі негроидтарға қарағанда Африканың оңтүстік бөлігінде тұратын бушмендер мен готтентоттар жəне құрлықтың солтүстік бөлігінде тұратын тұрғындары айтарлықтай ашық дақтанумен сипатталады.

Сонымен қатар бой мен дене ұзындығының ерекшеліктері де айтарлықтай – дүниежүзіндегі ең ұзын бойдан – судандықтар, нилоттар, ең қысқа бойға дейін – Руанда, Бурунди, Конгодағы пигмейнегрилли нəсілі, бойының ұзындығы бір жарым метрге жуық. Антропологтардың есептеуінше, кішкентай бой – көпғасырлық тамақ жетіспеушілігіне байланысты бейімделу реакциясының əсерінен. Бойдың өспеуіне сонымен қатар, көмірсуға бай, ақуызға кедей тамақтарды (əсіресе жануарлар ақуызымен қоректенгенде) қолдануымен түсіндіріледі. Африканың оңтүстік-батыс шөлінде тұратын бушмендер мен готтентоттардың бойы аласа (150-160 см), жалпақ бет жəне эпикантус, оларды моңғолоидтарға жақындастырады. Бушмен əйелдерінде стеатопигия – бөксеге көп мөлшерде май жиналуының салдарынан бөксенің қатты шығуы байқалады.

Үлкен Австралоидтық нəсіл ұзақ уақытқа дейін үлкен нəсілдер тобына кірмей келді, олар негроидтармен бірігіп, үлкен негроидты-австралоидты немесе экваториалды нəсілді құрады. Австралоидтардың басым бөлігі қара түстес тері, кең танау, қалың ерінді, негрлерге ұқсас болып келеді. Бірақ Австралияның аборигендері дақтану бойынша африкандық негроидтарға жақын болғанымен, шашының құрылысы жəне үшінші шаш жабындысының дамуы бойынша еуропеоидтарға жақын.

Үлкен Австралоидтық нəсіл келесі тармақтардан тұрады: австралиялық аборигендер, папуастар жəне меланезиялықтар, веддоидтар, айналар, негритостар. Папуастар пен меланизиялықтарда айтарлықтай австралоидтық белгілер тəн, ал шаштары негроидтар сияқты бұйра. Папуастардың меланезиялықтардан ерекшелігі мұрнының пішінінде – олардың мұрны дөңес. Негритостар меланезиялықтар еске түсіреді, бірақ бойы аласа. Веддоидтар бойы аласа, сирек сақалды, ойық қасты, прогнатизм басым. Генетикалық тұрғы да басқа австралоидтармен байланысқан, бірақ айналардың жалпы бет пішіні бойынша өте қатты ерекшеленеді. Оларға үлкен нəсілдегі жеке ерекшеліктер тəн: еуропеоидтар – ашық түстес тері жəне күшті дамыған үшінші шаш жабындысы; австралоидтар – кең танау жəне дөңес бет; моңғолоидтар – жалпақ бет жəне эпикантустың болуы.

Дүниежүзі аймақтары бойынша халықтардың нəсілдік құрамы

Дүниежүзі халқының нəсілдік құрамы бойынша халықтың сандық параметрлері əдетте ғалым-мамандардың бағалауы бойынша беріледі, себебі нəсілдік есеп жүргізу көптеген елдерде жүргізілмейді. 7-кестедегі талдау көрсеткендей, ең алдымен аралас жəне ауыспалы типтер үлесі өте көп ( 1/3). Əлемде тұтас алғанда, халықтың жартысын еуропеоидтықтар құрайды.

Бұрынғы КСРО. Ол барлық үш тармақтан тұратын, ауыспалы немесе аралық формаларының үлесі айтарлықтай болатын халықтың абсолюттік бөлігі еуропеоидтық нəсілге жатады. Солтүстік тармаққа орыстардың солтүстік-батыс топтары (жəне Балтық маңы халықтары) жатса, оңтүстікке – Кавказ халқының көп бөлігі (жəне Орта Азия) кіреді.

Ауыспалы жəне аралық формалары: Қиыр Шығысқа дейінгі орыстар (сонымен қатар украиндер мен белорустар). Еуропаның оңтүстік-шығысы, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан жəне Орта Азия далалары – еуропеоидтар мен моңғолоидтар арасындағы ежелгі байланыс аймағы. Бұл аудандардың еуропеоидтары моңғолоидтық белгілері анық көрінетін аралас оралдық жəне оңтүстіксібірлік (қазақтар, қырғыздар), сонымен қатар, орта азиялық (түркімендер, жартылай өзбектер мен тəжіктер) топтарға кіреді. Моңғолоидтық нəсіл белгілері аз көрінетін тұрғындар Кола түбегінде, Поволжье жəне Оралдағы фин-тілдік саами, мордвалар, марийліктер, удмурттар жəне түркітілдес чуваштар, башқұрт жəне татарларды – халықтардың осы нəсілдік типун лапоноидты немесе суборалдық деп атау қабылданған (құрамында еуропеоидтық нəсілдер). Шығыс Сібір жəне Қиыр Шығыстың байырғы халықтары моңғолоидтардың континенттік тармақтарына – орталықазиялық, солтүстіказиялық жəне үлкен моңғолоидтық нəсілдің арктикалық кіші нəсіліне жатады.

Шетелдік Еуропа. Солтүстіктегі саами, сонымен қатар Африкадан, Оңтүстік Азиядан, Вест-Үндістаннан таяуда келген иммигранттарды қоспағанда Шетелдік Еуропаның халқы еуропеоидтық нəсілге толығымен жатады.

Нəсілдік ерекшеліктері бойынша айтарлықтай, мысалы, бойы биік, ашық түсті шашымен жəне ашық түстес көздерімен норвегтер (еуропеоидтардың солтүстік тобы) жəне аса биік емес, қара шашымен жəне қою көзімен итальяндар (оңтүстік топ) ерекшеленеді. Сонымен қоса, Еуропада нəсілдік белгілердің ауысуы өте баяу болғандықтан, кіші нəсілдер арасында нақты шекара жүргізу мүмкін емес.

Скандинавияда, Исландияда, Ұлыбританияда, Ирландияда, Нидерландыда жəне Германияның солтүстігінде еуропеоидтардың солтүстік тармағы – балтық нəсілі (солтүстік еуропеоидтар Еуропа халқының шамамен 17%-ын құрайды) таралғанын шартты түрде есептеу қабылданған. Пиреней түбегі, Францияның оңтүстік-шығысы, Италияның оңтүстік жəне орталық бөлігі, Грекияның оңтүстігін оңтүстік еуропеоидтардың өкілдері – жерорта теңіздік нəсілдер қоныстанған (оңтүстік еуропеоидтарды еуропалықтардың 32%ға жуығы құрайды).

Еуропа халқының қалған бөлігі (50%-ға жуығы) əртүрлі, нəсілдерді бөлуге қиын соғатын, «ауыспалы жəне аралас еуропеоидтар формаларын толық түсінігін бермейтін біріктірілген топты құрайды. Саами – еуропеоидтық элементімен қатар, оралдың ортақтық элементтерімен бірге түзетін лапоноидтық нəсіл. Еуропа оңтүстік бөлігінің кейбір бөліктерінде негроидтық қоспалар байқалады.

Шетелдік Азия. Азия антропологиялық қатынаста ең қиын болып табылады, яғни мұнда, адамның барлық төрт ірі нəсілдерінің əртүрлі топтары таралған. Еуропеоидтар (1/3 бөлігі) оңтүстік тармақтың əртүрлі нəсілдері – Оңтүстік-батыс Азия жəне Солтүстік Үндістанда таралған жерортатеңіздік, алдыңғыазиялық, үндіауғандық, памирферғаналық болып табылады. Азиялық моңғолоидтар (əлі 1/3 бөлігі) жоғарыда ескерткендей, континенттік (моңғолдар, тұңғыс халықтары) жəне тынықмұхиттық (кəрістер, солтүстік қытайлықтар) болып екіге бөлінеді. Моңғолоидтар мен австралоидтардың аралас формалары: оңтүстік моңғолоидтар, оңтүстік қытайлықтар, индонезиялықтар, филиппиндіктер, Үндіқытай халықтары, құрамында айна элементтері байқалатын жапондық тип.

Австралоидтар веддоидты нəсілдер (Шри-Ланка), папуасмеланезиялық (Индонезия), негритос (Филиппин, Малайзия жəне Таиланд) жəне т.с.с типтерімен көрініс береді. Еуропеоидтардың оңтүстік тармағы мен австралоид нəсіліне жататын веддоидтар арасындағы ежелгі байланыс зонасында оңтүстікүндістандық типі – Үндістанның оңтүстік халықтары қалыптасты. Негроидтық сипаттар Аравия түбегінде орналасқан халықтың бөлігінде, əсіресе жағалау маңы ауданында байқалады.

Африка. Халықтың жартысынан астамын Үлкен Негроидтық нəсілдер құрайды, оның өкілдері Сахараның оңтүстік аудандарында басым. Əртүрлі облыстағы негрлер, жоғарыда атап өткендей, тері түсі, бет пішіні, дене бітімі бойынша қатты ерекшеленеді. Оңтүстік Еуропеоидтар (жерортатеңіздік нəсілдер) Африканың солтүстігінен Сахараға дейін толықтай арабтар мен берберлер қоныстанған. Еуропеоидтар мен негроидтар шекарасында аралас типтер пайда болған. Мысалы, Африкандық мүйіздегі эфиоптар.

Африканың оңтүстігінде 5 млн-ға жуық батыс Еуропадан шыққан еуропеоидтар (басымы Нидерландыдан) жəне олардың ұрпақтары құрайды. Бурлардың (еуропеоидтар) готтентот əйелдерімен жəне басқа да африкандық əйелдермен некеден тыс байланыстары «түсті» деп аталатын ұғымның пайда болуына əкелді.

Америка. Америка халқының нəсілдік құрамы əртүрлі болуы, адамзаттың үш үлкен нəсілдері өкілдерінің қатысуымен түсіндіріледі. Аборигендік моңғолоидтық халықтар – үндістер, эскимостар жəне алеуттер тек бөлек аудандарда сақталған: Мексика қыратында, Андыда, Оңтүстік Американың түпкі облыстарында жəне арктикалық аудандарда. Көптеген нəсілдерден еуропеоидтық нəсілдердің үлесі басым (АҚШ жəне Канада халқының 9/10 бөлігіне жуығы жəне Латын Америкасының 1/4 бөлігіне жуығы). Солтүстік Америкаға Ұлыбританиядан, Скандинавиядан, Германиядан келген еуропеоидтардың солтүстік жəне ауыспалы тармағының негізгі өкілдері қоныстанған. Антропологиялық типтер арасындағы араласу үрдісінің шекаралас Еуропаға қарағанда мұнда айтарлықтай жойылған десе де болады, нəтижесінде ауыспалы формалар басым.

Латын Америкасында еуропеоидтықтар, негізінен, оңтүстік топ болып табылады, яғни Еуропадан келген қоныстанушылардың арасынан испандықтар, португалдар, итальяндықтар. Америкада нəсілдік топтың саны бойынша екіншісі болып (21%) — аралас некеден жəне некеден тыс еуропалықтар мен үндістер байланысынан туылған ұрпақтар метистер. Латын Америкасында олар Мексикада, Венесуэлада, Чилиде, Парагвайда негізгі халық санын құрайды. Одан да аз мулаттар (12%) — еуропалық жəне африкандық халықтың араласу нəтижесі. Оған АҚШ афроамерикандықтардың көп бөлігі, Бразилия, Куба халықтарының айтарлықтай тобы, Вест-Үндістан халықтары жатады. Метистер мен мулаттарды мұндай жағдайда бөлу қиын. Үндіс-негр тектерінен (самбо) жəне үндіс-негр-европалық тектерінен шыққан топтар бар. Араласқан нəсілден туылған халықтар саны үздіксіз көбеюде.

Америкадағы негроидтық нəсіл Африкадан негр құлдар ретінде əкелген еш араласпаған (немесе аз ғана араласқан) ұрпақтар. Айтарлықтай ірі негроидтық топтар АҚШ-та, Бразилияда, Гаитиде, Ямайкада жəне Вест-Үндістанның басқа кейбір елдерінде тұрады.

Австралия жəне Мұхиттық аралдар. Еуропалықтар келгенге дейін халықтың негізгі бөлігі үлкен австралоидтық нəсіл екі кіші нəсілдерінен тұрды – австралиялық жəне папуасмеланезиялық. Полинезия жəне Микронезия халқы нəсілдік қатынаста моңғолоид пен австралоидтар арасында аралық орынды алды.

Қазір, аймаққа еуропалық жəне аз көлемде азиялық бұқараның келуі нəтижесінде нəсілдік құрам үлкен өзгертулерді басынан өткізді. Австралия жəне Жаңа Зеландияда еуропеоидтар нəсіл өкілдері басым болды. Мұхиттық аралдар елдері қатарындағы келімсектермен бірге метис топтарының құрылуына əкелді (Фиджи, Жаңа Каледония, Полинезия, Микронезия). Меланезия мен Жаңа Гвинея аралдарының көбінде метистер аз болып келеді.

Авторлық сілтеме:
Нүсіпова Г. Н. Халықтар географиясы: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы 5 В060900 – «География», 5 В011600 – «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ұсынылады. – Алматы: «Экономика», 2011. – 214 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *